Курсы бойынша студенттердің алған білімдерін тексеру мақсатында тест тапсырмалары берілген. Еңбекті студенттер мен мектеп мұғалімдері оқу құралы ретінде пайдалануына болады


Қазақ тілін оқыту әдістемесінің педагогикамен



Pdf көрінісі
бет15/66
Дата21.11.2023
өлшемі0.94 Mb.
#483900
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66
Kazak tili okytu adistemesi Orazbaeva

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің педагогикамен 
байланысы 
 
Қазақ тілін оқытуда пәннің педагогикамен тығыз 
байланысы ешқашан да тыс қалдырылмайды. Қазақ тілін 
үйретудің әдіс-тәсілдерін анықтау, берілген білім кӛлемі мен 
мазмұнын белгілеу оқытудың педагогикалық негізіне 
сүйенгенде ғана дұрыс әрі сапалы түрде жүзеге асады. 


48 
Сондықтан сабақтарда жалпы дидактикалық ұстанымдар
орынды қолдануды қажет етеді. 
Оқыту әдістемесі ӛз пәнінің мазмұнына тәуелді, соны 
үйретеді. Соған сәйкес пән білімінің мазмұны жетіліп, 
дамыса, оның оқыту әдістемесі де жетіліп, түрлене түседі. 
Уақыт оза пән мазмұны ескірсе, оған қолданылатын әдістеме 
де кӛнелене түседі. 
Оқыту әдістемесін басқа ғылымдардан ерекшелендіріп 
тұратын негізгі бір ӛзгешелігі – ондағы күллі оқыту үрдісі екі 
жақты бірліктегі қарым-қатынасты керек етеді. Яғни мұғалім 
мен оқушылар арасындағы қарым-қатынасты дамытады. 
Біреуі оқытып үйретеді, тәрбиелейді, екіншілері оқып, 
үйреніп, тәрбиеленуге қалыптасады. Ӛзара әрекетке 
бағытталған ӛзіндік міндеттер айқындалады. 
Ал ұстаздар қауымына жалпы ортақ мақсат – терең білім 
мен тәлімді тәрбиені қалыптастыру.
Қазақ 
тілі 
әдістемесі 
– 
ана 
тілін 
ұғынудың 
заңдылықтарын, тілдің қыры мен сырын балаға үйретудің 
жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогика ғылымының 
бір саласы. Педагогика ғылымының дидактика саласы оқыту 
ұстанымдарын, оқуды ұйымдастырудың алуан түрлі әдіс-
тәсілдерін, білімді игертудің ең тиімді, ұтымды жолдарын, 
іскерлік 
пен 
дағдыны 
қалыптастырудың 
амалдарын 
зерттейді. 
Сабақ үстінде, тақырыпты меңгерту барысында мұғалім 
дидактиканың оқыту, білім беру жӛніндегі теориялық 
қағидаларына сүйенеді. 
ХVІІІ ғасырда ӛмір сүрген әйгілі чех педагогі Ян Амос 
Каменский дидактика саласында еңбек етіп, кейінгі ұрпаққа 
ӛшпес із қалдырды. Педагогтің ―Ұлы дидактика‖ еңбегінен 
кейінгі ұрпаққа ӛнеге болатындай сӛздер орын алды. Кейбір 
педагогтар баланың сезім қабілетін ескермей, оның ақылын 
дамытуды ғана кӛздеген. Оқыту мен тәрбиелеудің бұл 
тәсіліне Я.А.Каменский қарсы болды. Ол әр түрлі сыртқы 
әсерлерді адамның қабылдауы сезімнен басталатындығын ӛз 
еңбегінде айтқан. Оқу-тәрбие жұмысының негізгі әдісі – 
баяндау мен сӛзге құрылған бақылау емес, дидактика 
заңдарын терең қолданып, жаттықтыру, яғни білімді іскерлік 


49 
негізінде меңгеріп, оны дағдыға айналдыру. Осы тұрғыда 
Я.А.Каменскийдің мектепті жаттығу орнына балауының 
маңызы зор. Ол: ―Білімнің негізі зат пен құбылыстың ӛз 
табиғатынан алынсын. Ұстаз аз сӛйлеп, шәкірт кӛп үйренетін 
болсын. Тәртібі жоқ мектеп сусыз диірменге ұқсайды. 
Білімнің негізінде әдемі зат, кӛркем текст содан соң талдау
аяғында қорыту тұрады‖ - деген дидактикалық қағидалары 
осы күнге дейін ӛзінің құнын жойған жоқ [5,13]. 
Я.А.Каменскийдің идеясын одан әрі жалғастырған орыс 
педагогі К.Д.Ушинский ана тілін мектепте оқылатын 
пәндердің негізгісіне теңеп: ―Ана тілін толық меңгермеген 
бала тарихты, географияны, жаратылыстану ғылымдарын 
және математиканы үйренген кезде теореманы немесе 
математикалық есепті ӛз сӛзімен айтып бере алмайтын күйге 
ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және 
олардың нәтижелерін ӛзіне жинастыратын басты, ӛзекті пән 
екені енді түсінікті емес пе?‖- деген болатын [6,72].
К.Д.Ушинский оқу материалын меңгеруде әңгіме, 
салыстыру, пысықтау, бекіту сияқты әдістерді тиімді 
қолданудың жолдарын кӛрсетеді. 
―Балалар 
әдебиетінің 
атасы‖ 
атанған 
Ыбырай 
Алтынсарин ―Қазақ хрестоматиясы‖ және ―Қазақтарға орыс 
тілін оқытудың қолданбасы‖ деген еңбегінде әңгіме әдісін 
қазақ мектебінде алғаш рет қолданды. Ол тіл игертуді 
грамматикалық ережеден емес, сӛзді үйретуден бастады. 
[7,280-281]. Ы.Алтынсарин мектебінің балалары жаттауды 
ерте бастаған. Ұстаздың ―Кел, балалар, оқылық!‖ деген 
ӛлеңін жатқа білмеген бала болмаған. Ондағы сӛздердің 
оралымды, рифмге құрылуы, логикалық байланысының 
болуынан ӛлеңнің әрбір жолы тілге ӛзі оралып жатады. 
Оның әңгімелерінде тарихи материалдар мен салыстыру 
әдісі кӛп. Ы.Алтынсарин қоғамды, адам мінезін оқу-білім 
арқылы ғана түзетуге болады деп сенеді. Ы.Алтынсарин 
ӛзінен бұрынғы педагогикалық озат ой жүйелерін біріктірген, 
тек қазақ даласы емес, бүкіл Ресей кӛлемінде кӛрінген үлкен 
педагог, әдіскер болды. 


50 
А.Байтұрсыновтың мұрасын зерттеуші ғалымдар ғалым-
ұстаздың әдістеме саласындағы еңбектерін былайша топтап 
береді: 
1. Оқулықпен қатар жазылған, оқытудың әдістемесін 
кӛрсететін еңбектер. 
2. Қазақша әліп-бидің, дыбыстың негізінде сауат ашу әдісін 
іске асыратын еңбектер. 
3. Ана тілін оқытудың әдістерін баяндайтын еңбектер. 
4. Тіл ұстартуды кӛрнекілік әдіс арқылы дамытуды 
кӛздейтін еңбектер. 
5. Қазақша сауатты сӛйлеудің, оқудың, жазудың әдістерін 
қарастыратын еңбектер. 
6. Әдістің түрлерін жіктеп кӛрсететін еңбектер. 
А.Байтұрсынов ӛзінің ―Қай әдіс жақсы‖ мақаласында: 
―Әдіс – керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман 
болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай. 
Мәселен, сауаттау әдісін алсақ, бір жұрттың сауаттау ісіне 
қолайлы болған әдіс екінші жұрттың да сауаттау ісіне 
қолайлы, оларға тиіс деп айтуға болмайды. Екеуінің тілінің 
заңы, емлесінің жүйесі бірдей болса, біріне қолайлы болған 
әдіс екіншісіне де қолайлы болуы мүмкін. 
Егер де тілінің заңы, емлесінің немесе әрпінің жүйесі 
басқа болса, онда біріне жақсы болған сауаттау әдісі 
екіншісіне де жақсы болады деп ешкім айта алмайды‖- дей 
келіп, дыбыс әдісі мен тұтас сӛзді әдістің қайсысы қазақ 
тіліне кӛбірек керек деген мәселені мысалдар келтіре отырып 
береді де, осы екеуінің біріншісі (дыбыс әдісі) жақсы деп 
қорытады [8,368-370]. 
Сонымен бірге ғалым жалқылау және жалпылау әдісі 
туралы ӛз ойларын ортаға салады. Жалқылау әдісін 
(айырыңқы) қай елдер бірінші қолданғаны туралы мағлұмат 
береді. 
―Жалқылаулы-жалпылау әдіс‖ мақаласында ―Бұл әдістің 
ӛзі қолдану жүзіндегі баспалдақтарына қарай бірнеше түрге 
бӛлінеді‖- дейді де, тӛмендегідей түрлеріне тоқталады: 
Шағын сӛзді түрі; 
―Жазу-оқу‖ деген түрі; 
Дыбысты әдіс.


51 
Дыбысты әдістің ӛзін ӛз ішінен бес түрге бӛледі: 
Балалармен әңгімелесу; 
Оқу үйретуге даярлайтын жұмыс; 
Сӛзден дыбыстарды айырып шығару; 
Әріптермен таныстыру; 
Білген әріптерінен сӛз құрау, соны оқу [9,77,87]. 
А.Байтұрсынов 1927-1928 жылдары ―Жаңа мектеп‖ 
журналында ―Ана тілінің әдісі‖, ―Зерттеу мен сүгіретшілік 
әдісі туралы‖ деген әдістеме мәселелерін сӛз ететін бірнеше 
мақала жариялаған. 
Ғалым ӛзінің оқулықтарында ―жеңілден ауырға, оңайдан 
қиынға, жайдан күрделіге‖ деген ұстанымды ұстаған. 
Иллюстративтік материалды кӛптеп қолдана отырып, 
балалардың тіл ұстарту мүддесін кӛздегені байқалады.
Бала мінезінің алуан қырлары туралы үлкен еңбек 
қалдырған – Жүсіпбек Аймауытұлы. Педагог-ғалымның 
―Тәрбиеге жетекші‖ (Орынбор, 1924), ―Психология (жан-
жүйесі) мен ӛнер таңдау‖ (Мәскеу, 1926) еңбектері ұлттық 
тыныс-тірлік, тәрбие жұмысы мен оның шарттары жайында 
ой қозғайды. 
Ж.Аймауытұлы педагогика ғылымына қосқан елеулі 
еңбектерінің бірі – ―Тәрбиеге жетекші‖. Ағартушы-психолог 
бұл еңбегінде тәрбие, білім жайлы негізгі ойларын ғылыми 
тұрғыдан тереңдетіп, дамытып, дидактика мәселелеріне 
ерекше ден қояды. Ағартушы-педагог мектеп ісін, білім беру 
жүйесін, ӛмір тәжірибесін ӛзара бірлікте қараған.
Баланы оқытудың ережелерін, заңдарын баяндайтын, 
оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын 
кӛрсететін педагогика бӛлімі – дидактика екеніне ерекше мән 
береді, ол мәселелерге әлеуметтік маңыз беріп, түрлі 
қырынан оқып-үйренуге назар аударған [10,214-217]. 
Дидактика – педагогика ғылымының білім беру және оны 
оқыту теориясын қарастыратын саласы. Ол білімнің 
мазмұнын, ғылыми негізін, оқыту әдістерін зерттейді. Нені 
оқыту керек, қалай оқыту қажет деген сұрақтарды шешіп 
отырады. Осы мәселелер жӛнінде ӛзінің ұстанымдарын
белгілейді.


52 
Қазақ тілін оқыту жӛніндегі әдіскер-ғалымдардың 
еңбектерінде дидактикалық ұстанымдардың бірнеше түрлері 
қамтылған. Б.Құлмағанбетова дидактикалық ұстанымдардың 
сегіз түрін, атап айтқанда, оқытудың ғылыми ұстанымын, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет