Курсы бойынша студенттердің алған білімдерін тексеру мақсатында тест тапсырмалары берілген. Еңбекті студенттер мен мектеп мұғалімдері оқу құралы ретінде пайдалануына болады



Pdf көрінісі
бет26/66
Дата21.11.2023
өлшемі0.94 Mb.
#483900
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66
Kazak tili okytu adistemesi Orazbaeva

флегматиктерді нерв жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі бір-
біріне тең болғанмен қозғалысы баяу адамдар десе, 
меланхоликтерді нерв жүйесі әлсіз типті адамдар деп 
сипаттайды. Темпераменттің бұл тӛрт түрі бір-біріне 
қатыспай, таза күйінде болады деуге болмайды. Кӛбінесе 
бұлар бір-біріне аралас болады. Әрбір мұғалім баяу болса да 
темпераменттердің ӛзгеріп отыратындығын, яғни ол баланың 
жасына, білімі мен алған тәлім-тәрбиесіне, нақтылы 
әрекетіне байланысты түрлі ӛзгерулерге түсетінін ескеріп, 
әрбір оқушымен жеке жұмыстар жүргізуі қажет. 
Сангвиник темпераменті басым оқушы ашық, сӛзшең, 
кісіге қайырымды, қысылып-қымтырылмайды, оптимист, 
ӛмір сүйгіш, кӛтеріңкі кӛңілді, басшылыққа, жетекшілікке 
құштар болып келеді. Мұндай оқушылар сұрақ қойғыш 
келеді. Жылдам қозғалады, кӛңіл-күйі жиі ӛзгергіш келеді. 
Ол сабақтың басында қолын қайта-қайта кӛтеріп, сұрақ қоюы 
мүмкін. Егер мұғалім назар аудармаса, сабаққа деген ынтасы 
суып кетеді. Сондықтан мұғалім қойылған сұраққа жауап 
беруге тырысуы керек. Сангвиник бала мұғалімнің қойған 
сұрағына басқалардан бұрын жауап беріп, берілген 
тапсырманы бұрын орындап отырады да, енді менен 
сұрамайды деген оймен басқа іспен айналысуы ықтимал. 
Сондықтан 
мұндай 
балалармен 
мынадай 
жұмыстар 
жүргізілген орынды:
- берілген тапсырмаларды тез орындаған жағдайда оны 
мақтап, ―Сен бұл жаттығудан да қиын тапсырманы 
орындай аласың‖-деп, қосымша тапсырма беру қажет; 
- сангвиник темпераментті балада ӛзінің қабілетін тым артық 
бағалап, сабаққа дайындалмай келу кездеседі. Ондай 
жағдайда мұғалім баланы оқушылардың алдында ұялтып, 
сабаққа жауапкершілікпен қарауға бағыт беруі орынды;
- сангвиниктер мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене
араласады. Бірақ олар жұмылып кіріскендерімен, жылдам 
суып қалатын балалар. Сондықтан оларды ұдайы бақылап, 
жетекшілік етіп, жұмысына бағыт беріп отырмаса, жұмыстың 
нәтижесі тӛмен болуы ықтимал;
- сангвиник бала ұщқыр, ойнақы болады, бірақ бір жерден 
екінші жерге секіріп түсе беретін, бір әсерге аялдап тұра 


79 
алмайтын тиянақсыз болады. Мұғалім оларды қолға алған 
істі орта жолда тастауға болмайтынын айтып, үйретуі, 
тәрбиелеуі қажет.
Холерик темпераменті басым, күйгелек, тынымсыз, 
ұшқалақ, кез келген нәрсеге шамданғыш, кӛңіл-күйі тез 
ӛзгеретін, белсенді, пысық, бірақ ашуланшақ бала. Мұндай 
оқушылар сабақта мұғалім сұрағанша шыдамай ұшып-қонып, 
орындарынан тұрып кете жаздап отырады. Ондай оқушы 
қимыл-әрекетті сүйеді. Ол үшін мұғалім оған кӛбірек 
тапсырма беріп, ынтасын тапсырмаға аудару керек.
Холериктер белсенді, шапшаң қозғалады, мектептегі 
қоғамдық 
жұмстарға 
белсене 
қатысады. 
Берілген 
жұмыстарды 
барлық 
ынталарын 
салып, 
ықыласпен 
орындайды. Бірақ ашуланшақ, ӛз эмоциялары мен қимыл-
қозғалыстарын билей алмай, ―күйіп-пісуге‖ дайын тұрады. 
Балалармен қарым-қатынас жасағанда да аумалы-тӛкпелі. 
Сабақта тапсырма беріп, бірақ сұрап үлгермесең, ашуланып, 
мінез кӛрсетіп, ренжіп қалады. Сол үшін белгілі бір мақсатқа 
жету үшін мынадай әдіс-тәсілдер қолданған жӛн: 
1.Тапсырманы сұрап үлгермеген жағдайда, ―Мен бүгін 
үлгіре алмадым, сен үйден тағы қарап кел, мүмкін қате 
кеткен жерлерің бар шығар, келесі сабақта міндетті түрде 
тексеремін‖ деп алдын-ала ескерткен жӛн. Сондай-ақ 
оқушының жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып, 
тапсырманы жазбаша да тексеріп отыру жағын қарастыру 
керек. Жалпы жаңашыл педагогтар (Қ.Бітібаева, А.Ысқақов, 
В.Шаталов, И.Волков, Е.Ильин, С.Лысенкова т.б.) мұндай 
жағдайда оқушылармен жеке жұмыстар жүргізу қажеттігін 
ескертеді. Әрбір сабақта оқушы білімін тексеріп отыру 
мүмкіндігі кейде жүзеге аса бермейді. Сондықтан үлестірме 
кеспе қағаз, перфокарта, суретпен жұмыс немесе тірек 
карточкалармен жаттығулар орындату арқылы білімді 
тексеріп, бағалауға болады. Сонда ғана оқушының білім 
алуға ынтасы артады.
2.Холерик темпераментіндегі балаға қатаң ескерту жасап, 
қойылған талаптарды қалайда орындатқызу жағын ойластыру 
қажет.


80 
3.Холериктер табанды, қайратты болады, қиын мәселені 
тез шешеді, тез орындайды. Бірақ не болса соған ашуланып, 
қызбалы келеді. Мұнда ескеретін жай қызбалылық тек 
қолайсыз жағдайға апаратын нәрсе емес, оның жақсы да 
жақтары бар. Қызбалы баланы мұғалімнің қызуқандылықпен 
істейтін жұмыстарға бағыттауы, жаңалықтарды білуге 
ұмтылғыш сезімін туғызуы ықтимал. 
Шыдамсыз холерикті тыныштандырып, үндемей отырған 
флегматикті жауап беруге шақыру мұғалімнен асқан 
байсалдылықты қажет етеді. 
Флегматик темпераменті басым оқушы ӛте сақ, ұяң, 
байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, тұрақты, бірқалыпты. 
Олар сабақта тыныш отырады, қасындағы балаларды 
мазаламайды. Берілген тапсырманы асықпай орындайды, 
жауап беруге де асықпайды.
Тәжірибелі оқытушы мұндай балаларды, асықпай, асқан 
байсалдылықпен тыңдауы қажет. Ӛйткені олар жауап берген 
кезде бірден сӛйлеп кетпейді, әр сӛзін сабырлылықпен, 
салмақпен, жайлап жеткізеді. Тәжірибесі аз мұғалімдер 
сабаққа дайындалмаған екен деп, ұрсып, жекіп, тиісті 
бағасын қоя салады. Әрине, бұл - қате, ӛйткені одан мұғалім 
де, оқушы да жетістікке жете алмайды.
Флегматик бала кез келген жұмысты бірден, тез бастап 
кете алмайды. Бірақ бір бастаса, аяқтағанша тыным 
таппайды. Мұғалім балаға істі бастауға кӛмектесіп жіберсе, 
ары қарай ӛзі-ақ іліп әкетеді. Мұның ӛзі асқан 
байсалдылықты, білімділікті, әдістер мен тәсілдерді қажет 
етеді. Балалардың жеке психикалық ерекшеліктерін жете 
білген оқытушы ғана ӛз мақсатына жете алады. 
Қимыл-әрекеті баяу тип – меланхолик. Ол сәл нәрсеге 
ренжиді, ӛкпелегіш, тұйық, сӛзге сараң, аса баяу қозғалады. 
Олар сыныптағы, 
мектеп ӛміріндегі жаңалықтарды
ӛзгерістерді ерекше әсермен қабылдап, кӛп ойлайды. 
Мұғалім тақтаға шығарып сӛйлем жазғызса, соның ӛзі зор 
әсер етеді. 
Психологтардың айтуынша, меланхоликтерге мұғалім 
сынып балаларының кӛзінше ұрсатын болса, мұндайда олар 
тӛмен қарап жылап, кейде жауап айта алмайтын жағдайға 


81 
ұшырайды екен. Істің байыбына бармай балаға ескерту жасау 
немесе ұрсу тәрбиелікке жатпайды. Мұғалімнің бала 
алдындағы беделі тӛмендеп, баланың оқытушыға деген 
сенімі жоғалады. Мұндай баламен істің мәнісін ашу үшін 
оңаша сӛйлескен дұрыс. Меланхолик темпераментті балалар 
ӛз жолдастарының арасында кӛзге түспей, жай ғана жүрып-
тұрғанды ұнатады. Ұялшақ, тартыншақ болады, кӛпшіліктен 
аулақ жүргенді ұнатады. Құрбы-құрдастары оларды ―қорқақ‖, 
―үндемес‖, ―маубас‖ т.б. деп кекететін кездері де болады.
Осындай ерекшеліктері бар баланы оқытушы алға -
тартып, қоғамдық жұмыстар беруі қажет. Сабақта ауызша 
жауап беретін тапсырмаларды кӛбірек берген орынды. 
Баламен жеке сӛйлесіп, оның ӛз күшіне деген сенімін қозғау 
– мұғалімнің міндеті. Кӛп алдында кӛтермелеп, мадақтау – 
баланың сенімін күшейтіп, қабілетін шыңдайды. Балаға ӛскен 
ортаның, айналада болып жатқан ӛзгерістердің бәрі де әсер 
ететінін тәжірибелі мұғалім әр кез жадында сақтайды. 
Мұғалім әрбір оқушымен жеке жұмыстар жүргізуі қажет. 
Оқушының жасына қарай оқудағы үлгерімін, тәртібін, басқа 
балалармен 
қарым-қатынасын 
қадағалау, 
ата-анамен 
байланыс жасау – мұғалімнің міндеті.
Әр баланың мінезін, қабілетін, ерік-жігерін жақсы білген 
ұстаздың еңбегі жанады. Темпераментті тізгіндей білу үшін 
адамның жақсы тәрбиеленуі керек [41,95]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет