(А.Н.Леонтьев, К.Э.Фабри бойынша.)
Кесте 2
Псикалық бейнелеу деңгейі мен стадиясы
|
Ерекшеліктері
|
Бұл даму деңгейіне жеткен тіршілік иелері
|
І.Элементарлы сенсорлы психика стадиясы
|
|
|
І.І. Төменгі деңгей – сезгіштік элементінің примитивтілігі, тітіркенушіліктің дамуы
|
Ортаның биологиялық мәнді ерекшелігіне байланысты нақты, анық реакцияларды қозғалыс бағыты мен жылдамдықты өзгертуге бағыттау. Қозғалыстың қарапайым формалары. Мәнерлі тәртіптің әлсіздігі, биологиялық бейтарап. Ортаның өмірлік маңызы бар әсерлеріне қалыыптаспаған, қабілеттілік әлсіз, бағытталмаған қимыл-қозғалыс белсенділігі.
|
Арапайым төменгі, көпклеткалы организмдер.
|
І.ІІ. жоғары деңгей – түйсіктің болуы, манипуляцияның негізгі органы – жақтың пайда болуы. Қарапайым шартты рефлекстерді қалыптастыруға қабілеттілігі.
|
Биолог. Бейтарап тітіркендіргіштерге анық реакция, дамыған қимыл-қозғалыс, жағымды тітіркендіргіштерді белсенді іздеу. Индивидуалды тәжірибе үйрену ролі мөлшерінің аздығы. Тәртіпте негізгі мән – қатал туа біткен бағдарламалар.
|
Сақиналы құрттар, бауырымен жорғалаушы молюскалар және т.б.
|
ІІ. Перцептивті психика стадиясы.
|
|
|
ІІ.І. Төменгі деңгей – сыртқы әрекетті заттардың формасы, образына қарай бейнелеу. Интеграция зат образын жүйелеуде әсеретуші факторлерді біріктіру.
|
Қозғалыс дағдыларын қалыптастыру. Ригидті, генетикалық бағдарланған компоненттер басымдылық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс қабілеттілігі күрделі және әртүрлі (сүңгу, жүгіру, секіру, өрмелеу,ұшу және т.б.., жағымды тітіркендіргіштерді белсенді іздеу.Жағымсыздардан бас тарту, дамыған қорғаныс тәртібі.
|
Балықтар және т.б. омырқасыз жәндіктер.
|
ІІ.ІІ. Жоғары деңгей – ойлаудың элементарлы формалары.
|
Әрект-қылықтың жоғары дамыған инстинктивті формалары. Үйренуге деген қабілеттілік.
|
Жоғары омыртқалылар
|
ІІ.ІІІ. Ең жоғары деңгей – практикалық әрекеттерде ерекше бағдарлама –зерттеушілік, дайындық формаларын анықтау. Бір міндетті түрлі жолдармен шешу қабілеттілігі. Бір рет табылған шешімді жаңа жағдайға тасымалдау. Қарапайым құралдарды әзірлеу, оны іс-әректте қолдану. Биологиялық қажеттіліке байланыссыз қоршаған ортаны танып білу қабілеттілігі.
|
Арнайы маманданған органдар манипуляциясын анықтау: табан, қол. Әрекет-қылықтың зерттеушілік формаларының дамуы. Олардың бұрын қабылданған іскерлік, білім дағдыларын кеңінен пайдалану.
|
Маймылдар және кейбір жоғары омыртқалылар.
|
Жануарлар психикасының ерекшеліктері эволюцияда қалыптасқан тума (инстинктік. әрект-қылығымен, олардың жеке ауыспалы немесе дағдылы әрекет формаларыжәне интеллекттік әрекет-қылыққа байланысты анықталады.
$$$002-003-002$3.2.3.2 Сұрақ атауы 3 Жануарлар психикасының ерекшеліктері.
3. Адамның шығу тегін, тарихи даму кезеңдерін, нәсілдік ерекшеліктерін, материалдық және рухани қазыналарын зерттейтін ғылым антропология деп аталады.
Ағылшын ғалымы Ч. Дарвин өзінің эволюциялық ілімінің қағидаларының адамға да қатысты деп саналады. Ол адам заты адам тектес маймылдардан пайда болған деген пікірде болды. 1871 жылы оның «Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу» деген еңбегі жарық көрді. Бұл еңбегінде жалпы тіршіліктің тарихи даму кезеңінде адам ең соңында пайда болғанын, әрі жоғары сатыда тұратындығын атап өтті. Ч. Дарвин адам тектес маймылдар мен адамның арғы тегі бір тармақтан таралған деген қорытындыға келді. Сонымен бірге ол адмның тарихи даму кезеңінде әлеуметтік факторлардың маңызды орын алатындығын ерекше атап көрсетті. Кез келген еңбек құралдарын жасау үшін адам еңбек етуі керек. Еңбек құралдарын дайындау үшін қол қажет. Ф.Энгельс адамның қалыптасуындағы еңбектің рөлін жоғары бағалады. Ол «еңбек – адамзат өмірінің бірінші жоғары шарты, адамды адам еткен-еңбек деген дәрежеде айтуға тиістіміз»,-деп жазды.
Адамның жануарлардан шыққандығының дәлелдемелері:
-
адам және жануарлардың құрлысындағы ортақ белгілер. Адамға сүтқоректілердің басты белгілері тән. Мысалы, плацентарлық даму, көкек, сүт бездері, үш түрлі тістер-азутіс, күректіс, сойдақтістің болуы және т.б. Сонымен қатар, адамда рудименттер (құйымшақ, соқыр ішек, үшінші қабақ) және атавизмдер(құйрықты, түкті, көп емшекті адамдардың кездесуі).
-
Адам мен жануардың ұрықтарының дамуындағы ұқсастығы
-
Адам мен адам тәріздес маймылдарға ұқсастығы
Соңғы жылдардағы генетикалық, биохимиялық зерттеулер шимпанзенің адамға көп ұқсас белгілері бар екендігін дәлелдегенмен, қазіргі адамтәрізді маймылдардың ішінен адамның тікелей тегін нақты айта алмайды. Өйткені адам мен маймылдардың арасында үлкен айырмашылықтар бар.
Антропогенездің қозғаушы күштеріне биологиялық және социалдық факторлар жатады. Биологиялық факторлар: тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, тіршілік ету, сөйлеу және сана. Антропогенездің алғашқы сатыларында негізгі фактор табиғи сұрыптау болады. Оның әсерінен адамның морфологиялық ерекшеліктері(ми, қол сүйектері, тік жүру) қалыптасты. Еңбек құралдарын жасауды, тағам өндіруді, баспана жасауды үйренгенен кейін өзін сыртқы ортаның жағымсыз жағдайларынан құтылды. Сөйтіп, адам табиғи сұрыптаудың әсеріне құтылды, адам үшін социалдық фактордың әсері маңызы артты. Қазіргі кезде қоғамнан тыс адамның адам болып өздігінен қалыптасуы мүмкін емес. Адам қоғамында мутация үрдісі маңызын әлі де жоғалтқан жоқ. Планетаның кейбір аймақтарында ортаның мутагендерімен ластауына байланысты мутациялардың жиілігі артып кеткен.
&&&
$$$002-003-100$Дәріс №3.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
-
Психика дамуы мен жан-жануарларда тәртіп дамуы қалай жүзеге асты?
-
Психика табиғатын түсіндіретін философиялық көзқарас
-
Адамның қалыптасуындағы еңбектің рөлін ата
-
Адамның жануарлардан шыққандығының дәлелдемелерін ата
&&&
$$$002-004-000$3.2.4 Дәріс № 4. Адамның жоғары психикалық функцияларының дамуы.
1.Адам психикасы - даму өнімі ретінде.
2.Психиканың дамуындағы негізгі мәселелер.
3.Психика мен әрекет-қылық дамуының негізгі этаптары: инстинкт, дағды, интеллект.
&&&
$$$002-004-001$3.2.4.1 Сұрақ атауы 1 Адам психикасы - даму өнімі ретінде.
1. Даму дегеніміз – кез-келген құбылыстың сандық және сапалық өзгеруін көрсететін объективті процесс. Адамға қатысты дамудың келесі түрлерін көрсетуге болады: физикалық даму, физиологиялық даму, әлеуметтік даму, рухани даму, психикалық даму.
Психиканың даму мен қалыптасуын генетикалық психология, зоопсихология,және жас ерекшелі психологиясы зерттейді және бұл мәселеге елеулі жаңалықтарды ХХ-ғасырдың ортасында көптеп енгізілді. Бұл мәселені зерттеуге байланысты екі үлкен ағым қалыптасты: эволюцианистік және диалектикалық материалистік. Бірінші ағым – психиканы үздіксіз немесе бірізділікпен байланыстырады. Ал екінші ағым – психикалық дамуды зерттеудің бір аймағы деп қана емес, психологияның барлық мәселелерін зерттеудің әдісі және жалпы принципі ретінде қарастырды. Өйткені психиканың және барлық құбылыстардың заңдылықтары тек дамуда деп түсіндірді.
Адамның психикалық даму процесін дұрыс түсіну үшін, оның негізгі мазмұнын түсініп алу қажет. Яғни, психикалық даму дегеніміз, шындықты бейнелеудің танымдық және әрекеттік формаларының күрделенуі.
Адам эволюциясы
Қаңқа қалдықтары табылған өкілдері
|
Тіршілік еткен уақыты
|
Мидың салмағы (грамм)
|
Қаңқа қалдықтары табылған аймақтар
|
Австралопитектер
|
10-4,5 млн жыл бұрын
|
500-750
|
Оңтүстік, Шығыс және ОРталық Африка, Азия
|
А) афарлық австралопитектер
|
4,5-4 млн жыл бұрын
|
500-600
|
|
Ә) епті адамдар
|
4 млн жыл бұрын 4-2 млн жыл бұрын
|
500-600 600-750
|
Оңтүстік, ОРталық Африка, Африка
|
І. Аркантроптар (ежелгі адамдар)
|
2,6-400 мың жыл бұрын
|
850-1100
|
Африка, Шығыс Азия, Индонезия, Еуропа,Орталық Азия, Қазақстан, Байқал өңірі
|
А) питекантроптар
|
2 млн-600 мың жыл бұрын
|
850-900
|
Индонезия
|
Ә)синнантроптар
|
2 млн-400мың жыл бұрын
|
|
Қытай
|
Б)атлантроптар
|
2 млн-360 мың жыл бұрын
|
1000
|
Солтүстік Африка, Алжир
|
В) гейдельберг адамы
|
400 мың жыл бұрын
|
1000-1100
|
Батыс Германия
|
ІІ. Палеантроптар (ертедегі адамдар)
|
1,5 млн-500 мың жыл бұрын
|
1500
|
Африка, Азия
|
А) неандертал адамы
|
1,5 млн-40 мың жыл бұрын
|
|
Батыс Германия
|
ІІІ. Неоантроптар
|
40 мың жыл бұрын
|
1300-1400
|
Антарктидадан басқа барлық құрлықта таралған
|
а) Кроманьон адамы
|
40-10 мың жыл бұрын
|
|
Антарктидадан басқа барлық құрлықта таралған
|
ә) саналы адам
|
Мың жыл бұрын
|
|
Антарктидадан басқа барлық құрлықта таралған
|
Кез-келген организм қоршаған ортаның бір бөлігі бола отырып, одан бөліне бастайды, бірақ сол ортамен байланыста болады. Сол сияқты психикалық даму процесінде де тұлға өзін шындықтан неғұрлым алып шыққанымен , соғұрлым онымен байланыста болады. Бейнелеудің неғұрлым жоғары формаларына ауыса отырып, м-ы, зат немесе құбылысты қабылдап, түйсінудегі сенсорлы талдаулардан ортаның байланыс қатынастарын ажыратушыойлауға ауысуында, тұлға шындықтың неғұрлым кеңірек сфераларына еніп, онымен байланысқа түседі. Психика дамуының сатылары – байланыс, бөліну сатылары б.т.
&&&
$$$002-004-002$3.2.4.2 Сұрақ атауы 2 Психиканың дамуындағы негізгі мәселелер.
2. Адамның психикалық дамуының қарқынына адамзаттың қол жеткізген негізгі үш жетістігі өз әсерін тигізді. Олар:
-
еңбек құралдырын жасау;
-
материалдық және мәдени-рухани заттарын өндіру;
-
тілдің, сөздің қалыптасуы.
Психика мен әрекет-қылық дамуының негізгі этаптары:
Әрект-қылық дегенде қоршаған ортамен байланысты қамтамасыз ететін ұйымдасқан іс-әрекеті ұғымын жатқызуға болады.
Адамның санасының ішкі жоспары әрекет-қылықтан бөлек қарастырылса жануарларда психика менәрекет-қылық бірге қарастырылады, сондықтан психиканы оқып-зерттеу , оның компоненті ретінде әрекет-қылықты да қарастыруға болады.
Негізінен түрлі әрект-қылыққа байланысты, индивидтің эволюциялық дамуында психологиялық табиғаты жағынан үш түрлі типтегі әрекет- қылықты ажыратуға боады:
-
инстинктивті әрект-қылық,
-
дағды,
-
интеллект.
Жануарлардың барлық әрекет-қылығы “инстинктивті” б.т. Бұлардың психика мен әрекет-қылық формаларының барлығы тіршілік етудің биологиялық формаларының негізінде қалыптасады. Яғни, бұл формалар саналы емес, биологиялық қажеттіліктен туындайтын “соқыр” әрект.
Инстинктивті әрекет-қылық келесі ерекшеліктермен анықталады:
-
Мотивтің спецификалық тәсілі;
-
Орындаудың өзіндік ерекше спецификалық механизмі.
Сондықтан инстинктивті әрекет-қылық өте күрделі процесс, ол орг. мотивациядан туындайды да, алғашқыда автоматталған реакциялар арқылы орындалады.Бұл әрекет-қылықтың басқа формаларынан ерекшелене отырып, олармен тығыз байланыста. М-ы, балапанның шоқу әректі – туған бетте дайын тұрған инстинктивті механизм бола отырып, дағды, интеллектінің элементтері біртіндеп қосылады. Шоқу ол үшін инст. әрекет, ол басында бидайды да , ұсақ тасты да, моншақты да бірдей шоқып көреді.Осы жерде онда қайсысы жеуге жарамды, қайсысы жарамсыз екендігі ас қорыту реакциясы арқылы ажыратады.
&&&
$$$002-004-002$3.2.4.3 Сұрақ атауы 3 Психика мен әрекет-қылық дамуының негізгі этаптары: инстинкт, дағды, интеллект.
3. Инстинкт деп – тіршілік үшін күресуде пайда болып, нәсіл арқылы хайуанаттарға көшіп отыратын белгілі жағдайларда пайдалы түрде іске асатын қылықтарды айтады. Инстинкт, яғни соқыр секзім хайуанаттардың қылығының төменгі түрі. Тропизм – инстинктің ең төменгі сатысы, инстинкт нәсіл арқылы хайуанаттардан олардың тұқымдарына, ұрпақтарына беріліп, көшіп отырады.
Инстинкттік қылықтар өздігінен автоматизм түрде әрекет етеді. Мысалы, үйректің балапаны жұмыртқаны жарып шыққан кейін біраздан соң-ақ суға түсіп, жүзіп кете береді. Бал беретін араны ешкім үйретпесе де, ол өте күрделі ұялар жасап, оның әрбір ұясын балға толтыра бастайды. Инстинктер белгілі жағдайда ғана бір қалыпты әрекет етеді, егер белгілі жағдайда өзгерсе, инстинкт жүзеге аспайды, әрекет етпейді. Егер өрмекші өзінің өрмегінде өрмекке шатысып қалған шыбындарды, құрт-құмырсқаларды алып тамағына жарататын болса, құрғақ жерде ол құлық ешбір құрт – құмырсқаны ұстай алмас еді.
Инстинктер көбінесе хайуанаттардың тіршілігіне пайдалы болады. Мысалы, жоғарыда айтылған өрмекші менқұлық өздерінің осындай қылықтарының нәтижесінен тамағын тауып жеп, аштан өліп қалмай жан сақтайды. Егер хайуандардың, құстардың және басқа жәндіктердің көбі туысынан – ақ тез жүгіре алмаса, яки ұша алмаса, түсі айналасындағы қоршауымен түстес болмаса, немесе кірпікшешен сияқты тікенектері болмаса, олардың көбісі күн көріп, тіршілік ете алмай, құрып бітер еді. Бірақ кейбір кездерде хайуанаттардың инстинктік әрекеттері олардың тіршілігіне ешбір пайда келтірмейтін кездері болады. Мәселен, араның бал құятын ыдысының түбін тессе де ара еш нәрсе «сезбей», өзінің соқыр сезімі бойынша ұяларды балмен толтыра береді. Сондай-ақ жемтік өрмектен тыс жерде берілсе, өрмекші оны жемей қашады.
Хайуанаттардың инстинктері олардың тамақтану, қорғану және тұқым қалдыру биологиялық мұқтаждықтарына қарай инстинктердің де, тамақтану, қорғану, тұқым қалдыру түрлері болады.
Хайуанаттардың эволюциялық дамуында тұқым арқылы беріліп отыратын соқыр сезім әрекеттеріне олардың жеке тіршілігінде сыртқы дүниеге ыңғайланудың және үйренудің нәтижесінде дағдаланулар пайда болып, қосылып отырады. Соқыр сезімдермен салыстырғанда, дағды – хайуанаттар қылығының күрделі формасы, психикалық әрекетінің жоғарғы сатысы. Ол инстинктер сияқты нәсіл арқылы ұрпақтан –ұрпаққа көшіп отырмай, хайуанаттардың тіршілігі үшін күресуінде жүре бара пайда болады. Хайуанаттарда дағдылану болмаса, олар жалғыз соқыр сезім әрекетімен күн көре алмайды, айналасындағы қоршауға бейімделіп, өзінің тіршілігі үшін күресе алмас еді.
Кейбір жүргізілетін зерттеулерге қарағанда, даму процесінің төменгі сатысында тұрған жәндіктерде де дағдыланулар пайда болатын көрінеді. Турненің тәжірибелерінде қоңыз тақтайдағы белгілі-бір түске боялған орыннан айналып өтуге үйренген (егер қоңыз боялған орынды басса, оған электр қуаты тиіп, жағымсыз сезім алатын болған). Су құйылған ыдысты сұйық қағаздың үстіне қойып, араны жалғыз сол ыдыстан ғана су ішіп, басқа түсті қағаздардың үстіндегі ыдыстарда да тәтті су болғанымен олраға тимейтін болған.
Жоғарғы сатыда тұрған хайуанаттарда дағды тезірек пайда болады және олардың дағдылары күрделі болып келеді. Олардың әрекеттерін, олардағы дағды пайда болу процестерін білу үшін кейбір оқымыстылар әдейілеп зерттеулер жасаған.
Даму сатысының жоғарғы басқышында тұрған жануарлардың әрекеттерінде соқыр семзім және дағдылану қылықтарымен саңылау әрекеттерінің бастапқыбелгілеріңнің бар екенін байқауға болады. Даму проблемасы осы кезге дейін толық емасы осы кезге дейін шешіліп у әрекеттерінің бастапқыбелгілеріңнің бар екенін байқауға болады. шешіліп қойылмаған өте күрделі проблемалардың бірі. Зерттеулердің көбі – жоғары сатыдағы хайуанаттарда ақыл ой процестері бар ма, егер болса, адамның ақыл-ойменсалыстырғанда олардың қандай ұқсастықтары және айырмашылықтары болады, олардың ойлау әрекеттерінің қандай айрықша өзгешеліктері бар деген сұрауларға жауап бермек. Зерттеулер көбнесе маймылдарға жасалып, олардың ақыл ес қабілетінбайқау үшін бернеше тапсырмалар жасатып көрген. Мәселен, Р.Меркс көп тәжірибелерге сүйеніп, макака дейтін төменгі сатыда тұрған маймылдармен бірге барлық сүтқоректі хайуандарды дағдылануға үйретерде түрлі тапсырмаларды орындағанда, олар «байқап қарау, қателесу» заңы бойынша әрекет ететін, ал маймылдар бұл жолменәрекет етпей, олардың әрекеттерінде түйсік саңылауы орын алатынын атап көрсеткен. Айналма жолды пайдалану, құралды пайдалану, құрал жасау арқылы, неміс психологі Келер өзінің тәжірибесінде осы әрекеттердің маймылдарда бар жоғын зерттеген. Маймылдардың құралды «қолдана» алатынын зерттеу үшін, ол отырған тордың сыртына қол жетпейтін жерге біржеміс тастаған. Маймыл бірнеше рет қолын созып, жемісті ала алмаған соң, бір кезде тордың ішінде әдейі қойылған таяққа көзі түскенде, маймыл сол таяқты алып, жемісті өзіне тартып, жылжытып алатын болған. Егер жеміс маймылдың бойы жетпейтін жерде ілулі тұрса, ол сол жерге жақын жәшіктерді алып келіп, солардың үстіне шығып, жемісті алған. Егер жәшікте құм, яки тас болса маймылдар оларды босатып алып келуді білмей, сол күйінде тасып әуреленген.
Айналма жолды маймылдар онша дұрыс пайдалана алмайтын сияқты. Мысалы, тордың алдына жеміс тастап, тордың ішінен әр жерден сол жеміске қарай бірнеше жіпті созып, жемтікке жақын жеткізбей, қойып, жіптің біреуіне жемісті байлағанда, маймылдар көбінесе тордың төте жолмен жеміске тартылған, бірақ оған байланбаған жіптерді тартып, керекті жіптерді бірден тартуды білмеген. Бұл тәжірибелерден Келер: маймылдар мағыналы байланыстарды аңғара алмайды, заттарды, олардың бір-біріне жақындығын көріп қана аңғарады деп қорытынды шығарған. Өзінен кейін қарай жылжытып, ілмектеп сақинаны шығарып алу әрекеттерін де маймылдар істей алмаған.
Тәжірибелерді маймылдардың құралдарды жасай алмайтындары да байқалған. Бірақ Келер тәжірибесінде «Сұлтан» атты шимпанзе тордың алдында бір таяқпен тартып ала алмайтын алысырақ жерде жатқан жемісті, екі таяқты бір біріне жалғап, ұзын таяқпен жемісті тартып алатын болған. Бірақ бұл әрекетті шимпанзе бірден істей қойған жоқ. әдепкі кезде маймылға екі таяқ берілгенде (бірі –жіңішке және ұштары сүйір, екіншісі жуанырақ, ұштары қуыс). Маймыл әрқайсысымен жеке-жеке жемісті өзіне тартып алмақшы болған, бірақ таяқтың екуеуі де қысқаболып, ешқайсысы жеміске жетпеген, бір таяқты алдына, екінші таяқты артына қаратып ұстағанда да, екеуінде қатар бір біріне қосып ұстаса да еш нәтиже шықпаған. Ақырында, ешбір әрекет нәтижелі болмаған соң ол екі таяқты қолына алып, тордың қабырғасынан алшағырақ кетіп таяқтармен ойнай бастайды. Осы кезде абайсызда жіңішке таяқтың сүйір ұшы жуан таяқтың қуыс ұшына қарсы келіп, жалғанады. Міне, осы кездейсоқтықта пайда болғанұзын таяқпен жемісті өзіне тартып алған. Бұл тәжірибеден куейін маймылға үш таяқты берсе де бір-біріне біріктіріп жемісті өзіне тартып ала беретін болған. Егер бір таяқтың ұшы екінші таяқтың қуысына сыймайтын болса, ол таяқтың басын маймыл тісімен қажап, жіңішкелеп алған.
Э.Трондайк өзінің тышқандарға, мысықтар мен иттерге жасаған тәжірибелерінде олардың түрлі әрекеттерді орындауда бірнеше рет «байқап, қарап қателесетін» болса, дұрыс орындаған әрекеттерді қайта орындауда тағы да көп қателер жасап, саңылаусыздығын көрсетеді. Келердің жасаған тәжірибесіннен маймылдардың біраз ой түйсігінің бар екенін байқалады.
Дағды үйрену немесе жеке тәжірибенің негізінде туындаған, нәтижесінде автоматталынған әрект. Көптеген жәндік, жануарларда шарсыз тітіркендіргіштерді пайдалана отырып белгілі әрекеттерге дағдыландыруға болатындығы туралы көптеген эксперименттер жасалынды (Керен Иерекс, К.Т.Тернер. Дағды – тарихи ұғым. Дағды да түрлі даму сатыларына қарай өзгеріп отырады және дағдының табиғаты қабылдау табиғатына байланысты болады. Өйткені қабылдау негізінде дағды байланысатын сәйкес әрекеттер дифференциалданады.
Сонымен қатар, оқыту, үйрету процесінде дағды әрекет-қылығының екі компоненттен тұратындығы анықталды (Э.Толмен.:
Бұнда адамға тән қателесу, қолданып көру әдістері байқалады.
Адам психикасының генезисінің даму мәселесі бұдан әрі алдыға жылжуды талап етеді. Бұл неғұрлым жоғары форма – “интеллектуалды” әрекет-қылық..
Интеллектуалды әрекет әрқашан біртіндеп қолданылатын операциялар түріндегі автоматты да, стереотипті де компоненттерден тұрады. Бұл мәселе олардың күрделенуіне байланысты түрлі даму стадияларынан өтеді. Интеллектуалды әрекеттің дамуымен әрекет-қылықтың икемділігі арта түседі. Интеллектуалды әрекеттің негізіндегі “саналы” әрекет-қылық, бір жағынан белгілі ситуацияларға деген объективті қатынас ерекшелігімен және екінші жағынан, индивидтің тарихи дамуымен анықталады.
Нағыз ақыл адамда ғана болады, хайуанда ол жоқ. Ақыл пайда болу үшін айрықша жағдайлар керек. Маймылдардың адамға айналу процесінде, олардың тәнінде бірнеше түрлі өзгерістер, сапалар пайда болған. Ол өзгерістер қоғамдық жағдайда ғана еңбек ету нәтижесінен туған. Ақыл-еңбектің жемісі. Еңбек жоқ жерде ақыл да жоқ. Сондықтан адамның да психикалық әрекеттерінің дамуы қарама – қарсы қайшылық күштерінің күресінен пайда болады. Адамның өзіндегі және онымен сыртқы дүниенің арасындағы қарама – қарсылық күштердің күресі, ескі өмірі өгуге айналған не өзгеруге бет алған әрекетпен жаңадан пайда болып дами бастаған келешегі мол психикалық әрекеттер арасындағы қарама – қарсылық күштердің күресі, ескі өмірі өшуге айналған не өзгеруге бет алған әрекетпен жаңадан пайда болып дами бастаған келешегі мол психикалық әрекеттер арасындағы күрес – дамудың ішкі сапалы мазмұнын белгілеп отырады. Адам интеллектісі қоршаған ортаны, шындықты танып білуге, әрекетін басқаруға бағытталады және сол шындықпен тікелей әсерлесу процесінде қалыптасады. Ол қоршаған ортаға деген қызығушылық деңгейі танымдық форманың өзіндік ерекшелігі ретінде қызмет атқарады. Интеллект дамуы, тек сандық өлшемнің өзгеруімен емес, оның сапалық өзгеруімен анықталады. Организмнің қалыпты өмір сүруі ішкі орта құрамының салыстырмалы қалыпта болуына байлансыты. Организм үздіксіз қоректік заттардың, судың, минералды заттың артық, кемін реттеп отырады. Бір нәрсеге мұқтаждық, яғни қалыпты өмір сүру және даму қажеттілігі организмнің ерекше жағдайын туғызады.
Қажеттілік(мұқтаждық)-қандай да болмасын іс-әрекеттің басты қозғаушы күші. Қажеттіліктің физиологиялық және әлеуметтің түрлері болады.
Физиологиялық қажеттілік организмнің тіршілік әрекетімен қамтамсыз етілуімен байланысты. Бірінші кезекте организмнің оттегіге, қоректік затқа, суға, жылуға т.с.с. қажеттілігі. Бұл қажеттілік барлық жануарларға тән. Бірақ адамда әлеуметтік қажеттілік (оқуға, жұмыс істеуге, шығармашылыққа) оның қоғамдағы әрекетіне әсер етеді.
Организмнің бір мұқтаждығының қанағаттанып, оның орнына басқа мұқтаждықтың пайда болуы-өмір сүруіне, әрекет етуіне өте керекті шарт болып табылады. Әрбір уақытта қандай болмасын бір қажеттілік басым болады, ал қалғандары оған бағынып, соған байланысты болады.ОЛ қанағаттандыру әрекеті деп аталады. Бірақ нақты адамның әрекетіне психика – адамның ішкі әлемі (сезімі, есі, ойлауы, түйсігі, зердесі, санасы, ықыласы) әсер етеді. Яғни адамның әрекеті психологиялық және физиологиялық процестердің біріккен құймасы. Ол тұқым қуалаушылық реакциясы мен әрекет, дағдының өмір тәжірбиесінің жинақталуынан қалыптасады.
&&&
$$$002-004-001$Дәріс № 4.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
-
Нерв жүйесі туралы жалпы ұғым.
-
Нерв қызметінің рефлекстік табиғаты.
-
Психиканың даму мен қалыптасуын қалй дәлелдейді?
4.Адамның психикалық дамуының қарқынына адамзаттың қол жеткізген негізгі үш жетістігін ата, адам эволюциясын ата
5.Қозу мен тежелу процестері. Ми-психиканың физиологиялық органы болуын дәлелдеп беріңіз.
6. Әрбір ми сыңары неше бөліктен тұрады? Адам бас миында үш негізгі блоктың қызметтерін ата
-
Психологиялық құбылыстар мен әрекет-қылықтың адам организімі және ми жұмысымен байланыстылығын кім көрсткен?
&&&
$$$002-005-000$3.2.5 Дәріс №5. Сананың пайда болуы және дамуы
1.Сананың негізгі белгілері.
2.Сана шындықты бейнелеудің формасы ретінде, сананың қалыптасуының алғышарттары.
3. Сана және бейсана (астар сана).
&&&
$$$002-005-001$3.2.5.1 Сұрақ атауы 1. Сананың негізгі белгілері.
1. Шындықтың жаңа формасы, яғни өмірдің адамдық формасының қалыптасуының нәтижесінде сана қалыптасты. Бұндағы субъект (адам) өзінің тіршілік аймағынан шыға алатындығы, өзінің өмірлерін түрлі міндеттергебағындыруға, өз ісіне жауап беруге , алдына түрлі міндеттерді қоя білуге ,сондай-ақ , өзінің өмір сүру ортасының шарттарына бейімделіп қана қоймай, оны өзгертуге қабілетті екендігі байқалады.
Барлық тіршілік иелерінің ішіндегі адамның өмір сүру формасы ерекше, осыған сәйкес психиканың жаңа және жоғары формасы – адам санасының қалыптасуы және оның дамуы психология ғылымының негізгі мәселелерінің бірі. Сананың пайда болуымен психикалық іс-әрекет жаңа сапалық ерекшелігіне ие болады. Қоршаған орта мен ондағы қарым-қатынасты адамның түсінуі, олармен әрекеттесуі кезінде, онда қоршаған және өз өміріне деген рефлексиясы п.б. Сондықтан сананың болуы адамды оны қоршаған ортадан бөлектендіреді. Сананың ерекшелігін, санадан бөлек зат немесе құбылысқа танымдық әрекет көрсетуінен байқаймыз. Адамның шындықты бейнелеуінің ерекше тәсілі ретінде пайда болуы, тілдің пайда болуымен тікелей байланысты: тіл – сананың пайда болуының негізгі шарты.Санадан өткізу – объективті шындықты көпшілік қабылдаған зат немесе құбылыстың мағынасын сөз арқылы бейнелеу. Сана мен тілдің байланысы тығыз және шартты. Тіл - әлеуметтік индивид ретіндегі адамның саналылығының белгісі.Бұнда тілдің өзі бірқатар байланыстарға : қоғамдық әрекеттерге, онда қалыптасқан білімге және т.б. тәуелді. Осы тәуелділіктің негізінде ғана тіл адам санасы үшін маңызды ролге ие болды.Сана мәселесін дайын, қалыптасып болған құрылым ретінде қарастыруға болмайды. Сана адамның қоршаған ортамен әрекеттесу деңгейіне қарай, яғни бүкіл өмір сүру процесінде дамып отырады.Бұл жағдайда негізгі психологиялық орталық проблемасы – адамның ортаны түсінуі болып табылады. Сана адамның психикалық іс-әрекеттін толық қамтымайды.Сана әрекет-қылықты басқару қызметін атқарады.
&&&
$$$002-005-002$3.2.5.2 Сұрақ атауы 2 Сана шындықты бейнелеудің формасы ретінде, сананың қалыптасуының алғышарттары.
Достарыңызбен бөлісу: |