Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері:
– Қ.Б. Жарықбаевтың қазақ студенттерінің тұлғалық дамуында маңызды саналатын ұлттық тәлім-тәрбие тұжырымдамасы, Ж.И. Намазбаеваның тұлға мәселесінің теориялық және практикалық дамуындағы кешенді теориясы; Х.Т. Шерьязданованың қарым-қатынастағы болашақ мамандардың кәсіби-тұлғалық дамуы қағидасы, О.С. Сангилбаевтың тұлғаның өмірлік бағдарын анықтаудағы зейіннің рөлін негіздейтін тұжырымы; А.Р. Ерментаеваның субъектіге бағытталған психологиялық дайындық студенттердің психологиялық дайындығы мен субъективтілігін қалыптастырудың әдіснамалық негіздері жөніндегі тұжырымдамасы; И.К. Аманованың тұлғаның өзін-өзі таныту жөніндегі көзқарастары;
тұлғалық өзіндік тиімділік тұжырымдамалары (А.Бандура, Дж.Капрара, М. Ерусалем, Дж. Маддукс, М. Шеер, Р. Шварцер, Д. Майер, Р. Фрейджер және Дж. Фэйдимен, Р.Л. Кричевский, М.И. Гайдар, Д.А. Леонтьев, Е.А. Шепелева, Т.В. Белых, Т.И. Васильева, С.Н. Гончар және т.б.);
тұлға субъективтілігі дамуының әдіснамалық қағидалары (Б.Г. Ананьев,
К.А. Абульханова, А.В. Брушлинский, Л.И. Анцыферова, С.Л. Рубинштейн А.Г. Асмолов, Л.С. Выготский, Д.И. Фельдштейн және т.б);
субъектінің кәсіби қалыптасуы және оның кәсіби маңызды қасиетінің дамуы (В.А. Бодров, Э.Ф. Зеер, Е.А. Климов, В.Д. Шадриков және т.б.).
Қорғауға ұсынылатын зерттеудің негізгі қағидалары:
Интегративті және көпөлшемді психологиялық құбылыс ретіндегі өзіндік тиімділік студенттерде кәсіби қызмет жағдайларында өзінің психологиялық қасиеттерінің күрделі кешенін кәсіби құрал ретінде білікті қолдана алуына және оның алдында тұрған міндеттерді сәтті орындай алатындығына деген сенімділігі бар екендігі туралы идеялардың жиынтығы ретінде көрініс табады.
Студенттердің өзіндік тиімділігі академиялық үлгеріммен, іс-әрекетті өзіндік ұйымдастырумен, психологиялық әл-ауқатпен байланысты. Тұлғалық өзіндік тиімділік психикалық процестерді – мотивациялық, реттеушілік және аффективтілік жалпылаудың, күш пен белсендірудің психологиялық механизмдері арқылы жүзеге асырылады. Жалпылау өлшемінде студенттердің іс-әрекетте өзін-өзі ұйымдастырудың ерекшеліктері және студенттердің жүйелік сапасы ретіндегі тұлғаның өзіндік тиімділігінің дамуы мотивациялық, реттеушілік және аффективтік психикалық процестермен байланыстылығы зерттелді.
Жетістікке жету мотивациясы, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі дамыту және танымдық мотивация – бұл студенттерде тұлғалық өзіндік тиімділіктің жоғары деңгейін қалыптастыруға себеп болатын мотивациялық процестер.
Тұлғалық өзіндік тиімділіктің жоғары деңгейі өзін қадағалау, жоспар қоя білушілік, мақсаттылық, табандылық, осы шаққа бағдарлану сияқты өзін-өзі реттеушілік процестерінің компоненттерін дамытумен байланысты.
Өзін-өзі қабылдау, оң қатынастар, психологиялық әл-ауқат–бұл студенттерде тұлғалық өзіндік тиімділіктің жоғары деңгейінің қалыптасуын анықтайтын аффективтік процестер.
Достарыңызбен бөлісу: |