Курчатов қаласының 2015 жылдың 9 айына бюджеттің орындалуы туралы ақпараты Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы



Дата17.07.2016
өлшемі95.76 Kb.


Курчатов қаласының 2015 жылдың 9 айына

бюджеттің орындалуы туралы ақпараты


Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы

2015 жылдың 9 айына қала бюджетіне меншікті кірістер 614201,6 мың теңге кірістер түсті немесе 104,2 %, өткен жылдың кезеңдерімен салыстырғанда 34511,8 мың теңгеге артық. Республикалық және облыстық бюджеттерден түскен нысаналы трансферттер мен субвенциялар 523709,9 мың теңгені құрады.

Толық қала бюджеті бойынша бекітілген жоспарлардың орындалуы барлық 20 кіріс көздері бойынша қол жеткізілді.

Толығымен 2015 жылдың 9 айына тағайындалған жоспардан тыс 24503,8 мың теңге келіп түсті.



Бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы.

2015 жылдың 9 айына қала бюджетінің орындалуы республикалық және облыстық бюджеттерден түскен нысаналы трансферттер, субвенциялар, есебімен 1120587,9 мың теңге немесе 96,1 % құрады.



Жалпы түрдегі мемлекеттік қызметке 275754,9 мың теңге шығысталды жоспар бойынша 307199,9 мың теңге немесе 89,8 %. Соның ішінде

сатып алынды: мәслихат аппараты үшін принтер, телефон аппараты, әкім аппараты үшін моноблок, ноутбук, жүйелі блок, принтер, монитор, 2 прцессор және 2 қоректендіру блогі тұрмыстық -коммуналдық шаруашылық бөліміне.

- қала тұрғындарына және әлеуметтік тағайындалған нысандарды жылумен қамтамасыз ету бойынша іс шаралар жүргізуге қауырт шығындарға жергілікті атқарушы органдардың қоры есебінен қала бюджетінен 14000,0 мың теңге бөлінді;

- 1990 жылдың 26 шілдесіндегі Семей облыстық сотының тұрақты сессиясы азаматтық істері бойынша сот алқасының шешімінің негізінде жергілікті атқарушы органдар есебінен қала бюджетінен И.Н. Даньконың есебіне 79,0 мың теңге бөлінді игерілгені 62,4мың теңге немесе 79,0%;

- 353,5 мың теңге сомада салық салу мақсатында мүлікті бағалау жүргізу бойынша қызметтер төленді. Жылжымайтын мүлік орталығымен келісімшарт жасалды, төлем атқарылған жұмыс актісі бойынша жүргізілді;

- коммуналдық меншікке мүлк сатып алуға 11000,0 мың теңге бөлінді, қаражат толық көлемде игерілді. Әкім аппаратының қызметтік пайдалануы үшін Құнанбай көшесі, 11/2 бойынша тұрғын пәтер сатып алынды.



Қорғанысқа «Жалпы әскери міндеттемелерді орындау аясындағы іс шаралар» бағдарламасы бойынша 2901,0 мың теңге шығысталды жоспар бойынша 2917,0 мың теңге немесе 99,5 %. 91 адамға мед. комиссия жүргізілді, соның ішінде: шақырылғандар -20 адам, жаңадан қосылғандар - 65 адам, Әскери жоғарғы оқу орынына үміткерлер -3 адам, әскери техникалық мектеп -3 адам.

Қоғамдық тәртіпке, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық - атқару қызметтеріне – 521,0 мың теңге бөлінді, 100% игерлді, 30 дана жол белгілерін ауыстыру және жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Білімге 372992,5,0 мың теңге шығысталды жоспар бойынша 374764,3 мың теңге немесе 99,5 %. оның ішінде мектеп-гимназиядағы шағын орталыққа және № 3 орта мектепке. Мектеп-гимназияға БӘД кабинеті сатып алынды, 2283,9 мың теңге сомаға 24 компьютер сатып алынды.

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз етуге 85907,7 мың теңге шығысталды жоспар бойынша 86328,3 мың теңге немесе 99,5 %.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жоспарланған қаражат 17318,1 мың теңге сомада, 17316,0 мың теңге сомада игерілді немесе 100,0 %.

Әлеуметтік жұмыс орынына және жастар тәжірибесіне республикалық бюджет трансферттері есебінен 2720,0 мың теңге бөлінді, 2717,9 мың теңгеде игерілді немесе 99,9%. Жастар тәжірибесі бойынша 10 адам, әлеуметтік жұмыс орындарында 10 адам жұмыс істейді.

Қоғамдық жұмыстарға 10926,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, қоғамдық жұмыстарға қала бюджетінің есебінен 95 адам қатысты. Келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін 45 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Жұмыссыздарды қайта даярлау және кәсіптік даярлауға 1412,1 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, көгалдандыру мамандығы бойынша 5 адам білім алды, іс жүргізуші, А және КИП реттеуші мамандығы бойынша 12 адам оқуды жалғастыруда.

Тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларға 2260,0 мың теңге бөлінді. Толық көлемде игерілді.Әлеуметтік жқмыс орынына 20 адам жұмысқа орналасты, жастар тәжірибесі бойынша 10 адам жұмыс істейді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге 157,5 мың теңге бөлінген, 157,1 мың теңге сомада игерілді немесе 99,8 %, төлем тұрғындардың өтініш беру фактілері бойынша жүргізілді, осы көмек 33 алушыға тағайындалды және төленді.

Тұрғын үй көмегін көрсетуге 830,0 мың теңге бөлінді, 826,1 мың теңге сомада игерілді, немесе 99,5 %, осы көмек 41 отбасына тағайындалды және төленді, 15 отбасына телефонға көтерілген абоненттік төлемдерге өтемақы тағайындалды және төленді.

Жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер 25405,0 мың теңге түсті, толық көлемде игерілді, ҰОС мүгедектері мен қатысушыларға және оған тең келетін тұлғаларға коммуналдық қызмет төлемінің шығындарына өтем ақы 401 адамға материалдық көмек көрсетілді. Тұрмысы төмен отбасылардан 6 балаға жоғары оқу орнында оқу үшін көмек көрсетілді, 44 көп балалы аналарға, «Алтын алқа» белгісімен марапатталған, «Күміс алқа» немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және «Материнская слава» 1,2 дәрежелі орденімен марапатталған және 4 және одан да көп балалы кәмелетке толмаған балалармен тұратын 54 көп балалы аналарға материалдық көмек көрсетілді. Қала бюджеті қаражаты есебінен 1935,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, тұрмысы төмен азаматтар санынан көмек сұраған 47 адамға материалдық көмек көрсетілді. Төлем іс жүзінде аударым және өтініш бойынша жүргізілді.

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы 709,2 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, 145 балаға жәрдемақы төленді, алушыларға төлем іс жүзінде өтініш бойынша жүргізілді.

Жұмыспен қамту орталығының қызметін қамтамасыз етуге 9357,0 мың теңге республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бөлінді, 9356,9 мың теңге игерілді немесе 100 %, төлем тағайындалған шоттар мен есептеу фактілері бойынша жүргізілді.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған іс шараларды өткізуге 8449,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді немесе 100 %. (ҰОС қатысушылар мен мүгедектеріне, ҰОС мүгедектерінің қайтыс болған (күйеулеріне) әйелдеріне және оған тең келетін мүгедектерге және басқаларға) біржолғы материалдық көмек 104 адамға көрсетілді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 1С:Кәсіпорын бойынша 1 жұмыс орынына қосымша лицензия, кресло, орындықтар, кондиционер, процессор мен аудиоколонка сатып алынды.

Өрлеу жобасы бойынша Республикалық бюджеттен 1958,0 мың теңге нысаналы трансферттер бөлінді, 1593,9 мың теңге игерілді немесе 81,4 % қала бюджетінің қаражаты есебінен 509,7 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, әлеуметтік жұмыста кеңес беру қызметтеріне, 11 отбасына шарттасқан ақшадай көмек ұсынылды. Толық игерілмеуі жобалау ассисенттерінің 2 бірлігінің қысқаруымен байланысты.

Мүгедектер өмірінің сапасын жақсарту және құқығын қамтамасыз ету бойынша іс шаралар жоспарын жүзеге асыруға 680,0 мың теңге бөлінді, 670,2 мың теңге сомада игерілді немесе 98,6 %. Игерілмеуі мемлекеттік сатып алу бойынша үнемге байланысты.

Тұрмыстық коммуналдық шаруашылыққа 172787,2 мың теңге бөлінді, 171274,3 мың теңге сомада игерілді немесе немесе 99,1 % оның ішінде:

-мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды ұйымдастыруға (қызметтік пәтерлерді ағымдағы жөндеуге) 950,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді немесе 100;

-кондоминимум нысандарына техникалық төлқұжат дайындауға 300,0 мың теңге бөлінді, қаражат толық көлемде игерілді;

Республикалық бюджеттен 2020 жұмыспен қамту Жол картасы бойынша ауылдық елді мекендерге және қалаларды дамыту аясында нысандарды жөндеуге 31721,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, қала бюджетінен 3598,1 мың теңге бөлінді, 3524,5 мың теңге сомада игерілді немесе 98,0 %, «Курчатов қаласының № 3 орта мектебі» КММ терезелерін ауыстыру және ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілуде;

-сумен қамтамасыз ету және су жүргізу жүйелеріне қызмет көрсетуге 18250,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді;

-сумен қамтамасыз ету және су жүргізу жүйелерін дамытуға (магистралды коллектормен кәріз жүйелерін және сумен қамтамасыз ету жүйелерін қайта жаңғырту бойынша ЖСҚ әзірлеуге жерге орналастыру жобаларын ресімдеуге) қала бюджетінен 395,4 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді немесе 100 %, облыстық бюджеттен трансферттер 30525,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді немесе 100 %, Курчатов қаласында магистралды коллектормен кәріз жүйелерін және сумен қамтамасыз ету жүйелерін қайта жаңғырту бойынша ЖСҚ әзірлеумагистралды коллектормен кәріз жүйелерін және сумен қамтамасыз ету жүйелерін қайта жаңғырту бойынша ЖСҚ әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде;

- көшелерді жарықтандыруға 9050,0 мың теңге бөлінді, 8738,7 мың теңге сомада игерілді немесе 96,6 %, электрэнергияны тұтынғаны үшін, көшені жарықтандыру жүйелеріне қызмет көрсету бойынша жұмыстарға төленді;

- қаланың тазалығын қамтамасыз етуге 11107,0 мың теңге қаражат бөлінді, қаражат толық көлемде 100 % игерілді, механикалық жинауға келмейтін аумақтарды қолмен жинау жүргізілді, қоқыстар мен қарлар жинап шығарылды төлем атқарылған жұмыс актілері бойынша ;

-панасыздарды жерлеуге және жерлейтін орынды ұстауға 795,0 мың теңге бөлінді, 745,0 мың теңге игерілді немесе 93,7%;

- көгалдандыруға және абаттандыруға 66095,7 мың теңге қаражат бөлінді, 65018,4 мың теңге игерілді немесе 98,4%, соның ішінде газондар, гүлдер отырғызу жүргізілді, жасыл желек екпе ағаштарын суару жұмыстары жүргізілді, Абай көшесі бойынша жолдың іргесіне металл қоршаулар орнатылды, (Тәуелсіздік көшесі, 33-35, Алексеенко көшесі, 3, Абай көшесі, 22, ст. Дегелең) үш көпқызметті корттар орнатылды, (Олимпийская көшесі, 9-39, Абай көшесі, 22) балалардың үш ойын алаңы орнатыды;



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке 85103,3,0 мың теңге бөлінді, игерілгені 84524,0 мың теңге немесе 99,3 %.

  • бос уақытты мәдениетті өткізуді қолдау жұмыстарына

37376,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді, соның ішінде қалалық мерекелік іс шараларға қатысушыларға силықтар сатып алынды; интернационалист әскер күні, халықтық мейрам «Масленица», 8 наурыз, Наурыз – Мейрамы, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін шараларға;

-спорттық сайыстарды өткізуге 224,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді немесе 100%, шаңғы тебуден, шағын футбол, волейбол, армрестлингтен, 8 наурызға орайластыру, Наурыз-Мейрамы, Хандықтың 550 жылдығына, сайыстар өткізілді, облыс әкімінің ұлттық ойындарға іріктеу турнирі өткізілді;



  • басқа аумақтардағы спорттық жарыстарға қатысуға

(жолы, жатын орын, тамақтану) 6904,5 мың теңге бөлінді және шығысталды, 100% игерілді. Қала командасы жарыстың 18 түріне қатысты, соның ішінде: қазақша күрес бойынша турнирге, волейболға, шағын футболға, президенттік көп сатылы жарыстарға, «Жұлдызша» хоккей турниріне, сайыстар Өскемен, Риддер, Аягөз, Зайсан қалаларында өтті.

-қалалық кітапхананың қызметтеріне 8424,0 мың теңге бөлінді, 8413,0 мың теңге сомада игерілді немесе 99,9 %, қалалық кітапханағимаратының төбесін ағымдағы жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу бойынша үнемге байланысты;;



  • мемлекеттік және басқа да Қазақстан халықтарының тілдерін

дамытуға 5136,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді немесе 100% , мемлекеттік тілді оқу бойынша 13 топ (144 тыңдаушы) құрылды және қызмет көрсетеді және ағылшын тілін оқу бойынша 6 топ (80 тыңдаушы) құрылды, тематикалық сабақтар, ашық сабақтар, конкурстар, өткізіледі, ҚХР келген отандастарға орыс тілін оқыту, қазақ және ағылшын тілдері бойынша аралық тесттер өткізілді, мемлекеттік қызметкерлерге тестілеуге даярлаулау жұмыстары жүргізіледі, айсайын қазақ тілінде газетке қазақ тілі туралы мақалалар шығып тұрады;

  • мемлекеттік ақпараттық саясаттарды газеттер мен журналдар

арқылы өткізу бойынша қызметке 1629,8 мың теңге бөлінді, 1621,3 мың теңге сомада игерілді немесе немесе 99,5 %, «Спектор резонанс», «Көкжиегі» газеттері арқылы ақпараттық қызметтерге төлем жүргізілді

- жастар саясаты саласында бағдарламаны жүзеге асыруға 5360,0 мың теңге бөлінді, 5339,9 мың теңге сомада игерілді нмесе 99,6 %, «Курчатов қаласының жастар орталығы» КММ ұстауға, жастар іс шараларын өткізуге сыйлықтар сатып алынды;



Ауыл шаруашылық, жер қатынастарына 14445 мың теңге сомада қаражат бөлінді, 14391,7 мың теңге сомада игерілді немесе 99,6 % соның ішінде:

- қаңғырған иттер мен мысықтарды жойып және оларды ұстауды ұйымдастыруға 459,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді. 74 иесіз иттер мен 46 мысықтар ұсталды;

- жануарлар індетіне қарсы ветеринарлық іс шаралар өткізуге облыстық бюджеттен 256,0 мың теңге нысаналы трансферттер бөлінді, толық көлемде игерілді, және құтырмаға паразиттік ауруға вакцинация жүргізілді (200 бас жылқы, 3000 бас – жас ірі қара мал, 750 бас – ІҚМ);

-ауылшаруашылық малдарды сәйкестендіру бойынша іс шаралар жүргізуге 65,0 мың теңге бөлінді, толық көлемде игерілді. Өскемен қаласының «Казагромаркетинг» АҚ мамандары АШМС (ауылшаруашылық малдарды сәйкестендіру) бағдарламасын жаңарту, аппараттық қамтамасыз ету және бағдарламалық қызмет көрсету, жұмыс бекетін бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдануға келтіру бойынша жалпы алдын алу жұмыстарын жүргізді;

- жануарлар індетіне қарсы іс шаралар өткізуге 1395,0 мың теңге бөлінді, қаражат толық көлемде игерілді, аса қауіпті инфекциялық ауруға ауыл шаруашылық малдарына (ІҚМ-6050 бас, ҰІМ- 7850 бас, шошқа-400 бас, жылқы-600 бас, түйе-45 бас) вакцина егу жүгізілді, қауіпті ауруларды анықтау бойынша (2731 бастан - қан алып талдау жасауға) диагностика жүргізілді.

Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құылыс қызметтеріне – (құрылыс сәулет және қала құрылысы бөлімін ұстауға) - 6886,0 мың теңге сомада қаражат бөлінді, 6645,6 мың теңге игерілді немесе 96,5 %, Төлем тағайындалған шоттар және есептеу фактілері бойынша.

Көлік және коммуникацияға 22365,0 мың теңге сомада қаражат бөлінді, толық көлемде игерілді немесе 100 % қала көшелерінің жолдарын қыста қардан тазалау бойынша , автогрейдермен және қолмен қарды жинау жұмыстары жүргізілді, төлем атқарылған жұмыс актілері бойынша.

Басқа да шығындарға – 92304,0 мың теңге сомада қаражат бөлінді, 83256,7 мың теңге сомада игерілді немесе 90,2 % оның ішінде:

- моноқалаларды ағымдағы жайғастыруға республикалық бюджеттен 66256,0 мың теңге бөлінді, 57214,8 мың теңге сомада игерілді немесе 86,3 %. «Курчатов қаласының мектеп-гимназиясы» КММ екі негізгі қабырғаға күрделі жөндеу және терезелерді бұзып орнату жүргізіледі. Ашық аспанда мұаражай тұрғызу үшін Тәуелсіздік көшесі бойынша орналасқан Жеңіс саябағына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, төлем атқарылған жұмыс актілері бойынша;

- «жобаларды жүзеге асыру үшін кредиттер бойынша пайыздық ставкамен қаражаттандыруға» республикалық бюджеттен 22042,0 мың теңге нысаналы трансферттер бөлінді толық көлемде игерілді, қаражат «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аударылды;

-«моноқалаларда жаңа өндірістерді дамытуға гранттар беруге» республикалық бюджеттен 4000,0 мың теңге бөлінді, игерілмеуі гранттар беру бағдарламасының өзгеруіне байланысты;



53,4 мың теңге сомада бюджетке 2014 жылы пайдаланылмаған трансферттер қайтарылды.
Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет