Қажетті әдебиеттер
1. М.Жұмабаев. Педагогика.-Алматы:Рауан,1993. –112 б.
2. Қ.Жарықбаев.Психология.-Алматы:Білім,1993.–272 б.
83
3. М.Жұмабаев. Педагогика.-Алматы:Рауан, 1993.
4. Н.Ж.Құрманова.
Сӛз
тіркесін
оқыту
барысында
оқушылардың
логикалық
ойлау
мәдениетін
қалыптастырудың әдістері мен тәсілдері.-Алматы: 1998
Оқытудың жаңа технологиясы туралы түсініктер
Қоғамдық ӛмірде кӛрініс тапқан сан-салалы сапалық
ӛзгерістер, жаңарулар, жаңалыққа бетбұрыстар педагогтерді
ӛз істеріне сын кӛзбен қарауға итермелеуде. Ӛйткені
оқушыларға берілетін білім де, тәрбие де, дүниеге кӛзқарас
та мұғалімнің іс-әрекеті, беретін білімі мен үлгі-ӛнегесі
арқылы қалыптасады. Осындай жүгі ауыр, жауапкершілігі
мол мәселелерді шешу педагог-мамандардың алдына зор
міндеттер жүктейді.
Жеке тұлғаның қалыптасуына бірден-бір әсер ететін
қоршаған ортасы. Кез-келген адам баласының дамуына, сана-
сезімінің қалыптасуына әсер тигізетін ӛзі ӛмір сүріп отырған
қоғамы. Қоғамның дамуы, ғылым мен техниканың ӛркендеп
қанат жаюы жеке тұлғаның дамуына орасан зор әсер етеді.
Педагог дегеніміз кім? Әркім ӛз мұғалімдерін біледі,
есінде сақтайды. Ең алғаш қолына қалам ұстатып, жазуды
үйреткен адамды ешкім де ұмыта қоймайтын шығар. Оқушы
ӛмірінде кӛптеген мұғалімдер кездеседі. Бірақ соның ішінде
санаулылары ғана бала есінде қалады. Бұның себебі, баланың
ойы мен жүрегіне жол тапқан, бас әріппен жазылатын
ұстаздың аз болатынынан шығар.
Ахмет Байтұрсынұлы: ―Бала оқытатындар бала оқытуын
жақсы білерге керек. Бала оқытуын жақсы білейін деген адам
әуелі балаларға үйрететін нәрселерін ӛзі жақсы білерге керек,
екінші, баланың табиғатын біліп, кӛңіл сарайын танитын
адам боларға керек. Оны білуге баланы туғаннан бастап, ӛсіп
жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретінін білерге керек.
Баланың ісіне, түсіне қарап, ішкі халынан хабар аларлық
болу керек,‖- деп бала ӛміріндегі мұғалімнің рӛлін айқын
ашып айтады. [42, 433].
84
Қазақтың тұңғыш педагогы Ыбырай Алтынсарин
―Хрестоматиясында‖ баланың жас ерекшелігі мен ӛзіндік
ерекшеліктерімен санаса отырып: ―Мұғалімнің жұмысы –
балалар. Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда
оқытушы олардың кӛкейіне қондыра алмағаны үшін ӛзін-ӛзі
кінәлауға тиіс. Ол балалармен сӛйлескенде ашуланбай,
жұмсақ сӛйлесу, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәрсені
ықыласпен түсінікті етіп түсіндіруі керек, мәнерлі сӛз,
орынсыз терминдерді пайдаланбау керек,-‖деген болатын. Ол
бала тәрбиесінде педагогтің білімі, тіпті сӛйлеген сӛзінің
ерекше мәнге ие болатынын айтып, білім беруде мұғалімнің
әдіс-тәсілдермен жан-жақты қарулануын қалайды. [43, 27].
Нағыз педагог әруақытта балаларға жақын болады. Оның
ұжымдағы беделі жоғары, балаларды қызықтыра біледі, оның
сабағын балалар ерекше ықыласпен күтеді. Оның
сабақтарында тамаша тәртіп болады. Тәртіп болу үшін қатал
болу шарт па, біздіңше олай емес сияқты. Мәселен, қатал
мұғалім кез-келген сыныпқа кіріп келіп, шулап жатқан
балаларға ―отырыңдар‖ деп талап етті дейік, бірақ сонда
балалар тез орындарына отыра қоюы мүмкін бе? Бұлай болу
сирек кездесетін шығар. Керісінше, мінезі жұмсақ, бірақ
кәсіби шеберлігі жоғары мұғалім ―Оспанов, орныңа отыр‖
деп бір ғана оқушыға ескерту айту арқылы, бүкіл сыныпты
тыныштандыруы мүмкін. Бұл мұғалімнің шеберлігіне
байланысты нәрсе.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін
мектептері тұжырымдамасында: ―Педагог кадрларды қазіргі
заман талаптарына сай дайындау, әрі мамандығын үздіксіз
жетілдіру – мұғалімнің мамандық шеберлігінің басты белгісі
– оның психологиялық жоғарғы әзірлігі болып табылады,-‖
деп атап кӛрсетілген.
Мұғалім әрбір баланың ӛзіне ғана тән дара ерекшелігін
білгенде ғана, жоғары нәтижеге қол жеткізуі мүмкін. Жоғары
жетістікке жету үшін педагогикалық талант болуы қажет пе?
Жалпы алғанда педагогикалық істе де басқа салалардағы
сияқты талант сирек кездесетін нәрсе. Бірақ әр мұғалім ӛз
ісінің шебері бола алады, болуы тиіс те.
85
А.С.Макаренко ӛз еңбегінде: ―Мен еңбектендім,
сондықтан шеберлікті меңгердім,- ‖ деген болатын. Бірақ ол
ӛзін ешуақытта талантты педагог деп есептемеген.
Балалар мұғалімнің әділдігін, ақылдылығын, білімділігін,
уәдеге беріктігін бағалайды. Шебер мұғалім мұны әрқашан
да жадында ұстайды. Шебер мұғалім алдындағы балаға
ӛзінен кіші жай адам деп қарамай, ӛзіне тән мінез-құлқы,
сана-сезімі, тілек-талаптары бар жеке тұлға ретінде қарайды.
Қазақ тілін саналы және сапалы меңгерту – жаңа
технологияларды ұтымды қолданумен тығыз байланысты.
Қазіргі уақытта әдістеме ғылымы жаңару, даму үстінде.
Ӛмірімізге жаңа технологиялар дендеп енуде. Білім беру
жүйесінің мақсаты мен міндетіне қарай оқытудың
проблемалап
оқыту(М.И.Махмутов),
программалап
оқыту(Ю.А.Самарин., Т.А.Илина), саралап, жекелеп оқыту
(М.ЭУнтт.б.), дамыта оқыту (Ю.Б.Эльконин), ұжымдық
оқыту (В.К.Дьяченко), дистанциялық оқыту (Нұрғалиева Г.К.
Жүсібалиева Д.М. .) т.б тәрізді түрлері оқу процесінде
қолданылып жүр.
Технология – шеберлік туралы ғылым деген ұғымды
білдіретін грек сӛзі. Педагогикалық технологияға әдіскер-
ғалымдар мынадай анықтамалар береді: ―Педагогикалық
технология – оқытудың арнайы формаларын, әдістері мен
тәсілдерін
айқындайтын
педагогика-психологиялық
нұсқаулардың
жиынтығы,
педагогикалық
процесті
ұйымдастырудың әдістемелік аспабы (Б.Т.Лихачев)‖, ―Оқу
процесін іске асырудың мазмұндық техникасы, практика
жүзінде іске асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің
жобасы (В.П.Беспалько).т.б.
Ғалым-әдіскерлердің берген анықтамаларына сүйене
келгенде, жаңа технология дегеніміз педагогикалық
шеберлікті жетілдірудің жолдары деген қорытынды жасауға
болады. Оқыту технологиясы білім берудің тиімді жолдарын
зерттейтін ғылым ретінде сипатталады.
Сабақ процесінде белгілі бір технологияны қолдану
арқылы мұғалім жоғары нәтижеге жетуді мақсат етеді. Бұл
мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
86
Ахмет Байтұрсынұлы: ―Мұғалімнің қызметі оның
білімінің, шеберлігінің керек орны ӛздігінен алатын
тәжірибелі білімнің ұзақ жолы қысқару үшін, ол жолдан
балалар қиналмай оқу үшін, керек білімін кешікпей кезінде
алып отыру үшін, балаға жұмысты әліне шағындап беру мен
бетін белгілеген мақсатқа түзеп отыру… Мектептің жаны –
мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай
болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға
үйрете білетін болса, ол мектептен балалар кӛбірек білім
біліп шықпақшы,-‖десе, Бауыржан Момышұлы: ―Арпаласып
жүріп алған абырой - ӛмірдің ең шырын рақаты,-‖ дейді.
Әрине, шеберлік бірден пайда болмайды. Ол жылдар
ӛткеннен кейін үлкен ізденістер мен орасан еңбектің
арқасында келеді. Педагогикалық шеберлік сан қырлы,
әралуан. Оның күрделілігі мұғалімнің еңбек нысанасының
ӛзіндік ерекшелігімен түсіндіріледі. Шебер мұғалім сабақ
процесінде, сабақтан тыс уақытта та үнемі ізденіс үстінде
жүреді. Осы ізденістің арқасында үлкен жетістіктерге жетеді.
Сабақ процесінде жаңа технологияларды қолдану
арқылы да немесе қолданбай да жоғары нәтижеге қол
жеткізуі мүмкін. Ол сабақ процесін дұрыс, жүйелі
ұйымдастыра білуіне де байланысты. Мұғалім оқушының
сабақтағы белсенділігін, сабаққа деген қызығушылығын әдіс-
тәсілдерді ұтымды, орынды қолдана білу арқылы оятады.
Сабақты бір сарынмен ӛтпей, ӛзгертіп отыру тағы да
мұғалімнің
шеберлігіне
келіп
тіреледі.
Мұғалімнің
шеберлігіне оның білімі, дағдысы, оқушымен қарым-
қатынасы, бейімділігі, қабілеті, жүріс-тұрысы, киген киімі,
сӛйлеген сӛзі де кіреді. Міне, осылардың бәрін бір басына
жинақтай білген ұстаз белгілі бір жетістіктерге қол жеткізеді.
Мұғалім бала жанын түсіне білу керек.
Балаларды
түсіну
дегеніміз
–
демек
олардың
позициясында тұру, олардың сезімін бағалап, қам-қарекеті
мен ісін елеулі түрде қабылдау, олармен санасу деген сӛз.
Олардың қам-қаракеті мен істеріне немқұрайлы емес,
ілтипатпен қарап, мүдделі, іскерлік кӛңіл бӛлу керек.
Балаларды түсіну дегеніміз – оларға ӛктемдік кӛрсетпей,
олардың бүгінгі тіршілігін тірек ете отырып, ертеңгі
87
тіршілігінің ӛркенін жаю деген сӛз. Баланың кӛңіл құбылысы
мен жүрек тебіренісін, оның сезімі мен талпынысын түсіне
отырып, әрі балалар ӛміріне ӛзінің ең жақын адамындай
қоян-қолтық араласа отырып, педагог баянды тәрбиеге қол
жеткізе алады. Балаларды түсіну дегеніміз – кішкентай
адамды тәрбиелеудің тамаша шеберлігін игеру деген сӛз[44,
26].
Достарыңызбен бөлісу: |