1.2. Ағылшын тілі сабағында грамматиканы меңгерудегі тиімді
әдіс-тәсілдер
XXI ғасыр білім мен ғылымды инновациялық технология бағытын дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы деп есептеледі.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді жүзеге асырудың бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Мектептерде оқу сапасын жақсартуда әр түрлі технологияларды пайдалану тәжірибиеге еніп, өз деңгейінде нәтижесін беруде. Елімізде білім беру саласында қазір демократияландыру, ізгілендіру іске асырылуда. Ағылшын тілі ана тілімен қоса оқушының сөйлеу қабілетін және жалпы дамуын ғана жетілдіріп қоймайды оны өзін қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасау мәдениетіне де үйретеді. Оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру мектепте берілетін білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады, оқулықпен және басқа да оқушылармен арым-қатынас барысында оқушы барлық пәндерді меңгереді. Шетел тілін оқушыларға үйреткенде біз лдарға басқа халықтың мәдениетіне, әрі дүниежүзі мәдениетіне жол ашамыз, басқа халықтармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туады.
Қазақстан Республикасы әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлімен маңызы арта түсті. Мәдениетті жоғары XXI-ғасыр адамын қалыптастыру міндеті білім беру ісін ірілендіру қажетті мектеп мен қоғам алдында ғана маңызды мәселелер қойып отыр. Жалпы орта білім беретін мектептерде шетел тілінің мазмұны анықталып, оған қойылатын талаптар нақтылауда. Шетел тілін ана және орыс тілімен қатар оқыту арқылы мұғалім оқушылардың тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, оларды өзін қоршаған айналадағы адамдармен қарым-қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушылардың шетел тілінде сөйлеу қабілеттерін дамыту мектепте берілетін білім мазмұны мақсаты болып табылады. Шетел тілі арқылы оқушылар әлемді таниды, тілін оқып жатқан елдің мәдениетімен, өмірімен танысады.
“Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі жойылады” – деген К.Ушинскийдің даналығында.
Бүгінгі қоғам мұғалімнің біліктілік деңгейіне де, ішкі жан дүниесіне де жаңаша талап қойып отыр, себебі XXI ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Мектептегі басты тұлға мұғалім, ал осы мұғалім алдында тұрған басты мақсат рухани жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған жеке тұл,аны қалыптастыру.
Оқушының оқу дағдысын қалыптастыруда жалпы жазба тілі мен ауызекі сөйлеу тілі тікелей байланысты. Оқушыларды шығармашылықпен ойлауға тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті. Сондықтан бұл жұмыс түріне ерекше талап қойылуы керек. Мәтінді мазмұндауға үйрету, жазбаша сұрақтарға жауап беруге үйрету, белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға, мұғалім көмегімен өздерінің ойларын, іс-әрекеттерін әңгімелеуге үйрету. Бұл дағдыларды қалыптастыру үшін ұстаз ерінбей еңбек ету арқасында ғана көптеген биік белестерге жете алады.
Қандай тілде болмасын оқу, жазу, сөйлеу, тыңдау дағдыларын дұрыс қолданып іске асырған кезде, мақсатқа қол жеткізуге болады. Мысалы, мәтін оқыған кезде ашық жауап, дұрыс-бұрыс жауап таңдау сұрақтары, кім? не? сұрақтары, тақырыптарды параграфтармен, суреттермен байланыстыру, мәтіннен қателер табу, бос жерлерді, таблицаларды толықтыру, мәтіндегі сөздер мен тіркестердің мағынасына тоқталу, мазмұн туралы пікір білдіру, байланыс тіркестерін табу сияқты тапсырмаларды орындау арқылы кез-келген дәрежедегі мәтіндерді қызығушылықпен меңгеріп, есте сақтауға жағдай жасалады. Сонда ғана оқу стратегиясы толықтай жүзеге асырылады.
Оқушылардың шет тілінде дұрыс сауатты сөйлеуінде тілдік материалды меңгерудің рөлі өте зор. Сөздік жұмыс мәтінде кездесетін жаңа сөздерді іздеумен қоса түрлі тұрақты сөз тіркестерді, қосымша мағыналы сөздермен жаттығулар орындау арқылы жүзеге асырылады. Фонетикалық материал бір қарағанда, жоғары сыныптарға қолданған кезде пайдасы жоқ сияқты болғанымен, кейбір дыбыс емлесінің ерекшеліктері, дауыс ырғағы, екпін түсіру сияқты нәрселерді сабақта еске түсірудің маңызы зор. Оның бәрі оқушының тілге деген қызығушылығын арттырып, сабақтың әсерлі өтуіне септігін тигізеді.
Еліміз жылдар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізісімен, шет тілі де мемлекетаралық тіл мәртебесіне ие болды. Ендігі кезекте шет тілін қолдану аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі болды. Осы орайда мектептерде ағылшын тілі пәніне көңіл де, ықылас та жылдан жылға артып, оны оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды.
Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейіне сай қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқытатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша жеткізуді қалай үйрету керек?
Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданған дұрыс?
Білім беру саласында түрлі технологиялар еңгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап,сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдана білу басты талаптардың бірі. Мәселе технологияларды кеңінен пайдалану емес, мәселе – тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде.
Инновациялық технологиялардың көптігіне, олардың түрі мен әдістерінің сан – салалығына қарамай, әр технология элементтері өзара бір-бірімен байланысып отырады.
Ағылшын тілі сабақтарында компьютермен жұмыс істеу де ерекше орын алады. Қазіргі таңдағы техникалық оқыту құралдары – телефон, теледидар, магнитофон, мультимедиялық кабинет арқылы оқыту тілдерді меңгерту қызметіне жаңаша қарауды, бұл бағытта қол жеткізген жетістіктерді сын көзбен қарап, саралап ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін енгізуді қажет етеді.
Шетел тілін үйретудегі мұғалімнің негізгі мақсаты әртүрлі әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың тілін дамыту, сөйлеу, жазу іскерліктерін арттыру.
Белгілі ғалым Н.Д.Гальскованың айтуы бойынша, кіші сынып оқушылары шетел тілдерін меңгеруге өте бейім. Баланың имитациялық қабілеттері, табиғи қызығушылығы әрқашан жаңаны меңгеруге қолайлы жағдай жасайды.
Мотивация факторлары мыналар:
- Оқу мазмұнының әртүрлілігі
- Оқушы мен оқытушы байланысының жанды интенсивті болуы
- Оқытушы тұлғасы
Қазақ әдебиетінің классигі, Ұлы Абай атамыз: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», - деген. расында да, тек қана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана өз мақсатына жетеді.
Ағылшын тілі мұғалімі оқушылардың тіліне деген қызығушылығын арттыру үшін тек қана оқулықты ғана емес, басқа да қосымша материалдарды газет, журналдардан, тіпті интернет көзінен де қолдануы тиіс. Оқушылар материалды толық және тез меңгеру үшін, мұғалім көп көрнекі құралдарды пайдаланып, сабақты дұрыс ұйымдастыра білуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |