Thin - thinner Swim - swimmer Негізгі сөз құрайтын жұрнақтар: «Ful», «less», «use», «useful», «useless» Шығарма хат арқылы өз ойларын жеткізу балаларға қиын, себебі оқушылар дұрыс сөздерді, грамматикалық формаларды табуда көп қиналады. Жазуға үйрету шет тілін үйретудегі өте манызды және күрделі жумыстардың бірі жазу. Ағылшын тілін жазуға үйрену дегеніміз - сол тілдің әріптік және дыбыстык жүйесін білу, оны сойлей, айта, қолдана білу. Жазу каллинһграфиядан орфографиядан және шығарма жаза білуден тұрады. Жазуды үйрену мынадай дағдыларды білуден тұрады: Алғашкы алфавиттің әріпін жаза білу дағдысы Сөз және сөйлемдер орфографиялық қателерді түзете білу дағдысы Оқушыларды таза, жақсы жазуға үйрету ушін мұғалім өзі жақсы жаза алуы керек. Тақтадағы көрнекі құралдар да өте жақсы талапқа сай жазылуы керек. Орфография, катесіз жазу,әріптерге бөліп жазу. Жазуға үйрету және орфографияда кездесетін қиыншылықтарды жою үшін мұғалім төмендегідей жаттығуларды жасата алады: 1. Көшіру ұқсас сөздер:room-spoon-moon Оқушылар бұл сөздерді жазғанда оның құрамындағы әріптерді атауы керек. Ережеге бағынбайтын сөздерге көп коңіл бөлу керек: Sure; usual; clerk; soldier Оқушыларды таныс фразаларды, сөйлемдерді көшіру арқылы жазуға үйретуге болады. Диктант жаттығудың қиындау түрі. Диктанттың мынадай түрлері бар: Көріп жазу диктанты. Мұғалім тақтаға сөзді, фразаны, сөйлемді жазады, ал балалар оларды оқып жазылу жолдарын есте сақтауға тырысады. Содан кейін муғалім сөздерді тақтадан өшіріп тастайды, ал балалар естерінде қалған сөздерді дәптерлеріне жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |