Курсы бойынша студенттердің алған білімдерін тексеру мақсатында тест тапсырмалары берілген. Еңбекті студенттер мен мектеп мұғалімдері оқу құралы ретінде пайдалануына болады



Pdf көрінісі
бет58/66
Дата21.11.2023
өлшемі0.94 Mb.
#483900
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66
Kazak tili okytu adistemesi Orazbaeva

ІІІ. Жаңа сабақ. (10-15 мин). 
Балалар дәптерлеріңді ашып, ай-күнді және жаңа тақырып 
―Қимыл-сын бағыныңқы сабақтасты‖ жазып алыңдар. 
Бағыныңқы 
басыңқыдағы 
істің, 
амалдың 
қалай 
орындалғанын білдіретін сабақтастың түрін қимыл-сын 
бағыныңқы сабақтас дейміз. 
Қимыл-сын бағыныңқы сӛйлем мына сұрақтарға жауап 
береді: қалай? қайтіп? не істеп? 
Қимыл сын бағыныңқының баяндауыштары мынандай 
жолдармен жасалады:
1. кӛсемшенің жұрнақтары арқылы. 
Мысалы: Олар соғыс кезінде жауға қарсы шығып, қарулас 
достарына кӛмекке келеді. 
2. Есімше + дай,- дей (болып). Мысалы: Айдын кӛл де 
ұйқысынан оянғандай. 
3. Есімше + күйі, қалпында, бетте. Мысалы: Асқар 
ашуланған күйінде, тысқа атып шықты. 
ма + с + тан (-па + с + тан, -бе + с + тен). Мысалы: 
Жолдастарына, отанына оралмастан, ерлікпен қаза 
тапты. 
Ал енді, балалар, жаңа тақырыпты түсінген болсаңдар, ӛз 
мысалдарыңды келтіріңдер. 
Балалар, 140-жаттығуда мәтіндегі құрмаластар арасына 
үтір қойып, қимыл-сын бағыныңқы сабақтасты ажыратыңдар. 
Тақтаға үш топтан үш оқушы шықсын. Сӛйлемдерге 
синтаксистік талдау жасаңдар. 


144 
1. Озбырлық кесімін іштерінен мойындарына алып, сорлы 
қатынды, жас Шәйзаны аяды. 
2. Түні бойып шымырлап, тӛбе шашы жиырылып бара 
жатқандай болып, Қалиша да үйіне жӛнелді. 
3. Ӛкпе-жүрегі аяғына түскендей, талған буындарын баса 
алмай келеді
Ал енді, балалар, тақтаға қараңдар. Мұнда мақал-
мәтелдердің алғашқы сӛйлемі берілген. Сендер мақалдарды 
жалғастырып, оның сабақтастың қай түріне жататынын 
ажыратыңдар. 
1. Батырдың ӛмірі қысқа болғанымен, даңқы ұзын.
қарсылықты сабақтас
2. Білім арзан болғанмен, білу қымбат. 
қарсылықты сабақтас 
3. Қына тасқа бітсе, білім басқа бітеді. 
Шартты бағыныңқы сабақтас 
4. Ағаны кӛріп іні ӛссе, апаны кӛріп сіңілі ӛседі. 
Шартты бағыныңқы сабақтас 
5. Ер жігіт бір сырлы болғанмен, сегіз қырлы.
Қарсылықты сабақтас
Ал енді, балалар, бүгінгі сабақты түсіндіңдер ме?
1. Сонымен, қимыл-сын бағыныңқы сабақтас дегеніміз 
қандай сӛйлем? 
2. Қандай сұрақтарға жауап береді? 
3. Қандай жолдармен жасалады? 
Үйге тапсырма: 141-жаттығуда кӛп нүктенің орнына 
сӛйлемнің ыңғайына қарай қажетті баяндауыш болатын 
сӛздерді ойдан тауып, сӛйлемдерді аяқтаңдар. 143-
жаттығуды оқып, қимыл-сын бағыныңқы сабақтасты 
табыңдар. Сұраққа жауап беріңдер. 
Ал, балалар, сабақ аяқталды, сау болыңдар! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет