Курсы бойынша студенттердің алған білімдерін тексеру мақсатында тест тапсырмалары берілген. Еңбекті студенттер мен мектеп мұғалімдері оқу құралы ретінде пайдалануына болады



Pdf көрінісі
бет17/66
Дата21.11.2023
өлшемі0.94 Mb.
#483900
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66
Kazak tili okytu adistemesi Orazbaeva

2. 
Оқытудың 
жүйелілік 
ұстанымы 
дегеніміз 
оқу 
материалдарының логикалық жағынан бір ізбен сатылай 
құрылу, берілу тәртібі. Білімнің жүйелілік және бірізділік 
ұстанымы жаңа материалды түсіндіруде, білім мен 
дағдыларды бекітуде, тексеруде, үй тапсырмасын беруде 
және оны тексеріп, еске түсіруде іске асырылады. Бұл 
ұстаным оқушы меңгеретін білім мен біліктердің жеңілден 
ауырға, қарапайымнан күрделіге қарай дамытылып отыруын 
қажет етеді.
3. Оқытудың кӛрнекілік ұстанымы. Оқушыларға тілдік 
материалды дәл, анық түсіндіруде іске асырылады. Әрбір 
сабақта кӛрнекі құралды ұтымды пайдалана білу – сабақтың 
сапасын жақсартады. Оқушыны байқағыштыққа, оймен 
топшылауға жаттықтырады. Кӛрнекілік оқушының зат, 
құбылыс, туралы түсінігін нақтылай түседі, бақылау 
қабілетін жетілдіріп, ақыл-ойын дамытады. Сондықтан 
мұғалім ӛзі жасаған үлестірме қағаз, схема, таблица сияқты 
кӛрнекі құралдардың сапасына, тазалығына басты назар 
аударуы қажет.
Сабақ 
барысында 
таблицаларды, 
дидактикалық 
кестелерді, схемаларды, әр түрлі сериялы оқиғаға құрылған 
суреттерді кӛптеп қолдану тиімді.
Дидактика ілімінде кӛрнекілікті кескінделген және 
экранды-дыбыстық деп бӛлу дәстүрі қалыптасқан. 
Кескінделген кӛрнекі оқу құралдарына грамматикалық 
кесте, сурет, оқиғалы картиналар, схема, үлестірме кеспе 
қағаздары жатады.
Экранды-дыбыстық құралдарға дыбыстық-бейнетаспа 
жазулары, фонохрестоматия, күйтабақ, кодоскопқа арналған 
транспоранттар, компьютерлік сабақтар т.б. жатады.
4. Саналылық пен белсенділік ұстанымы оқушыларға 
грамматикадан білім беру барысында олардың саналы түсіну 
қабілетін дамытып отырады. Тілдің заңдылықтары мен 
ережелерін оқушылар жаттанды түрде емес, саналы түрде 
меңгеруі қажет. Демек, мұғалім материалды дәл, айқын 
түсіндіріп, оқушыларға материалды ӛз түсінігі бойынша 
айтқызып отырғаны орынды.


55 
Түрлі жаттығу жұмыстары арқылы оқушылардың ынтасы 
мен белсенділігін арттырып отыру – оқу үрдісінде нәтижеге 
жетудің алғы шартының бірі. Оқытудың интерактив әдістерін 
қолдану арқылы пікірсайыс ұйымдастыруға болады. 
Оқушының оқу белсенділігі сабаққа қызығушылығы болған 
кезде артады. Қызығушылық 
жағымды 
мотивтің 
туындауымен тығыз байланысты. ―Мотив‖ – белгілі бір іс-
әрекетті орындауға қозғау салу, соған итермелеу. Осы 
тұрғыда оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануға 
мүмкіндік жасалу керек. Оқушының оқуға деген белсенділігі 
артып, 
жұмысты 
ӛздігінен 
орындауға 
бейімділігі, 
қызығушылығы жүзеге асқан кезде ғана, оқушының саналы 
түрде материалды меңгеруі қалыптасады. Мәселен, ―Сӛз 
тіркесі және оған ұқсас тұлғаларды‖ меңгерту барысында 
оқушылардың оқу белсенділігі артады, яғни сӛз тіркесінің 
қыры мен сырын ұғынуға оқушылардың белсенділігі мен 
қызығушылығын арттырған кезде материалды саналы түрде 
меңгеру жүзеге асады. 
Тақырыптың негізгі ерекшеліктерін саналы түрде 
меңгерген оқушы ғана, оны әр уақытта басқа тұлғалардан 
ажырата алады. 
5. 
Теорияны практикамен байланыстыру ұстанымы 
оқушылардың теория жүзінде алған білімдерін ӛмір қажетіне 
пайдаланулары арқылы іске асады. Оқулықтағы теориялық 
материалды 
игеру 
онда 
берілген 
практикалық 
жаттығулардың 
берілуіне 
байланысты. 
Оқулықтағы 
жаттығулар оқушыларға ӛтілген тақырыптан алған білімдерін 
жан-жақты танытуға мүмкіндік береді.
Тіл дамыту т.б. жұмыстар әдемі сӛйлеуге, қатесіз, 
сауатты жаза білуге үйретеді. Конференцияларда баяндама 
жасауға, мақала жазуға дағды береді. Мұндай дағды ұзақ, 
жүйелі жүргізілген жұмыстар арқылы іске асады. Мұғалімдер 
оқыту ісінде бір жақты кетпей, яғни тілдік материалдарды 
ғана меңгертумен шектелмей, оқушылардың сол тілдік 
материалдарды сӛйлеулерінде, жазуларында дұрыс таңдап,
іріктеп ала білу, орынды қолдану қабілеттерін арттыруға да 
үздіксіз назар аударып отыруы тиіс. Оқушыларды таза, 
жақсы сӛйлеуге, әрдайым ӛз сӛзін бақылауға әдеттендіру 


56 
үшін, олардың стилистикалық орашолақты, жауапсыз 
сӛйлеушілікті мұғалімнің кешірмейтінін, ол үшін бағасы 
тӛмендейтінін жақсы білулері шарт. 
6. Түсініктілік ұстанымы оқу материалына дәл анықталған 
материалды ендіруді, оқушылар меңгере алатындай ғылыми 
терминдер мен ұғымдарды пайдалануды кӛздейді. Жалпы 
бұл ұстаным, негізінен, оқулықтағы тілдік, практикалық 
материалдардың тілінің түсініктілігімен тікелей байланысты. 
Сондай-ақ, оқу материалын меңгертуде мұғалімнің жаңа 
білімді баяндап, түсіндіруіне да байланысты. Мұғалім
тақырыптарды түсіндіргенде бұл тақырыптың тілдің басқа 
салаларымен тығыз байланысты екенін естен шығармай, 
оқушылардың естеріне ӛткен сабақтардан алған білімдерін 
түсіреді.
7. Жеңілден ауырға қарай ұстанымы арқылы материалды 
түсіндіреді. Бірақ бағдарламалық материалды жеңілдетемін 
деп, оны не ықшамдауға, не үстіртін ӛтуге болмайды. Бұл 
ұстанымның нәтижелі болуы мұғалімнің сабақты тартымды, 
қызықты жеткізуіне байланысты. Оқулықтағы материалдың 
жүйелі, түсінікті, сапалы болуы мұғалімнің жұмысын 
жеңілдетеді.
8. Оқушылардың психикалық дара ерекшеліктерін ескеру 
ұстанымы. 
Оқушыларға теориялық білім мен практикалық дағды беруде 
олардың психикалық қасиеттері, оқуға бейімділігі мен 
икемділігі ескеріледі. Мұғалім әрбір сабақтың үстінде 
оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс 
жүргізеді. Сабақты нашар және орта меңгерген оқушыларға 
жеке тапсырмалар береді. Әрбір баланың темпераментін 
назарға ала отырып жұмыстар орындатады. Осымен 
байланысты саралап оқыту жүйесін қолдануға болады. 
Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту да оқушылардың жеке 
мүмкіндіктерін ашуға кӛмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет