Жаттығу диктанты. Мұғалім сөйлем оқиды. Жазуға қиын сөз тақтаға жазылады, келесі бір оқушы сөздің ішіндегі әріптерді атап шығады. Содан кейін, балалар сөздерді дәптерлеріне жазады, ал мұгалім қатарлардың арасынан жүріп оқушылардың жұмысын кадағалайды. Сөйлемді дұрыс жазған бала тактаға шығып, сөйлемді жазады. Диктанттың бұл түрі 10 - 12 минутка созылады. Диктантты өз бетімен жазу. Үйде жаттап келген мәтінді не тақпақты оқушылар сыныпта жатқа айтады, кейін сол тақпақты не мәтінді даптерлеріне жазады Үлгі бойынша сөйлемді жазу. Бұл диктанттың қиын түрлерінің бірі, себебі оқушылар оны жазу үшін сөйлемді өз бетімен жалғастырады. Ә) Аяқтау: he smiled because. Б) Жалғастыру: The students wrote+adj+noun+adv 4. Сұрақтарға жауап беру Шығарма жазуды үйрету үшін мынадай жаттығуларды қолдануға болады A) естіген немесе оқыған әңгімені жазу. Білім деңгейі төмен сыныптарда әңгіменің манызды сөздерін тақтаға жазып қою керек. В) оқыған мәтінге жоспар құру. Г) тақырып бойыншашығарма. Басында оқушылар жоспар құрады, кейін жоспар бойынша әңгіме жазады. Г) хат жазу. Әдетте мұғалім ағылшындықтардың хатты қалай бастап жазып, немен аяқталатынын түсіндіреді. Грамматика сабақтарында өтіліп отырған материалға оқушылардың ой жүгіртуіне, пікір айтуына қарай индуктивтік және дедуктивтік әдістер қолданылады. Мұғалім бірде (индуктивтік жағдайда) тіл құбылыстарын жеке-жеке тусіндіріп, соған жалпы қорытынды шығартады;бұл жолдан қолданылған әдіс индуктивтік деп аталады. Ал екінші жағдайда (дедуктивтік әдісте) анықтаманы не ережені хабарлап, сонан соң оны нақты материялға қолдану (берілген сөздерді, сөйлемдерді немесе тексті талдауды) ұсынады, өздеріне мысал келтіртеді. Мұндай жолмен ұйымдастырылған жұмыста қолданылатын әдіс дедуктивті әдіс ретімен жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |