57
3. Бағдарламаның ішкі құраушы компоненттерін
талдау
Студенттердің ӛздік жұмысы
1. С.Аманжоловтың әдістемелік еңбектерін талдау.
2. Қ.Жұбановтың жеке пәндердің әдістемесін жасаудағы
ізденістері
3. Бағдарламаның ішкі құраушы компоненттерін талдау.
4. Қазақ тілін оқытудың ӛзіндік ұстанымдары /реферат/
5. Тілдің
жекелеген
тақырыбының
ерекшеліктерінен
туындайтын ұстанымдар /конспектілеу/
Студенттердің оқытушымен бірлескен ӛздік жұмыстары
1. Бағдарламаның жасалу жолдарын талдап, таразылау.
2. Ғалым-әдіскерлердің ұсынған ұстанымдарына сараптама
жасау.
Тапсырмалар
1-тапсырма
7-сынып оқулығына
арналған бағдарламаны талдап,
ӛзіндік тұжырым жасаңыз.
2-тапсырма
Қ.Жұбановтың ―Қазақ тілі грамматикасындағы‖
―Сӛз
бӛлшектерінің жасалуы үйдің салынуы сияқты. Ағаш, тас,
кірпіш, балшықтарды қалай болса, солай құрастырып үйе
салса, үй болмайды, тек үйіншік болады. Үй болу үшін
қиынын тауып қалап, байлауын тауып ұстатып; адам
тұратын бӛлме ме, мал қамайтын қора ма, астық жиятын
сарай ма? – қайсысы екеніне – керегіне қарай тиісті түр
беру керек‖ немесе
―Сӛз бӛлшектерінің кітап, әңгіме
сияқты ірілері бол, әріп, дыбыс сияқты ұсақтары бол, - қай-
қайсы да, бітулі киімдей, айналасы кӛмкерілген бір бүтін
нәрсе. Сӛйте тұра бұлардың бүтіндігі бір тұтас, сом
бүтіндік емес; киімнің ӛңір, шабу, арт бой, жең, жаға
бӛлшектерден құралатыны сияқты, әр бӛлшектің ӛзінің ішкі
бӛлшектері бар; әрқайсысы сол ішкі бӛлшектерден
58
қиындалып, құралып барып жасалады‖ ,- деген пікірін қалай
түсінесіз. Қазіргі оқу жүйесімен салыстырыңыз.
3-тапсырма
Сабақ беру процесінде оқушылардың дара ерекшелігін
қалай ескересіз. Бірнеше мысалдар келтіре отырып,
пікіріңізді дәлелдеңіз.
4-тапсырма. Педагогикалық жағдаятқа талдау жасау.
Айман балалар үйінде тәрбиеленген қыз.
Оның жасы 14-
те. Әке-шешесі – ата-аналық құқықтан айырылған адамдар.
Айман тез ашуланғыш, қатыгез, ұжыммен қарым-қатынасы
қиын. Тәрбиеші-мұғалім Айманмен бірі күні әңгімелесті.
Сабаққа кіруге қоңырау соғылып, мұғалім Айманмен келесі
күні әңгімелерін жалғастыратын болып келісті.
Келесі күні үзіліс кезінде Айман мұғалімнің кабинетіне
жүгіріп келді. Бірақ мұғалім басқа бір топ балалармен
сӛйлесіп тұрды да, Айманға назар аудармады. Айман ӛзіне
тән ашулы мінезіне салып, терезені қолымен бір қойып
қалғанда, сынған терезенің әйнегіне қолы жарақаттанды.
Абыржып жүгіріп келген мұғалімге:―Былай тұрыңыз! Мен
сізді кӛргім келмейді, кӛргім келмейді,‖-деп, жүгіріп шығып
кетті.
Сұрақ:
1. Мұғалім бұл жағдаятта қандай қателік жіберді?
2. Оқушының қай қасиеті ескерілмеді?
3. Мұғалімнің орнында
сіз болсаңыз, не істер едіңіз?
Достарыңызбен бөлісу: