142
2.
Тәрбиелік: Мысалдар мен жаттығулар арқылы кӛркем
шығармаларды оқуға қызықтыру,
оқушының сезімін ояту,
жақсы мен жаманды айыра білуге тәрбиелеу.
3.
Дамытушылық: Дұрыс сӛйлеуге, дұрыс сӛйлем құрауға
үйрету, сӛздік қорын молайту.
Пәнаралық байланыс:
әдебиет
Кӛрнекіліктер: кітап, тақта, бор, сызба
І. Сабақтың барысы.
1.
Ұйымдастыру кезеңі. (2-3 мин).
Сәлеметсіңдер ме балалар!
Қалдарың қалай?
Бүгін кім кезекші?
Сабаққа дайынсыңдар ма?
Ал, ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ.
Үй тапсырмасын сұрау. (10-15 мин).
Балалар,
үйге берілген жаттығу-138. Жаттығудағы
сӛйлемдердің
қайсысы шартты, қайсысы қарсылықты,
қайсысы мезгіл бағыныңқылар екенін ажырату керек. Бірінші
қатарда отырған
оқушылар шартты бағыныңқы, екінші
қатардағы оқушылар
қарсылықты бағыныңқыны және
үшінші қатардағы оқушылар мезгіл бағыныңқы сӛйлемдерді
оқисыңдар.
Балалар, біз бірнеше сабақ бойы сабақтастың түрлерін
ӛтіп келе жатырмыз. Бүгін ӛткен тақырыптарды еске түсіріп
ӛтейік. Бірінші топ шартты бағыныңқы туралы айтсын,
екінші
топ қарсылықты бағыныңқы, үшінші топ мезгіл
бағыныңқы сабақтас туралы айтсын.
Бірінші топ екінші
топқа, екінші топ үшінші топқа, ал үшінші топ бірінші топқа
берілген тақырыптарына байланысты сұрақтар қойсын.
1-топ
1. Шартты бағыныңқы сабақтас дегеніміз не?
2. Қандай сұрақтарға жауап береді?
3. Қандай жолдар арқылы жасалады? Мысал келтіріп
сызбаны сыз.
2-топ
1. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас дегеніміз не?
2. Ол қандай сұрақтарға жауап береді?
3. Қандай жолдармен жасалады?
143
3-топ
1. Мезгіл бағыныңқы сабақтас деген не?
2. Қандай сұрақтарға жауап береді?
3. Қандай жолдармен жасалады?
Ал енді, балалар, сабақтастың қай түрі қалды?
Иә, себеп бағыныңқыны біз кеше ғана ӛттік. Ал енді бәріміз
соны еске түсіріп, қайталап кетейік.
1. Себеп бағыныңқы сабақтас дегеніміз не?
2. Қандай сұрақтарға жауап береді?
3. Қандай жолдармен жасалады?
4.
Себеп-салдар
салаластан
айырмашылығы
мен
ұқсастықтарын айтыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: