Курстық ЖҰмыс тақырыбы: “Ағылшын тілі сабақтарында грамматикалық жаттығуларды орындаудың тиімді әдіс-тәсілдері”


Тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізудің әдістері



бет5/15
Дата26.05.2023
өлшемі243 Kb.
#474315
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
araichok 124 2kaa (1) 5

1.3.Тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізудің әдістері
Тіл дамыту жолдарын дұрыс ұйымдастыру оқушылардың ойлау қабілетін, сауаттылықты арттырудың негізгі жолы. Бұл мәселе ағылшын тілі пәніне де байланысты. Осы саладағы пәннің қызметі мектеп оқушыларын шетел тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу. Осы жолда мұғалімнің шығармашылық белсенділігі, іскерлігі үлкен көрініс табады.
Мұғалім сабақтың әр минутын тиімді және дұрыс пайдаланған кезде ғана көздеген нәтижеге жетеді. Бұл нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалім тіл дамыту жұмыстарын өз деңгейінде ұйымдастыра алуы қажет.
Ал оны қалай тиімді етіп жүргізуге болады?
Сабақта баланың ойын осы сабаққа аударатындай тиімді әдісті қолдана отырып бастау қажет. Ол әдістің бірі – диалог. Бұл әдіс бір жағынан оқушының тілін шетел тілінде сөйлеуге жаттықтыру болса, екінші жағынан диалог арқылы оқушымен тікелей әңгімелесу болып табылады. Диалогты үлгерімі орташа оқушыларға пайдаланған тиімді болып табылады. Диалог арқылы әр сабақта оқушымен сөйлескен кезде сұрақтар қоя отырып, бүкіл сыныпты жұмылдыра отырып балалардың зейінін өзіне аудару арқылы түрлі тіл дамыту жұмыстарын жүргізуге болады.
Күнделікті сабақ барысында тілді дамыту үшін мынандай тәсілдерді пайдалануға болады:
-сөздік арқылы тіл дамыту.
-мәтінге байланысты тіл дамыту.
-көрнекі құралдар арқылы тіл дамыту.
-үйірмеге және басқа жұмыстарға қатысу арқылы тілді дамыту.
Ағылшын тілінің негізгі мақсаты оқушыларға тіл үйрету болғандықтан, негізгі жұмыс сөз үйрету болып табылады.
Ағылшын тілі сабағының негізгі арқауы – тіл дамыту жұмыстары болуы тиіс. Оқушылардың фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдар туралы мағлұматтар мен анықтамаларды, түсініктемелерді ағылшын тілінде дұрыс пайдалануды игеруі, өз ойын нақты жүйелі түрде еркін жеткізе білу қабілеті тіл дамыту жұмыстарының дұрыс ұйымдастырылып, талапақа сай жүргізуіне байланысты.
Тіл дамыту жұмыс тәсілдері төмендегідей:

  1. ГрамматикАлық тапсырмаларды түсіндіріп беру

  2. Мазмұнды суреттермен жұмыс ұйымдастыру

  3. Оқушыларды топқа бөліп, өзара сөйлестіру

  4. Белгілі бір тақырыпқа берілген әңгімені жалғастыру

  5. Шағын көрініс даярлау

  6. Мәтінмен жұмыс жүргізу

Осының ішінен ең басты алатын орын – мәтінмен жұмыс.
Мәтінмен жұмыс жүргізу барысында қойылатын басты талаптардың бірі ол берілген материалды түсініп оқу. Себебі оқушы оқып тұрған әрбір сөздің, әрбір сөз тіркесінің беретін мағынасын, грамматикалық тұлғасын түсінбейінше сөйлемдегі айтылар ойды қабылдай алмайды. Сондықтан алғашқы сабақтардан бастап ағылшын тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтқыза отырып, әрбір оқылған сөзді, сөз тіркесін, сөйлемдерді, мәтінді түсініп оқуға баулу қажет. Егер мұғалім мәтін бойынша тек: оқу, аудару, сұраққа жауап беру, мазмұнын әңгімелету сияқты түрлерін пайдаланса, бұл біркелкі болып келіп, оқушыларды жалықтырады және осы пәнге деген қызығушылығын төмендетеді. Ал шығармашылықпен жұмысты мынандай тәсілдерді пайдалана отырып өткізуге болады:

  1. Мәтінді өзгертіп баяндау

Мысалы: “In my opinion”, “Based on my experience”, секілді сөз тіркестерін қолдану.

  1. Мәтіннен іріктеп алынған сөздерге морфологиялық талдаулар жасата отырып, түбірлес сөздерді анықтау.

Бұл жұмыс түрлері өтілген грамматикалық ережелерді есте сақтау, іс жүзінде пайдалана білуге жаттықтырады.
3. Тілді жақсы білетін оқушылар үшін белгілі бір сөйлемнің құрамындағы сөздерді синонимдермен алмастыруды тапсыруға болады.
4. Мәтіннің құрамындағы сөйлемдердің ретін алмастыра отырып, әңгіме құрастыру. Берілген сөйлемдерді оқиға желісіне сүйене отырып, әңгіме құрастыру. Жұмыстың бұл түрі мәтін құрамындағы әрбір сөздің мән-мағынасын нақты түсінуге, яғни сөздікпен жұмыс істеуге ықпал етеді.
5. Берілген мәтінге сүйене отырып диалог құрастыру.
Мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстың басқа түрлеріде көп:

  1. Оқылған әңгіменің мазмұнын қысқаша, тұжырымды түрде әңгімелету

  2. Мәтін ішінен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді табу

  3. Белгілі бір жоспар бойынша мазмұнын айту

  4. Мәтін бойынша сурет салғызу

Оқушының тілді меңгеруге ықыласын, ұмтылысын, қызығуын арттыратын ең тиімді технологияның бірі – Нұрша Оразақынованың “Сатылай комплексті талдау” технологиясы болып табылады. Себебі, бұл технологияның жұмысы жаңа сабақты түсіндіру де немесе қайталап қорытындылауда да қолдануға қолайлы. Өйткені оқушыға мәтінді үйретуде бұл технология білімді сатылап, жүйелеп бірізділікпен меңгертеді.
Сейлеу екі жақты үрдіс. Ол біріншіден таңдап түсінуден, екіншіден сөйлеуден тұрады.
Сөйлеудің екі түрі бар. Олар:
1) Диалогтық
2) Монологтық
Бағдарламада ауызша сөйлеуге мынадай талаптар қойылган:
1) Сөйлеу тілін түсіну
2) Бағдарлама алынған мөлшерде шет тілінде әңгіме жүргізе білу, сөйлей білу.Бұл - сөйлеудің тәжірибелік мақсаты. Ауызша сөйлеу шет тілін үйретудін маңызды құралы. Ол лингвистикалық материалды таныстыру құралы: дыбыстар, сөздер, граматикалык құрылымдар. Және бұл сөздік үлгілер мен сөздікті меңгеру құралы, әрине, ол айту дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Сөйлеу - сабақтың маңызды бөлігі. Ауызша – сөйлеу оқушылардың мәтінді тыңдау мен оқу кезіндегі оқылған материалды тексеру құралы.
Тыңдау, түсіну, меңгеру оқушылар үшін қиынға соғады, себебі олар дыбыстарды жылдам айырып, ойында сақтап түсінуі керек. Оқушылар бұл процесті өзінің туған тілінде өте жеңіл орындайды, ал шет тілінде қатты қиналады. Сондықтан, тыңдағанда өте, зерек болу керек және ойлай білу керек. Ерік - зейінін, есте сақтауға көмектеседі.
Ол үшін негізгі факторды еске сақтау қажет:

    • Лингвистикалық материал

    • Материалдың мазмұны

    • Материалды беру жағдайы

Оқушыларға шет тілін үйретуде 3 қиыншылық бар:
фонетикалық, лексикалық және грамматикалық.
Фонетикалқ киыншылықтар ағылшын тілі мен қазақ тілінің дыбысты
құрамының айырмашылығында кездеседі. Ағылшын тілінің дыбыстарын өз тілінің дыбыстарына ұқсатып айтады
Мына создерді киндыкпен айтады:

  • Worked-walked,

  • first-fast-forced,

  • lion-line,

  • tired-tide,

  • bought-boat-board.

Дауыс ырғағындағы айырмашылықтар да түсінуді қиындатады.
Мысалы: Good morning!
Сондықтан тыңдау дағдыларының , дыбыстар мен дауыс ырғағының жаттығулары өте қажет.
Лексикалық қиындықтар- ағылшын тілінің аналитикалық құрылысымен және инфинитив, көсемше құрылымдарынын өте көп қолданылуына байланысты.
Мысалы:
'The horse is slipping. The horse is sleeping.
Міне, осындай сөйлемдерді түсіну өте қиын, сөздерді шатастырады.
Ағылшын тілінде грамматикалық омонимдер де қиндық туғызады.
Мысалы: to work-work6 to answer-answer, - ed Past Ind. Participle 2
Бұлардың бәрін тыңдап айыру қиын.
Тыңдауға берілген материалдың мазмұны да түсіндеуге әсер етеді.
Тыңдаута арналған материалды дайындау үшін мыналарды ескеру қажет:
А) материал тақырыбы түсінуге жеңіл ме? Қандай қиын сөздер бар?
Э) материал түрі: суреттеу ме, әңгіме ме?
Б) материал үзінді ме, ілде толық па?
В) материалды тыңдауга әзірлік,
Г) материал диалог түрінде ме, әлде монолог па? Монологтық сөйлеу оңай сондықтан тыңдауға тиімді.
4. Материялды тыңдау жағдайы өте маңызды.
1. Сөйлеу жылдамдығы
2. Сөйлеу қарқыны: басында жәй басталуы кажет.
Сөз топтарының арасында пауза болуы қажет.Тыңдаудың соңында қарқыны қалыпты деңгейге 1 минут - 150 сөзге жетуі керек. Орташа қарқын 120 сөз, жәй қарқын - 95 сөз.Қайталау жиілігі 1 немесе 2 рет.Сөйлеп тұрған адамның барлығы, егер таза тілде сөйлеуші адам өзі тұрса өте жақсы. Ал ең қиыны диалогты тыңдау керек.
«Көру» құралдары заттар немесе қимыл тектес болуы мүмкін. Олар көруге, естуге, тыңдауға көмектесу қажет.
Сөйлеушінің дауысы да тыңдаушыға әсер етеді. Мұғалімнің дауысына үйреген оқушылар басқа адамның сөйлегеніне түсінбеуі мүмкін. Сондықтан мұғалім дауыс ырғағын барынша өзгертіп отыруы қажет. Ағылшын тілінде сөйлеу - тілді игерудің ең қиын түрі, бір екі сөзден тұратын сөйлем құрастыру үшін сөйлеу дағдысын қалыптастырып, машықтану керек.
Бул көп дайындықты қажет етеді, ал мектепте оқушы өз ойын айтып түсіндіруі киын. Мұғалімнің бұл үшін қолданатын әдістері өте аз. Оқушы жәй ғана естігенін қайталайды, үлгі бойынша берілген сөздерді жазады.
Әрине, бұл механикалық жаттығулар өте қажет, бірақ жылдан жылға оларды сөйлеу мағынасыз қолдану ешқандай пайда бермейді. Оқушы бір нәрсе туралы айтқысы, түсіндіргісі немесе сұрағысы келсе тілдік корын пайдалануы қажет және оған мұғалім көмектесіп отыруы қажет,осы психологиялық фактор үнемі есте сақталуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет