69
Бірінші бӛлім бойынша тұжырым
Бұл бӛлімнің «Болашақ физика пәні
мұғалімдерінің тәжірибелік
дайындағын элективті пәндер арқылы жетілдіруді теориялық талдау»
тармақшасында болашақ физика пәні мұғалімдерінің тәжірибелік дайындағын
элективті пәндер арқылы жетілдіру теориялық талданып, болашақ физика пәні
мұғалімдерінің тәжірибелік және зерттеушілік дайындығын жетілдірудегі
«Мектеп экспериментінің техникасы» курсының
маңызы және бұл курстың
қазіргі кездегі жағдайы мен мәселелері зерттеу арқылы талдау жасалынды;
«Мектеп экспериментінің техникасы» курсының құрылымы,
мазмұндық
ерекшеліктері және мектептегі физиканы оқыту мазмұнымен байланысы»
тармақшасында
«Мектеп экспериментінің техникасы» курсы негізінде болашақ
физика мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығын жетілдіру мәселелері
қарастырылып, мектепте физика пәнін оқытуда
педагогика ғылымындағы
дидактикалық принциптерді жүзеге асыру үшін физикалық тәжірибенің
маңызы айқындалды.
Мектептегі физика пәнінің жаңартылған үлгідегі оқыту бағдарламаларына
талдау
жасалынып,
«Мектеп экспериментінің техникасы» курсының
құрылымы, мазмұны, мектептегі физиканы оқыту үдерісімен
байланысын
арттыру мәселелері қарастырылды. Осы мәселелерді басты назарға ала отырып
«Мектеп экспериментінің техникасы» курсын оқыту жоспары жасалынды.
«Болашақ физика пәні мұғалімдерін «Мектеп экспериментінің техникасы»
курсы негізінде тәжірибелік дайындығын жетілдіру моделі» тармақшасында
болашақ физика пәні мұғалімдерінің тәжірибелік
дайындығын жетілдіру
әдістемесінде заманауи технологиялар мен техникалық құралдарды оның
ішінде 3D
модельдеу, 3D принтинг, Blender 3D
бағдарламаларын қолданудың
маңызы айқындалды.
Болашақ физика пәні мұғалімдерін «Мектеп экспериментінің техникасы»
курсы негізінде тәжірибелік дайындығын жетілдіру моделі ұсынылды.
Қарастырылған ғылыми әдістемелік зерттеуіміздің негізінде болашақ
физика мұғалімдерінің тәжірибелік дайындығын жетілдірудің әдicтeмeciн және
тәжірибелік эксперимент жұмыс нәтижелерін ұсынамыз.
Достарыңызбен бөлісу: