Кудушева нургайша ахметжановна



бет8/49
Дата06.10.2024
өлшемі1.32 Mb.
#504360
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49
kudusheva-n-a-phd-s-sp-dorabotka

Зерттеудің мақсаты – өзіндік тиімділік феноменін және оның студенттік кезеңдегі тұлғаның жүйелік сапасы ретіндегі даму ерекшеліктерін, оны оқу мен еңбек нарығындағы және өмірдегі жетістік үшін ресурс ретінде зерттеу.
Зерттеу нысаны – қазіргі кезеңдегі студенттердің тұлғалық өзіндік тиімділік процесі.
Зерттеу пәні – студенттердің тұлғалық өзіндік тиімділігі дамуының психологиялық ерекшеліктері.
Зерттеудің негізгі болжамы: студенттердің жүйелік сапасы ретіндегі тұлғаның өзіндік тиімділігінің дамуы мотивациялық, реттеушілік және аффективтік психикалық процестермен байланысты:
Зерттеудің жеке болжамдары:

  1. Жетістікке жету мотивациясы, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі дамыту және танымдық мотивация – бұл студенттерде тұлғалық өзіндік тиімділіктің жоғары деңгейін қалыптастыруға себеп болатын мотивациялық процестер.

  2. Тұлғаның өзіндік тиімділігінің жоғары деңгейі өзін-өзі реттеу процестерінің өзін құрметтеу, жоспар қоя білушілік, мақсаткерлік, табандылық, осы шаққа бағдарланушылық сияқты компоненттерінің дамуымен байланысты.

  3. Өзін қабылдау, оң қатынастар, психологиялық әл-ауқат студенттердің бойында тұлғалық өзіндік тиімділігінің жоғары деңгейін қалыптастыруды анықтайтын аффективтік процестер.

  4. Өзіндік тиімділігі жоғары студент жастар мотивациялық, реттеушілік және аффективтік процестердің дамуының жоғары деңгейімен сипатталады.

  5. Студенттердің білім беру ортасының жағдайлары өзіндік тиімділікті дамытуға әсер етеді.

Зерттеудің мақсатына байланысты қойылған болжамдарды тексеру бірқатар теориялық және эмпирикалық зерттеу міндеттерін шешуді талап етеді:

  1. Теориялық талдау негізінде ғылыми әдебиеттердегі «өзіндік тиімділік» феноменінің психологиялық мазмұнын ашу және өзіндік анықтама беру.

  2. Тұлғаның интегративті өзін-өзі реттеу жүйесіндегі тұлғалық өзіндік тиімділік ерекшеліктерін және оның дамуын анықтайтын негізгі психикалық процестерді анықтау.

  3. ЖОО, оқу курсы және мамандық сияқты білім беру ортасының әртүрлі жағдайларында тұлғаның өзіндік тиімділігінің көріну ерекшеліктерін зерттеу.

  4. Тұлғалық өзіндік тиімділігін мотивациялық, реттеушілік және аффективтік психикалық процестермен байланысын зерттеу және талдау.

  5. Эмпирикалық зерттеу көрсеткіштерін сандық-сапалық талдау және зерттеу нәтижелерін қорытындылау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет