Курсы бойынша студенттердің алған білімдерін тексеру мақсатында тест тапсырмалары берілген. Еңбекті студенттер мен мектеп мұғалімдері оқу құралы ретінде пайдалануына болады



Pdf көрінісі
бет16/66
Дата21.11.2023
өлшемі0.94 Mb.
#483900
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66
Kazak tili okytu adistemesi Orazbaeva

жүйелілік ұстанымын, материалды дұрыс орналастыру 
ұстанымын, алдын-ала болжау ұстанымын, саналылық 
ұстанымын, оқытудың берік, тиянақты болу ұстанымын
теория 
мен 
практиканы 
ӛмірмен 
байланыстыру 
ұстанымын, оқытудың кӛрнекілік ұстанымын ұсынады 
[11,32-34]. 
С.Қазыбаев балаларды тәрбиелеу әрі дамыту, оқу 
материалын саналы меңгерту, ғылыми дұрыс білім беру, 
білім, білік, дағды беріктігі, түсініктілік, кӛрнекілік, 
оқушылардың оқу еңбегінде кӛрсеткен белсенділігі мен ӛздік 
жұмысы, білімнің жүйелілік және бірізділік, оқытудың 
сабақтастығы ұстанымдарын, барлығы тоғыз ұстанымның 
қажеттігін айтады [12,6-9]. 
Әдіскердің 
ұсынған 
сабақтастылық 
ұстанымы 
Б.Құлмағанбетова ұсынған алдын-ала болжау ұстанымына 
ұқсас. Дегенмен, айырмашылығы да бар. Бұл екі ұстаным да 
алдыңғы сабақта ӛтілген материалдың толықтырылатынын 
ескертеді. Бірақ, алдын-ала болжау – алдыңғы сабақта 
оқытылатын материалды меңгертудің тиімділігін алдын-ала 
болжап, бастауыш сыныптарда ӛтілген тақырыптар жоғары 
сыныптарда толықтырылып ӛтілетініне сүйенеді. Ал 
сабақтастық ұстанымында әр күн, әр тақырып, әр бӛлім бір-
бірімен сатылап байланысады.
Ә.Исабаев ұстанымдарды ғылыми, жүйелі, кӛрнекілік, 
саналылық 
пен 
белсенділік, 
теорияны 
практикамен 
байланыстыру, түсінуге жеңіл қолайлылық, оқушылардың 
психикалық 
ерекшелігін 
ескеру 
ұстанымдары 
деп 
топтастырады. Әдіскер ұсынған оқушылардың психикалық 
ерекшелігін 
ескеру 
ұстанымы 
басқа 
әдіскерлердің 
еңбектерінде кездеспейді [13,5-11]. 
А.Әбілқаев оқытудың тоғыз ұстанымын ұсынады. 
Әдіскер ұсынған жаңа ұстаным – перспективті ұстанымы. 
Перспективті ұстанымы оқыту тек әрбір сабақтың ғана 
мақсатын кӛздемей, сол сабақта не оқытылады, қазіргі 


53 
оқытылып жатқан материалды оқушылар ұққанда, оның 
келешекте ӛтілетін материалды меңгеруге қандай кӛмегі бар 
дегенді негізге алады [14,22-25].
1. 
Оқытудың 
ғылымилық 
ұстанымы 
бойынша 
оқулықтардағы тілдік материалдардың мазмұны тіл білімі 
саласындағы ұғымдар мен олардың құрылымына сәйкес келуі 
тиіс. Қазақ тілі пәнінің бағдарламалары мен оқулықтары осы 
ұстанымға сүйеніп жасалады. Оқушыларға қазақ тілінен 
берілетін білім лингвистикаға байланысты қаралады. Тілдің 
ең негізгі белгілерін ұстаз ой елегінен ӛткізіп, оқушыларға 
жеткізеді. Тек ғылымға сүйенген пән ғана жас ұрпақты жан-
жақты тәрбиелеуге кӛмектеседі.
Педагог-әдіскер Ә.Исабаев ғылыми ұстаным тӛмендегі 
ӛлшемдерге сай болуы қажет деп есептейді: 
1. Меңгерілетін объектінің термині анық болуы қажет… 
2. Қазақ тілінен берілетін тақырыптардың дәлділігі талап 
етіледі… 
3. Тілдік тақырыптардың ӛзіндік белгілері сараланып 
алынғаны абзал… 
4. Қазақ тілінен берілетін материалдардың анықтамалары
мен ережелері дәл болғаны абзал… 
5. Тілдік тақырыптарға байланысты берілетін практикалық 
дағдылардың да кӛлемі дәл болғаны жӛн…[15,6-7].
Демек оқулық осы айтылған ӛлшемдер негізінде жасалуы 
тиіс. Тақырыпты бұрын берілген білімді еске түсіруден 
бастаған жӛн. Бұл тұста ғылыми ұстанымның жүйелілік 
ұстаныммен тығыз байланысты екенін есте ұстау қажет. 
Тақырыптарды ӛту барысында сол тақырыпқа 
байланысты тіл ғылымындағы соңғы жаңалықтарды да 
енгізіп, айту қажет. Тіл білімінде ӛзінің шешімін тапқан 
мәселелер туралы терең мағлұмат беру, оқушының пәнге 
деген қызығушылығын арттырады. Оқушы білімі тек оқулық 
деңгейінде қалып қоймайды. Осы ретте оқытудың ғылыми 
ұстанымы зор рӛл атқарады. Мұғалім теория мен практика 
арасындағы диалектикалық байланысты естен шығармауы 
керек. Әр тақырыптың тіл жүйесіндегі орнына оқушының 
кӛңілін аударту олардың сол білімді саналы игеруіне 
кӛмектесумен қатар, танымдық қабілеттерін дамытады.


54 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет