Білім жинақталады, ұрпақтан-ұрпаққа беріледі
Білімнің қайнар көзі - эксперимент
Білім үнемі кеңейеді
Өмірлік психологиялық білім
Білім нақты
Білімнің интуитивтілігі
Білімді бір-біріне беру қиындығы
Білім шектеулі
Білімнің қайнар көзі -бақылау
Психология салаларын жіктеудің негізгі приципі – психикалық іс-әрекетте даму принципі.
Бүгінгі күне психологиның көптеген салалары бар. Мысалы: педагогикалық психология – адамды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын ашады. Салалары: оқу психологиясы, тәрбие психологиясы, мұғалім психологиясы.
Медициналық психология – дәрігер қызыметі мен сырқат адамның психологиялық мәнін зерттейді. Салалары: нейропсихология, фармопсихология, психотерапия, психопрофилактика.
Заң психологиясы – құқық жүйесін іске асыруға байланысты психикалық мәселелерді қарастырады. Салалары: қылмыскер психологиясы, үкім шығарушы психологиясы, орындаушы психологиясы.
Жас ерекшелік психологиясы – жеке адамның әртүрлі психикалық құбылыстарының онтогенезін зерттейді. Салалары: балалар психологиясы, жас өспірімдер психологиясы, ересектер психологиясы, герантология
Арнайы психология – дамуы қалыптан шыққан адамдар психологиясының ерекшеліктерін зерттейді. Салалары: олигофренопсихология, сурдопсихология, тифлопсихология.
Салыстырмалы психология – психикалық өмірдің филогенетикалық формаларын зерттейді.
Қазіргі кезде психология ғылымы алдында тұрған теориялық және практикалық міндеттердің сан қилылығына орай үлкен қарқынмен дамуда. Психологияның негізгі міндеті – психикалық іс-әрекетті даму барысында байланыстыра зерттеу. Соңғы кезде психологиялық зерттеу аймағы кеңейіп, жаңа ғылыми бағыттармен толығуда. Психология ғылымының түсініктер қоры өзгерді, бұрын кезікпеген эмпирикалыұ деректермен толығуда.
Психология зерттейтін құбылыстар әлемі өте үлкен. Оның ішінде күрделілігі әр деңгейдегі адам қалпы мен қасиеттері, процестері, яғни сезім мүшелеріне әсер етуші объектінің қарапайым белгілерінен бастап,жеке адам мотивтерінің өзіндік ерекшеліктері кіреді.
&&&
$$$002-001-002$3.2.1.3 Сұрақ атауы 3 Негізгі психологиялық түсініктер және категориялар.
Психика – сыртқы орта заттары мен құбылыстарының адам миында бейнеленуі және соның негізінде адам қылығы мен әрекетін реттестіру. Мысалы, оның бір компоненті ретінде түйсік, ес, ойлау арқылы адам қоршаған ортаны танып біледі. Сондықтан бұларды танымдық процестер деп атайды. Ал кейбір құбылыстар оның басқалармен қарым-қатынасын реттейді, әрекет қылықтарды басқарады. Оларды психикалық қасиет, психикалық кейіптер дейді (қажеттілік, мақсат, қызығушылық, эмоция, сезім, икемділік, және т.б..
Адам баласы өзінің танымдық процестері арқылы ортаны танып, біліп қана қоймайды, оған әсер етеді, өзінің түрлі материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысады. Адамның бұндай қылықтарын ұғып, түсіндіру үшін біз келесі “жеке тұлға ” ұғымына кездесеміз.
Психикалық процестер, психикалық қасиеттер және қалып негізгі психологиялық категогриялар бола отырып жеке дара зерттелінгенімен, олар өзара бір-бірімен өте тығыз байланыста, және адамның өмір сүру қызметі болып табылады. Адам психологиясын және әрекет- қылығын зерттей отырып, ғалымдар оны бір жағынан адамның биологиялық табиғатынан, екінші жағынанан – оның өзіндік жеке тәжірибесінен, үшінші жақтан – қоғамда қалыптасатын заңдылықтардың негізінде іздестіреді.
Сонымен, қазіргі психологияның зерттейтін негізгі құбылыс типтерін схема түрінде көрсетуге болады:
психикалық психикалық психикалық
процестер кейіптер қасиеттер
жекелік топтық
ішкі сыртқы
(психикалық) (әрекет-қылықтық)
Бұлар, психологияда зерттелінетін құбылыстарды анықтайтын негізгі түсініктер.
Интроспекция әдісі – алғашқы зерттеу әдісі ретінде.
1. Ғылым- бұл ең бірінші зерттеу. Сондықтан ғылымның мәні – оның пәнге бағыттылығымен анықталмайды.Ол өзінің белгілі бір әдістерін де қажет етеді. Әдіс – танып білу жолы. Әдістер арқылы ғылым пән ретінде танылады. Психология басқа ғылымдар сияқты,бір емес бірнеше әдістемелердің жиынтығынан тұрады.
Жаратылыстану және нақты ғылымдар әдістерін пайдалана отырып, психологияөткен ғасырдың екінші жартысында дербес ғылым болып, жан-жақты дами бастады. Бұл уақытқа дейін психологиялық білім негізінен өзін-өзі бақылау (интроспекция. әдісі арқылы дамыды. Көп уақытқа дейін бұл әдіс негігі ғана емес, психологияның жалғыз әдісі болып келді. Ол негізінен екі тұжырымдамаға байланысты:
-
Сана “жабық” оны сыртқы бақылаушы көре алмайды;
-
Сана субъектінің өзіне ашыла алады (репрезентацияланады..
Бұл тұжырымдама бойынша нақты адамның өзі ғана сааны зерттей алады, басқа оны ешкім зерттей алмайды.
Интроспекция әдісінің идеологі философ Дж. Локк(1632-1704. болды. Ол Декартың танып білу мүмкіншілігі тезисін одан әрі дамытты. Локк бойынша барлық білім алудың екі қайнар көзі бар:
-
Сыртқы дүние объектісі;
-
Өзіміздің ақыл-ой әрекетіміз.
Сыртқы дүние объектісіне адам өзінің ішкі сезімдерін бағыттайды, соның қортындысында сыртқы затар туралы әсер алады. Ал ақыл-ой әрекеті негізінде ішкі сезім-рефлексия жасалады. Локк оны “бақылау”, адамның өзінің іс-әрекетін бағыттау деді.Ақыл-ой Локк бойынша ойлау, тану, тілек, ықыласдеп қарастырылады. Рефлексия іс-әрекеттің ерекше бағыты, сонымен бірге субъектінің кәмілеттігін көрсетеді. Психикалық процестер оның ойынша екі деңгейде өтеді. Бірінші деңгейдегі процеске ол қабылдау, ойлау, ықылас және т.б. кірсе, екінші деңгейге – бақылау немесе қабылданатын образдар мен ойлауды қайта жасау. Интроспекциялық қабілеттілік өздігінен пайда болмайды. Бұл әдісті меңгеру үшін көп жаттығу қажет. Локк материалистік позицияда бола отырып, оның іліміне параллель ассоциативті бағыт дамыды. Оның да қайнар көзі – сенсуалистік материализм болды. Бірақ, егер, бірінші принципке назарын көбірек аударса, ассоциативтік бағыттың өкілдері өздерінің ой пікірлерін екінші принципке негіздей құрды. Ассоциативтік психологияның пайда болуы Д.Юм, Д.Гартли есімдерімен байланысты. Д.Гартли(1705-1757. материалистерге өзін қарсы қойды, бірақ өзінің ассоциативтік теориясын материалистік негізде құрды. Психикалық құбылыстардың себебін вибрацияда деді. Оның ойынша жүйке жүйесі физикалық заңдылықтарға бағынады. Сондықтан оның іс-әрекет өнімінде қатаң себептер қатарын құрайды. Бұл себептер қатары барлық ағзадағы тәртіпті қамтиды: сыртқы ортаның вибрациясы, ж.ж. вибрациясы, бұлшық ет вибрациясы. Вибрация туралы ілімді Д.Юм өзінің ассоциативтік психологиясында одан әрі дамытты.
Д.Юм (1711-1776. негізгі принцип ретінде ассоциацияны енгізді. Оның ойынша , сананың күрделі формаларының пайда болуы, “мен”ұғымымен бірге “елестердің бөлшегі” өзара сыртқы (ассоциациялармен. байланыстармен бірігеді. Психика туралы мәліметті тәжірибе арқылы ғана алуға болады деді. Тәжірибе түйсік, эмоция, идея, әсерлер көшірмесі дептүсіндірді. Юм негізгі эксперименттік психологияның пайда болуына жол ашты. Интроспекция әдісі осы кезеңде ерекше қолданылды. Эксперименттік зерттеулер интроспекция арқылы зерттелінді.
Алайда, интроспекциялық әдісті кеңінен қолдану психологияның дамуына өз кедергісін тигізіп, оны дағдарысқа әкелді. Интроспекцивті психология позициясынан психика сана ға теңестірілді. Бұның негізінде сана өзіне-өзі тұйықталды, сондықтан психиканың объективті болмыс пен нақты субъекті байланысы жойылады. Психолог өзін-өзі бақылайды деген түсінік өзінің рпктикалық ұстанымын таба алмады. Сондықтан практикада психологияға деген қызығушылық төмендеді. Алайда сонымен қоса, психикалық ойдың дамуы да байқалды:
-
Сана элементі теориясы(В.Вундт, Э.Титченер,
-
Сана актісі психологиясы (Ф.Брентано..
-
Сана лгі теориясы (У.Джеймс.,
-
Феноменалды алаң теорисы,
-
В.Дильтейдің суреттемелі психологиясы.
Интроспекцивті психология негізінде 1879 ж. Лейпцигте В.Вундт алғаш эксперименттік лаборатория ашты.
Қазіргі психологияда өзін-өзі бақылау қолданылады және оның өзіндік ерекшелігі бар.
Психологияны зерттеудің негізгі әдістері.
Кесте 1
Негігі әдіс
|
Негізгі әдістің нұсқалары
|
Бақылау
|
Сырттан бақылау
Өзін-өзі бақылау
Еркінбақылау
Стандартизацияланған
Қосылған
Қосымша
|
Сауалнама
|
Жазбаша
Ауызша
Еркін
Стандартизацияланған
|
Тест
|
Сауалнама-тест
Тапсырма-тест
Проективті тест
|
Эксперимент
|
Табиғи
Лабораториялық
|
Үлгілеу
|
Математикалық
Логикалық
Техникалық
Кибернетикалық
|
Психологтар бақылауды адам психикасын танып білудің бірден бір жолы дейді . Дегенмен, 1968-1980 ж.ж. бақылауды тіптен қолданылмаған кездері де болды. Негізгі әдіс болып стандартизациялау кең қолданылды. Кейбір әдебиеттерде бақылау қосымша әдіс ретінде қабылданды. Алайда 1920-1930ж.ж. көптеген психологиялық жаңалықтар бақылау негізінде жасалды (Ш.Бюллер, В.Штерн, А.А.Люблинская, Л.С.Выготский, Ж.Пиаже және т.б... Жалпы бақылау ғылымға дейінгі психологияда ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, іс-әрекетерді бақылаулар арқылы берілді.
Бақылау бірінші, мақсат қоюдан басталады, одан кейін бізді қызықтырып отырған фактіден нені бақылауымыз керек, яғни бақылау пәні анықталады. Екіншіден, әдебиеттер мен бақылау объектісінің тәсілдерімен танысу. Үшіншіден, бақылау объектісін іріктеу, олар бақыланылатын құбылыстардың психикалық негізін ашып көрсетуі тиіс.
Бақылау техникасы:
-
Алдын-ала регистрациялық парақтарды даярлау;
-
Жазып алатын техникалық құралдарды тексеру;
-
Бақылауға енуі мүмкін жағдаяттарды алдын-ала ойластыру;
-
Орын әзірлеу;
-
Бақыланушының реалды өмірі мен бақылау кестесін белгілеу.
Бақылау сауалнамамен бірлікте қкарастырылады.
Ауызша сауалнама – сыналушының тәртібі мен реакциясын бақылау кезінде пайдаланылады. Сауалнаманың бұл түрі адам психикасына тереңрек үңілуіне әсерін тигізеді. Зерттеу барысының жүруіне сәйкес қойылатын сұрақтарды коррекциялауға мүмкіндік бар. Бірақ, сауалнаманың бұл түрі ұзақ мерзімді қажет етеді және жауаптың объективтілігі сыналушының жеке бас ерекшелігіне, оның тәртібіне байланысты.
Жазбаша сауалнама – қысқа мерзімде көп адамдарды қамтуға болады. Көп тараған түрі – анкета.Кемшілігі: сыналушының жауап кезіндегі реакциясын алдын алуға болмайды.
Еркін сауалнама – қойылатын сұрақтар алдыы-ала анықталмайды. Сыналушы туралы көптеген хабарлама алуға мүмкідік бар.
Психологиялық құбылыстарды сандық бағалау ХІХ ғ. ІІ-жартысында басталды. Математиканы психологияға енгізу әдістемелерді стандартизациялауға әкелді. Стандартизациялаудың негізгі мағынасы екі немесе бірнеше адамдарды салыстыру барысында психологиялық зерттеулердің қателік, кемшіліктерінің минималдылыққа жеткізу. Бұндай психологиялық әдіске тест жатады. Бұл әдіс кеңінен қолданылады. Себебі: алынған мәліметтерді нақты, сапалы түрде бір-бірімен салыстыруға, практикада қолдануға болады.
Экспериент – объективті әдіс. Зерттелінетін құбылысқа арнайы жасанды жағдаяттар әзірленеді де, сол құбылыс анықталады. Экспериенттің негізгі жетістігі зерттелінетін феноменнің себеп-салдарлық байланысы басқа феномендермен салыстырылады, ғылыми түрде құбылыстардың пайда болуы мен дамуы түсіндіріледі.
Лабораториялық экспериент зертелінетін құбылыстарды тереңірек бағалау үшін түрлі аспаптарды қолдану арқылы жасанды жағдаяттарды әзірлейді. Ал табиғи экспериент қалыпты өмір жағдайында жасалынады. Табиғи экспериентті алғаш қолдануға енгізген А.Ф.Лазурский болды.
Үлгілеу – психологиялық ғылымның келесі бір әдісі. Бұл әдісті басқа әдістерді пайдалануда қиындық келтірген кездері пайдаланған тиімді.Үлгілеу психикалық құбылыстарды зерттеу барысында ол туралы белгілі бір хабарламаны пайдалану кезінде сыналушының өзінің нақты қатысуынсынсыз да жүргізіледі.
&&&
$$$002-001-100$Дәріс №1.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
-
Психология пәні, әдістері, маңызы.
-
Жан құбылыстарын топтастыру.
-
Қандай психологиялық зерттеу әдістерін білесіз?
-
Тест дегеніміз не? Түрлерін атаңыз.
-
Өзін-өзі бақылауды тағы қандай сөзбен атауға болады?
-
Әдістер неше топқа бөлінеді?
-
Сауалнама түрлері.
-
А.Кетле концепциясы туралы не білесіз?
-
Ф.Гальтонның антропометриялық лабораториясы туралы не білесіз?
-
"Психотехника" дегеніміз не?
-
А.Бине тестері туралы не білесіз?
-
"Альфа" тестері туралы не білесіз?
-
"Бета" тестері туралы не білесіз?
-
Орыс психологтарының ішінде тестерді дамытқандар кімдер?
-
Проективті тест дегеніміз не?
-
Лабораториялық тестер туралы не білесіз?
-
Табиғи тестері туралы не білесіз?
&&&
$$$002-002-000$3.2.2 Дәріс №2. Адам миы және психика: байланыс принципі және жалпы механизмі.
1.Ми қыртысының негізгі өрістері және қызметтері, бас миы қабығының қызметі.
2.Орталық жүйке жүйесіндегі жағдай, ролі және ретикулярлық формацияның қызметі.
3.Психикалық құбылыстарды ми жұмысымен салыстыру.
$$$002-002-001$3.2.2.1 Сұрақ атауы Ми қыртысының негізгі өрістері және қызметтері, бас миы қабығының қызметі.
1. Адам әрекет-қылығы сәтті болуы үшін оның ішкі кейіпі мен ол өмір сүріп отырған сытрқы ортаның шарттары және қолданылатын практикалық әрекеттері бір-біріне сәйкес келіп отыруы қажет. Физиологиялық деңгейде бұлардың барлығының фукцияларын біріктіруді қамтамасыз ететін орталық жүйке жүйесі.
Органикалық дүниенің ұзаққа созылған эволюциясында – қарапайым тіршілік иелерінен адамға дейін - әрекет-қылықтың физиологиялық механизмдері үздіксіз жетілуде болды. Мысалы қарапайым жәндіктер түйсік, қозғалыс, ас қорыту сияқты қарапайым қызметті орындай алады. Олардың мүмкіндіктері шектеулі. Ал жоғары дамыған жануарларда арнайы қызмет орындаушы тән мүшелері даралана бастады. Қарапайымдар сигналдарды қабылдау қызметін (рецептор. атқарса, екіншілері – бұлшық еттер мен әртүрлі без секрецияларын (эффектор. іске қосады.
Сонымен, қажеттілікке орай жеке мүшелер мен олардың қызметі жіктелгенімен, организмнің біртұтас тіршілігі мен тән мүшелерінің өзара байланысын орталық жүйке жүйесі қамтамасыз етеді.
Ж.Ж. жалпы түзілімі барша омыртқалылада бірдей. Бұл жүйенің негізгі элементі – жүйке жасушалар немесе нейрондар. Нейрон жасуша тәнінен (дендрит – қозу қабылдау. және өсінділерден (аксон – қозуды жеткізу. құралады. Аксонның дендритпен байланысы синапс деп аталады. Негізінен нейрондар орталық жүйке жүйесінде атқаратын ерекше арнаулы қызметтеріне қарай оларды үш типке бөлуге болады: сенсорлы нейрон – рецептордан о.ж.ж. жүйке импульстарын жеткізуші, қозғаушы нейрон – о.ж.ж. жүйке импульстарын қозғалыс мүшелеріне жеткізуші, локальды байланыс нейроны – жүйке импульстарын о.ж.ж. бір бөлімінен екіншісіне жеткізуші. Осы нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді.
Ж.Ж. орталық және перифериялық (шеткі. бөлімдерден тұрады. О.Ж.Ж бас миы, аралық ми және арқа миынан тұрады. ЖЖ қалған бөліктері перифериялық бөлімге кіреді. Бұл шеткі жж миға сырттан келетін әсерлерді жеткізіп, сол әсерлерге мидың реакциясын жүзеге асырып отырады. Бұл жүйенің екі түрлі жүйкелік өткізгіш талшықтары бар: 1. сырқы тітіркендіргіштерден алынған қозу толқындарын ми және басқа орталық жж бөлімдеріне жеткізетін афференттік жүйке талшықтары. 2. ми және басқа да бөлімдердің импульстерін бұлшық етке, сезім мүшелеріне жеткізуші эфферентік жүйке талшықтары.
ЖЖ барша бөлімдері өзара тығыз байланыста. Бірақ олардың әрқайсысының ролі бірдей емес. Арқа миы мен мидың бағаналы бөлігі – сопақша ми, орта мимен қосыла тума рефлекстер орталығына бірігеді. Арқа миында ең қарапайым рефлекстер орталығы (тізе рефлексі. бар. Дене мен қол-аяқ бұлшық еттерін реттейтін , ішкі мүшелер жұмысын басқарушы рефлекторлық орталықтар да осы арқа миында. Жоғары психикалық функциялармен, атап айтқанда ойлау мен сананың қызметі бас миы қабығының қызметімен байланысты.Психикалық құбылыстар мен адам миының қызметінің өзара байланысы туралы өте ерте кезде айтыла бастаған (Алкмеон Кротонский, Гиппократ).
ХХ ғ. басында адам миында жүзеге асырылатын органикалық процестер мен психикалық құбылыстардың өзара байланысын зерттейтін арнайы екі ғылым саласы қарастырыла бастады. Олар: жоғары жүйке қызметі физиологиясы және психофизиология.
Біріншілер ағзаның жаңа тәжірибені меңгеруі және дене реакцияларын басқаруға байланысты мида жүріп жатқан органикалық процестерді зерттеді. Ал екінші сала өкілдері психиканың анатомиялық-физиологиялық негіздерін зерттеді. Бірақ ортақ болып, еспен байланысты құбылыстарды енгізетін үйрену (научения) түсінігі. Психологиялық құбылыстар мен әрекет-қылықтың адам организімі және ми жұмысымен байланыстылығын И.М.Сеченев ұсынып, оны И.П.Павлов дамытты. Ол шартты рефлекторлық үйрену құбылысын ашты. Бұл теорияны жалғастырған Н.А.Бернштейн, К.Халл (организм әрекет-қылығының теориясы – тірі организмнің өзін-өзі ерекше әрекет-қылықтық және генетикобиологиялық механгизмдер арқылы реттестіруі), П.К.Анохин (функционалды жүйе моделі). Жоғарыда айтылған ми құрылымының үш блоктілігімен психикалық функциялардың локализациясы проблемасы п.б. Бұл б-ша локализационизм және антилокализационизм деп аталатын екі көзқарас бар. Біріншісі бойынша , адамның әрбір психикалық қасиеті немесе қалыпы мидың белгілі бір шектеулі аймағымен байланысты. Демек психикалық құбылыстарды адам миының жоғарғы және төменгі бетіндегі нақты орындарға орналастыруға болады.
Бұдан кейін ми участогінің біреуінің қызыметінің бұзылуы басқа да түрлі функциялардың бұзылуына әкелетіндігі анықталды. Бұл келесі альтернативті білімнің -антилокализационизмге жол ашты. «Ми мен дене» арасында көптеген белгілі шапшан системасы- орталық жүйке системасы, бұл штабтың ең негізгісі ми, бұл адамдының бас сүйегін қорғап тұруға негізделген. Негізгі мидың пайымдауынша орталық жүйке системасына жұлын ми жатады, бұл жіңішкелік нервттік талшықтардан төменгі бас сүйек омыртқаларға дейін тарайды. Жұлын мидан нерв жүйесі бөлінеді, бұдан перифериялық система бөлінеді: 31 нервттік жүйеге алдыңғы жұлын миы кіреді. Негізгі бастағы мидың нұсқауымен бүкіл денеде таралады, және де 31 нервке соңғы жұлын миы кіреді. Тағы да 12 жұптық нерв бассүйегі деп аталады. Бұл бастан шығып, бүкіл көптеген функцияларға және иістің дәмін тіпті бас пен ауызды сезе бастайды. Орталық жүйке жүйесі
Орталық жүйке жүйесі 2 бөлімнен тұрады:Жұлын; Ми
Құрылысы. Жұлын цилиндір пішінді, омыртқа жотасының өзегінде орналасады. Оның диаметрі 1 см, ұзындығы 42-45 см. Жұлынның артқы және алдынғы бөлігінде жоғары қарай созылған терең сайша жатады. Жоғарғы жағы сопақша миға жалғасады. Жұлын көлденең кесіндісінде 3 бөлімнен тұрады:
-Жұлынның ортасында сұйықтыққа толы жұлын өзегі болады. Бұл сұйықтық жүйке жасушаларының тіршілік орталығы болып табылады.
-Өзектің пішіні көбелекке ұқсас сұр зат (нейрон денелері мен дендриттердің шоғыры) қоршап тұрады.
-Сұр заттың сыртында ақ зат (аксондардың жиынтығы) орналасады. Сөйтіп, жұлында ақ зат сыртында, ал сұр зат ішінде орналасады. Сұр зат алдыңғы және артқы бүйірлерінен тұрады. Әр бүйірде түбірлері (өсінді) бар. Алдыңғы түбір қозғалтқыш нейрондардан тұрады. Одан шығатын түбірлер осы қозғалтқыш нейрондардың аксондары. Артқы түбір байланыстырғыш нейрондардан тұрады. Олар бүйірлерден тыс жерде сезгіш нейрондарға жалғасады. Артқы бүйірден шығатын түбірлер осы сезгіш нейрондар аксондарынан тұрады. Жұлынның ақ затты сұр заттан шығатын түбірлерден құралған. Омыртқааралық тесікте қимыл және сезім түбірлері қосылып, аралас жүйке түзеді. Одан соң олар алдыңғы және артқы тармақтарға тарайды, бұлардың әрқайсысы сезім және қимыл жүйке талшықтарынан құралған. Сөйтіп, әр омыртқа тұсында жұлыннан екі жаққа қарай 31 жұп аралас жұлын жүйкелері таралады.
Қызметі. Жұлын, негізінен, рефлекстік (қозғалыс) және өткізгіштік қызмет атқарады. Жұлынның ақ заты өткізгіштік қызметін атқарады және оның әр бөліктерін өзара байланыстырып тұрады. Жұлын сезгіш нейрондардың аксондарынан түзілген артқы түбірлерден қозуды жоғары миға және мидан қозғалтқыштық нейрондардың аксондарынан түзілген алдыңғы түбірлер арқылы шеткі жүйке жүйесіне төмен өткізіп отырады.
Жұлынның рефлекстік қызметі. Рефлекс (лат. Reflexus-жауап қайтару) ағзаның сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге орталық жүйке жүйесінің қатысуымен жауап қайтаруы. Рефлекс үрдісі рефлекстік доға арқылы жүзеге асады. Кез келген рефлекстік доға 5 бөліктен тұрады:
1. рецепторлар-жүйке ұштары
2. сезгіш нейрондар
3. жүйке орталығы
4. қозғалтқыш нейрондар
5. тітіркендіруге жауап қайтаратын мүше
Ми бассүйектің ми сауытында орналасқан. Орташа салмағы 1300-1500г. Адам туғанда ми салмағы 350-390г. болып өсуі адамның 20 жасына дейін жалғасады.
Құрлысы. Ми үш қабатты қабықшамен қапталған. Олар: қатты, торлы және жұмсақ қабықшалар. Қатты қабықша дәнекер ұлпасынан құралған, ол бассүйектің ішкі бетін қаптап жататын мидың сыртқы қабықшасы. Ортаңғы қабықшасы-торлы қабықша, ол қатты қабықшаның астында жатады. Торлы қабықша өте жұмсақ, онда жүйке мен қан тамырлары аз кездеседі. Ал ішкі қабықша қан тамырларынан тұрады. Қан тамырлары мен торлы қабықшаларының аралығында ми сұйықтығы толған қуыс болады. Ми қабықшасы қозудың жүйке талшықтары арқылы өтуіне және бір талшықтан екінші талшыққа берілуіне бөгет жасайды. Ми жұлын сияқты ақ және сұр заттан тұрады, бірақ мида сұр зат сыртта, ал ақ зат іште орналасады.
Ми бөлімдеріне
1. сопақша ми
2. артқы ми
3. ортаңғы ми
4. аралық ми
5. алдыңғы ми сынарлары жатады. Мидың ішінде ми сұйықтығына толы 4 қуыс бар. Бұл қуыстар ми қарыншалары деп аталады. Қарыншалар бір-біріне қатынасып жатады. 1 және 2-ші ми қарыншалары ми сыңарларында, 3-ші аралық мида, 4-ші сопақша мида орналасқан. Ми сұйықтығы қорғаныс, ыдырау өнімдерін шығару және ми қысымын реттеу үшін қажет. Мидан 12 жұп жүйке тарайды. Оның 2-уі үлкен ми сыңарларынан, 10-ы мидың басқа бөліктерінің сұр заттарынан басталады. Бұл жүйкелер мүшелердің жұмысын реттеуге қатысады. Сондықтан жүйкелердің қызметі бұзылса, олар әсер ететін мүшелер жұмысыда бұзылады. Мысалы, беттің бұлшық еттерін қимылдататын 7 жұп жүйке адам құлағының ортаңғы бөлігіне өте жақын орналасқандықтан, құлақтан бұлық ағып ауырғанда, бұл жүйкенің қызметі нашарлайды. Бұл жүйке дәм, сезім жүйкелерімен қосылып, аралас жүйке түзеді. Сондықтан құлақ ауруы пайда болғанда, сілекей бездерінен сілекейдің бөлінуі немесе дәм сезу қабілеті өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |