2. Сана – психиканы біріктіруші ең жоғары өмір әрекетінің формасы, адамның еңбек әрекетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келу арқасында қоғамдық-тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі. Сана – бұл қоғамдық болмыс.
Сонымен, сана құрылымында төрт негізгі сипат байқалады:
-
Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның құрамына барша танымдық процестер енеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял.
-
Санада субъект пен объектінің айырмашылықтары бекиді. Органикалық әлем тарихында тек адам өзін басқалардан бөлектей, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам ғана тіршілік иелері арасында өзін тануға, психика әрекетінің бағытын өзіне бұруға қабілетті.
-
Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгерте алады, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдық сипатқа ие саналымақсатпен ұштастырып, іс-әрекетінің сипаты мен тәсілдерін алдын ала белгілейді, ерік күшіне бағындырады. Осыдан сана қызметі: мақсат қалыптастыру,себеп салдарын анықтау, еріктік шешім қабылдау, іс-әрекеттің орындалу жолдарын айқындау және т.б.
Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішінде күрделі объектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сезімдер жүйесін қамтиды. Адам табиғатының санасы. Сана – адам шындығының бейнесі. Сананың басты белгілері. Адам санасының психологиялық мінездемесі. Сана мазмұны және мағынасы. Адам санасын реттеудегі сөз қызметі. Сана жалпылаған адам шындығының бейнесі.
Сана дамуы және пайда болуы. Сана пайда болуының шарты және жай-күйі: Бірлескен адам шындығының өнімділігі, еңбекті орналастыру, бағыттаушы дифференциация және қарым-қатынас белсенділігі, тілді қолдану және қайта құру, басқа таңбалы жүйе, адамның материалды және рухани мәдениет құрылуы. Сананың фило- және онтогенездік дамуының басты бағыттары. Адамда рефлекстік бейімдеушілік дамуы және пайда болуы. Түсінік жүйесінің құрылуы. Адамдардың психологиясы және әрекетінің тарихи жағдайларға байланысты өзгеруі. Ғылым, мәдениет, өнеркәсіп өнім жетістігі тану және өзін-өзі реттеудің жаңа әдістері, сана дамуын қамтамасыз ету. Сананың дамуының қазіргі заман шартындағы басты бағыттары. Сана және санасыз. Санасыз түсінігі санасыздық психологиялық процестегі қолданылуы, адам жағдайы мен әрекеті. Адам тұлғасындағы санасыздық Түс көру санасыздардың көрсеткіші сияқты. Сана және санасыз арасындағы айырмашылық. Санасыздардың әрекет түрлері. Адамның жануарлардан айырмашылығы ойлау қабілетімен және өзінің өткені туралы ойлану, оны бағалау және келешек туралы ойлау оған жоспар жасау және бағдарлай алуынан тұрады. Бұлардың барлығы адам санасының кеңістігімен байланысты. Сана – адам шындығының ең жоғарғы бейнелеу дәрежесі болып табылады. Психологиялық ғылым тарихында сана ең күрделі мәселелердің бірі болып табылады, бұны материалдық және идеалды түрде әлі де шешілмеген. Ғалымдар қандай философиялық бағыт қолдағанына қарамастан, оны рефлекстік әрекетпен байланыстырады. Яғни басқа психологиялық әрекет және өзін-өзі тануға дайындық. Мұндай қабілеті бар адам ғылым психологиясының дамуы және бар болуы мен байланысты, онсыз берілген класс феномені жабық болар еді. Рефлекссіз адам өзінде психикасы бар екенін елестете алмас еді. Адамның сонымен қатар бірінші психологиялық мінездемесі өзін субьект ретінде тану, ойша елестету қабілеті, өзінің психологиялық және жағдайларын реттеу. Оларды басқару, айнала қоршаған шындықты бейне ретінде қабылдау және көру қабілеті. Өзін субьект ретінде сезінетін адам өзін әлемде тануға дайын жеке ерекшеленген тұлға ретінде сезінеді. Шындықты ойша елестету және қиялдау. Бұл сананың екінші басты психологиялық мінездемесі. Ол сана сияқты біртіндеп тығыз бейне ретінде ерікпен байланысты. Саналы басқарылған елес және қиял түрлері. Олар адам еркімен туған және өзгермеген жағдайда айтылады. Мұнда шындығында бір қиындық бар. Елестету және қиял үнемі саналы ерік реттеуімен болмайды. Осыған байланысты сұрақ туады. Сана ағынын өзіне елестететін жағдайда біз онымен байланыста бола аламыз ба? Бұл жағдай сана жайлы емес, ал сана және санасыз психологиялық жағдайлар арасындағы сана алды жайлы айтқан дұрыс болар еді. Басқа сөзбен айтқанда, сана адам психологиялық әрекеті жағынан үнемі еркі реттеуімен байланысты. Нақты сәтте жоқ немесе мүлде жоқ (елестету, қиял, арман, фантазия) шындықты елестету сананың психологиялық мінез ретінде танылады. Бұл жағдай адам еркімен, саналы түрде елестетуден алшақтап, басқа ойда, өзінің бар ілтипатын қандай да бір бейнеге, өзінің елестетуінде дамытады. Бұл нақты жағдай ол мүлдем көрмейді немесе көретін жағдайы емес. Психологиялық процестермен немесе жағдайларды еркімен басқару санамен үнемі байланыста болады Психологиялық ескі кітаптарында «Сана» және « Ерік» туралы тақырыптар үнемі бір уақытта талқылануы кездейсоқ емес. Сана сөзбен байланысты. Сезіну және қабылдау елестету және жадыда сақтау саналы бейнелердің айырмашылығы спецификасының тұрақты қатарында мінезделеді. Сана сипаты құрылысы санада барлық жағдай бейнеленбейді, ал оны басты, нақты, нәрсені мінездемесінен тұрады. Сана үнемі сөз түсінік қолдануымен үнемі байланыста, олар өзінде ортақ және ерекшеленген сананың бейнеленген сипатынан тұрады. Адам санасының үшінші мінездемесі - бұл оның коммуникацияға бейімділігі. Тіл және басқа деп аталатын жүйе көмегімен басқа тұлғаларға берілуі коммуникативті мүмкіндіктер көптеген жоғарғы жануарларда бар, бірақ олар адамдардікімен басты жағдаймен ерекшеленеді: тіл көмегімен адам өзінің ішкі жағдайын хабарлап қана қоймай, ол білгенін, көргенін, елестетуін нақты әлем жөнінде мәліметтерін жеткізе алады. Тағы бір адамның ең ерекшелігі интеллектуалды сызба. Нақты зерделі құрылым сәйкесіне адам қабылдайтын және қоршаған орта туралы және өзі жайлы информацияның сақталуы - сызба деп аталады. Сызба адамның информацияны белгілі бір жүйеге келтіретін түсінік, логикалық операция, ережеден турады. Елестету аймағында жұмыс істейтін сызба мысалдарымен біз кітаптың танымдық процесс жайлы қарастырғанда кездестіреміз. Тіл және сөйлеу екі әртүрлі бірақ бір-бірінен байланысты сананы қалыптастырады: түсінік жүйесі және сөздің түсінік мағынасы. Сөздің мағынасы деп - сөйлеуші адамның сөйлем мазмұны. Мағына өзіне сөздің қолданылуындағы барлық түрін қосып алады және сөздік мағына жүйесі қоғамдық сана қабатынан тұрады, ол тілдің белгілер жүйесі әр адам санасынан тыс алынған. Психологияда сөздің мәні деп – сол белгіні немесе спецификалық белгіні айтады. Ол адам сөйлегенде мәнге ие болады. Сөз мәнімен көптеген сезім, ой, бейнелер байланысты. Сана сөйлегенде ғана емес бейне формасы түрінде де бар болады. Бұл жағдайда ол сәйкестендірілген бейнелер тудыратын екі белгі жүйесі қолданылуы мен байланысты. Айқын мысал: Адамның сана бейнесінің айқын мысал ретінде әдебиет, ән, көркемөнер бола алады. Олар шындықты бейнелеу формасы ретінде көрінеді. Адам санасының пайда болуы және дамуының басты шарты адам шындығының өнімділігі болып табылады. Бұл адамдардың бір-бірімен арасындағы қатынасты талап ететін шындық. Тұлғаның сана тарихта топтық процесс кезінде құрылған, адамдар бір іспен айналысу үшін әрқайсысы өзіне бірлескен жұмыс мақсатын елестету керек. Бұл мақсат сөзде айқындалған және анықталған болу керек. Дәл осындай онтогенезде баланың жеке адамдық санасы дами бастады. Оның құрылуына үлкендердің баламен бірлескен іскерлік және активті қарым-қатынасы қажет. Ең басында фило-және онтогенездік адамның санасының дамуының субьективтілі құрылысы сөз болып табылады. Адам санасының дамуына өнімділік адам шығармашылығының мінезі басты мағына береді. Сана арқылы адам сыртқы әлем жайлы ғана емсе, сонымен қатар бейне, сезім, елестету, сезіну және өзін-өзі таниды. Басқа адам үшін сезіну жолдары жоқ. Адамның бейне, ой, елестету сезімі материалды түрде олардың шығармашылық еңбегінің құрамында айқындалады. Сондықтан шығармашылықта өзін-өзі тану әдістері және адамның санасының даму жолдары бар.
&&&
$$$002-005-003$3.2.5.3 Сұрақ атауы Сана және бейсана (астар сана).
3. Адамның психикалық процесс, қасиет және қалыпының реттеуші деңгейі болып тек қана сана болып табылмайды. Кейбір жағдайда адам өзінің ішкі дүниесі туралы мәселенің барлығын түсіндіре алмайды, кейбір жағдайда өзінің әрекет –қылығын басқара алмауы мүмкін.
Санамен қатар адамда бейсана бар., және ол адам психикасының ажырамас құрамды бөлігі. Бейсаналық бастау барлық психикалық процесс, қасиет және қалыптарының функциясында болады. М-ы, бейсаналы түйсікке – тепе-теңдік түйсігін жатқызуға болады. Бейсаналы көру және есту түйсіктері болады, олар арқылы есту және көру орталықтарында түрлі ырықсыз рефлекстік реакциялар жүзеге асырылады. Бейсаналы бейнелер бұрын көргенді тануда, түрлі объект, зат, құбылысты қабылдауда тану сезімінің болуы арқылы байқалады. Бейсаналы ес – бұл ұзақ уақыттың және генетикалық есептің жемісі. Бұл ес, ойлау, қабылдау, зейінді басқарады. Бейсаналы ойлау адамның түрлі шығармашылық міндеттерді шешу кезінде туындаса, бейсаналы сөйлеу – бұл ішкі сөйлеу б.т. Сннымен қатар бейсаналы қозғаушы күштер болады. Олар адамның түрлі әрекет қылықтарында байқалады. Сонымен қатар бейсаналы құбылысқа адамдардың белгілі уақыттағы саналы әрекетінің уақыт өте келе бейсаналыққа айналуы. М-ы, жүзу, түрлі құралдыарды пайдалану.
Бейсаналық құбылыстың келесі типіне, З.Фрейд келтірген жеке тұлғалық бейсаналылық құбылыстарды жатқызуға болады: түрлі цензура, тиым салулардың негізіндегі адам санасы сферасынан алшақтатылынған ой, ықылас, қажеттілік, ұмтылыстар. Аталған бейсаналық құбылыстардың барлық типтері адам әрекетімен және оның саналы реттелуімен тікелей байланысты. Бірінші тип – бұл, жалпы психикалық әрекет-қылықтарын реттестіру звеносына жатады және мәліметтің сезім мүшелерінен немесе ес қорынан санаға (бас миы қыртысына) бару жолында туындайды. Екінші тип - бұны да осы жолдағы белгілі этап деп қарастыруға болады, бірақ қозғалыста бұл кері бағытта жүреді, яғни, санадан астар санаға қарай қозғалады. Бейсаналы құбылыс пен сана да әрекетті басқару қызметін атқарады, бірақ олардық функционалдық ролі әртүрлі. Сана әрекет-қылықтың неғұрлым күрделі формаларын басқарады, өйткені әрекеттің бұндай түрлері тұрақты зейінді, саналы бақылауды іске қосылады:
-
Адамның алдында күтпеген жағдайлар туындағанда, күрделі интеллектуалды мәселелерді шешуде;
-
Ден мүшесі немесе ой қозғалысының жүзеге асырылуындағы физикалық және психологиялық қарама-қайшылықтарын шешу талап етілген жағдайда;
-
Түрлі кофликтілі ситуациялардан шығудың жолын іздестіру кезінде;
-
Дереу әрекет етуді қажет ететін, өмірге қауіп төнген жағдайларда.
Адам өмірінде бұндай жағдаяттар әруақытта кездесіп отырады, сондықтан әрекет қылықты реттеп отырушы ретінде сана үнемі қызмет үстінде. Түрлі әрект-қылықтар бейсаналы реттестіру деңгейінде жүзеге асырылып отырылады. Саналы және бейсаналылықтың әрекет-қылықты реттестірудегі өзара байланысын ғылыми тұрғыдан зерттеу, мәліметтерді жинақтау әлі де аяқталған жоқ. Өйткені әрекет-қылықты реттестіру құралы ретінде сана және бейсаналық құбылыстардың небір жаңа мәліметтері күнүзбей берілуде.
Бейсаналылықтың жеке тұлғалық қасиеті туралы мәселе психолог-зерттеушілердің ең қызықтыратын объектісі. Бұл мәселе б-ша З.Фрейд көптеген еңбектер жазған. Осының негізінде қазіргі психологияда бейсана проблемасын ғылыми түсінігі екі бағытқа бөлінеді психоанализ теориясы; астарлы психикалық нұсқаулар (бағдар). Кейіннен рефлекстік қабілет пайда болып, ол адамның тану объектісі болу керек және бола алатынын сезіну. Сана дамуының бірізділігі фило –және онтогенездік тобында осындай. Бұл сананың дамуының бағытын рефлексті деп белгілеуге болады.
Екінші бағыт ойлау дамуымен және ойдың біртіндеп сөзбен бірігуі. Адам ойлауы дамыған сайын заттың егжей- тегжейге енеді Онымен параллель түрде тіл дамиды. Тіл түпкі мағынаны толықтырады. Түсінік сөзі сананың бірлігі болып табылады, оны түсініктілік деп белгілеуге болады.
Әрбір тарихи дәуір санада мағыналыда, олардың адам өмір суруінің тарихи жағдайлардың өзгеруімен оның санасы да өзгереді. Аллогенез дамуын тарихи ресурс түрінде елестетуге болады.
Дәл осы уақытта адам санасы жеделдетілген даму үстінде. Мұндай қортынды шығаруға болады. Сана бағытты кеңейтілген түрде өмір сүреді.
Адам санасының дамуының магистральды бағыты адам өзін және қоршаған ортаны кеңейтілген сфераға айналады. Бұл өз кезегінде материалды және рухты өнім тәсіл жетілдіруімен байланысты. Ол әлеуметтенген экономикалық революциямен басталған, біртіндеп мәдени революцияға өсу керек. Мұндай ауысу белгілерін біз қазірдің өзінде байқаймыз. Бұл әртүрлі халық және мемлекеттік экономикалық жағдайының өсуі, олардың идеология және саясат танудың халықаралық түрде өзгеруі, әскери мемлекеттер аралық қарсы тұруының төмендеуі, адамдардың бір-бірімен қатынасындағы танымдылық, мәдени бағалылықтардың өсуі. Адамның макро және микроәлемге құпиялы түрде екеуі параллель курсымен бірге жүреді. Ғылым жетістіктерінің арқасында адамды басқару және тану, әлем және өз-өзін билеу сферасы кеңейтілген. Адамның шығармашылық және оған сәйкес адам білімі жоғарылайды.
&&&
$$$002-005-100$Дәріс №5.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Сананың фило- және онтогенездік дамуының басты бағыттары туралы не білесің?
2. Адамның санасының фило-және онтогенездік дамуы.
3. Сана дамуы және пайда болуы.
4.Сана пайда болуының шарты және жай-күйі
5.Бейсаналы бейнелерді ата
&&&
$$$002-006-000$3.2.6 Дәріс №6. Психологияның дамуының тарихи кезеңдері.
1.Психологияның дамуының тарихи кезеңдері, қайта өрлеу дәуірінен 19-ғасырдың ортасына дейінгі психологияның дамуы.
2.19-ғасырдың ортасынан 20-ғасырдың екінші жартысына дейінгі психологиялық білімдердің дамуы.
3.ХХ-ғ. басындағы дағдарыстың нәтижесінде өз алдына бөлек шыққан негізгі бағыттар.
&&&
$$$002-006-001$3.2.6.1 Сұрақ атауы 1 Психологияның дамуының тарихи кезеңдері, қайта өрлеу дәуірінен 19-ғасырдың ортасына дейінгі психологияның дамуы.
1. Адам қоршаған орта өмірінің, табиғаттың, сондайақ қоғамның құрамды бір бөлігі. Сондықтан психология зерттеу объектісі адам болып табылатын ғылымдармен тікелей байланысты.
Адам психикасын және әрекет-қылығын оның биологиялық бастауларын, ағзаның қызмет ету заңдылықтары мен құрылымын зерттеп алмай,оны толық түсіну мүмкін емес. Адам санасының қалыптасуын қарастырғанда, оның біртіндеп уақыт өте келе қалыптасқандығын және шыңдалғандығын байқаймыз.
Тарихты сараптау адам үшін, оның қазіргікейіпі, психологиясын түсіну үшін қажет. Немовтың пікірінше адам ерекше биологиялық организм ретінде басқа тіршілік иелерінен 1,7 миллион жыл бұрынбөлінсе, ол қоғамдық өмірдің субъектісі ретінде 50000 жыл бұрын ғана өмір сүруде. Бірақ оның осы уақыт ішінде жасақталған материалдық және рухани мәдениетінің арқасында өзінің жоғары психикалық процестердің, жеке қасиеттердің иегері ретінде Адам болды. АЛ бұл кезең адам үшін тарихи кезең.
Адам туғаннан табиғат тылсымынан тыс жасанды әлеуметтік ортада өмір сүреді, дамиды. Біздің айналамыздағы нәрсенің барлығы адам қолының, оның іскерлігінің жемісі. Ал бұның барлығы адам психологиясының көрністері. Сондықтан түрлі психологиялық қасиетері бар қазіргі адамды зертеп тану үшін, адам тарихын, оның ішінде материалдық және рухани мәдениеттің қалыптасу тарихын зерттеп білу қажет. Олар: түрлі халық және ұлттардың философиялық ұғымдары, діни сенімдері, дәстүр және т.б. Психология және тарихтың өзара байланысы іштей және сырттай болуы мүмкін. Іштей байланыс дегеніміз, аталған ғылым салаларының біріншісінің өз проблемасын шешуде, екіншісінің мәліметтерін өзіне көмекке алу мақсатында байланысуы. Сыртқы байланыс бір ғылым саласының екінші ғылым саласының әдіс тәсілдерін қолдануда жүзеге асырады. Тарих пен психологияның өзара байланысы жалпы ғылыми теорияны жасақтауда көрінеді Бұндай теориялардың бірі, адамның жоғ. психикалық қызметінің мәдени-тарихи дамуының теориясы (Л.С.Выготский). Бұл байланыстың негізінде психологияны зерттеудің тарихи әдісі жасақталынды. Психологияның дамуының тарихи кезеңдері:
І-кезең – ғылыми қолданыста психология термин ретінде ХҮІ ғ. қолданыла бастады, яғни әр адамның өзінде аңғарылатын жандық немесе психикалық құбылыстарды қарастыратын сала ретінде қалыптасуына дейінгі;
ІІ-кезең – ХҮІІ- ХІХғ.ғ. психологтардың зерттеу аймағының астар санадағы психикалық процестер мен адамның іс-әрекеті аумағында кеңейуі;
ІІІ- кезең – ХІХ ғ. ортасынан ХХ ғ. екінші жартысына дейінгі психологиялық білімдердің қайта құрылуы.
ІҮ –кезең – қазіргі психологияның дамуы.
Қазіргі психологияның негізгі принциптерін толық түсіну үшін, оның қалыптасу тарихына тоқталуымыз қажет. Өйткені, қазіргі негізгі ғылыми түсініктердің бастауы, олардың бірнеше түрлі өзгерістерге түскен байланыстарында.
Адам баласының санасында ең алғаш ғылыми түсініктер пайда болғаннан бастап психологияда зерттелінетін мәселелерге қызығушылықтар байқала бастады. Ғылыми бағыттарға ең алғаш, жан туралы мифологиялық көзқарастарға қарсы шыққан түсініктер жүйесі кіреді.Олардың бірі: анимизм (жан, рух). Бұл бағыт бойынша жан қозғалыс және жылу бар жердің бәрінде бар екендігін айтады.Бұнда жанның өзі жеке , тәуелсіз құбылыс ретінде қарастырылады, жан мен тән бір-бірінен дербес өзара параллельді түрде тіршілік етеді. Анимизм әлемнің рухтануы философиялық білім.
ҮІІ-Ү (б.э.д.) ғ.ғ. натурфилософиялық бағыт өрістеді. Оның өкілдері: Фалес, Анаксимен, Гераклит. Олар жаңа гилозиоизм бағытын алға тартты. Жан енді материяның егізі емес, оның құрамдас бөлігі ретінде қарастырылды. Жан құбылысын түсіндіру әлемнің негізгі үш бастауының негізінде болды: су, ауа және от. Жер бетіндегі нәрсенің барлығы осы материялық бастаулардың құрамдас бөлігі, оның ішінде жанның бастауы оттан деді (Фалес).
Ү-І (б.э.д.) ғ.ғ. натурфилософтардың жаңа ағымы басталды. Ол – атомистік бағыт. (Демокрит, Эпикур; Лукреция). Жанды олар мүше ретінде, өмір сүре алатын дене деп қарастырды. Бұл мүше рухты (немесе сананы) басқарады. Жан – дене мүшесі бола отырып, жеке ұсақ шар тәрізді қозғалыстағы атомдардан тұрады деді. Атомистік бағыттың бұл мәліметтері сол кезде өмір сүрген Аристотельдің “Жан туралы трактатында” беріліп, жан туралы білім философияның дербес тарауы ретінде енгізілді. Бұл ең алғаш ғылыми-психологиялық білім ретінде танылды. Аристотельдің еңбегіндегі жан атомдарының қозғалыс динамикасы арқылы, қабылдау, ес, ойлау, түс көру құбылыстары түсіндірілді. Жан атомдары өз бетімен өмір сүреді, ол тәннен алыстауы немесе оған енуі мүмкін деді.
Бұдан кейін (428-348 ж.ж.) идеализм бағыты өріс алды (Платон). Бұл псих. Түсініктердің дамуының алдыңғы этапын алмастыра отырып, оның логикалық жалғасы болды. Негізі: жан құбылыстарын классификациялау, яғни ақыл-ой, ерлік (ерік),құмарту (мотив) деп бөліп қарады. Олар дененің әр бөлігінде орналасқан: ақыл-ой – баста, ерлік – кеудеде, құмарлық – асқазан маңайында. Адамда жанның бір бөлігінің басқасынан басым болуы, сол адамның жеке ерекшелігін көрсетеді, тіпті оның әлеуметтік шығу тегімен салыстырылады. Жанның материалдық емес негізі ретінде идея, оның мәңгілік екендігін дәріптеді. Натурфилософтар жанның материалистік және идеалистік түсініктерін біріктіруге тырысты. Сол кездегі философияның теологиямен өте тығыз байланысы жанды ғылыми әдістермен болмайтындығын нақтылады.
Идеализмнің ғылымға қосқан үлесі: тән мен жанның ара қатынасы туралы білімге (дуализмге) бастау салғанында.
Бұдан кейін осы идеалистік бағыттың негізіндегі сананы идеалистік тұрғыдан түсіндіріледі (Платон, Августин). Бұл өз кезегінде психологияны зерттеу әдісі ретінде интроспекцияның өзін бақылау (өзінде болып жатқан өзгерістердің негізінде психологиялық құбылыстарды түсіндіру) пайда болуына әсер етті. Бұл психологияны зерттеудегі негізгі әдіс ретінде екі жүз жыл мөлшерінде өмір сүрді. Өзін-өзі тану әдісі – жанның білім алуға сезім мүшелерінң беретін тәжірибелерінен ерекшеленетін өз тәжірибесін жинақтауға бейім екендігі жайында байқаулар жүргізіле басталды. Осылайша, ХІҮ- ХҮІ ғ.ғ. “психология” термині п.б. бастады.
ХYII ғ. француз ғалымы Рене Декарт рационалистік психологияның негізін салды /«рацио» - латын сөзі. қазақша «ақыл» дегенді білдіреді/.
Рационалистік психология – дүниетану мен ақиқат білім алудың жалғыз ғана дұрыс жолы – ақыл – ой деп есептейді. Декарт идеалист болды. Дүниенің қос негізі бар: ол материя мен ойлаушы жан. Материя кеңістіктен орын алады, оның өлшемі, белгілі салмағы болады. Ал жан – рухани нәрсе, кеңістіктен орын алмайды, өлшенбейді, салмағы болмайды. Материя мен жан бір – біріне қарама – қарсы. Әрқайсы өз алдында жеке өмір сүреді. Декарттың дүниеге, жаратылысқа, әртүрлі құбылыстарға көзқарасы материалистік көзқарас. Алайда, оның материализмі шолақ, аяқталмаған материализм.
Эмпирикалық психология, капитализмнің пайда болуы, дами бастауы, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарының өрістеп, алға басуына себепші болды. Тәжірибелі ғылымдар пайда болды. Ағылшын философы Бэкон индуктивтік әдісті дамытты. Дүниетану, оны зерттеу жолдары жай құбылыстан күрделіге, оңайдан қиынға, жақыннан алысқа, деректіден дерексізге көшіп отыру керек. Эмпирикалық психологияны әрі дамытқан ағылшын ғалымы Дж.Локк болды. Ол сенсуалистік /сезімдік/ көзқарасты дамытты. Адам туғанда оның жаны – табула расса /таза тақта/ есебінде болады. Елестетулердің негізі – түйсіктер, сыртқы дүниенің әсерлерін түсіну арқылы ғана елестеулер пайда болады.
Давид Юм агностицизмді дамытты. Объектив дүние бар ма, жоқ па? Деген мәселені шешіп болмай дүниедегі заттардың қандай екенін білу түгіл, олардың барын да, жоғын да білмейміз. Психологияның жеке ғылым ретінде дамуы
ХIХ ғ. басы - ХIХ ғ. 60ж
|
Жаратылыстану ғылымы психологияны жаңа ғылым ретінде пайда болуының алғы шарты.
|
Сезім органдарының, нерв системасының, эксперименталды методтардың зерттелінуі: психофизиканың қалыптасуы, түйсіну және қабылдау теориялары
|
ХIХ ғ. 60ж, - ХIХ ғ. аяғы.
|
Психологияның жеке ғылым ретінде пайда болуы
|
Психологияға эксперименталды методтың енуі, психологиялық теорияның программалуының қалыптасуы, қолданбалы тәжірибенің пайда болуы, жаңа саланың пайда болуы, жаңа саланың пайда болуы.
|
ХХ ғ.10 ж. ортасы – 30 жыл
|
Психологиядағы кризис
|
Шетел психологиялық мектебінің пайда болуы: бихевиоризм, психоанализ, гештальтпсихология, француздардың социология мектебі, түсінетін психология, индивидуалдық психология, аналитикалық психология, советтік психологияның пайда болуы
|
20-30 жж.
|
Советтік психологияның қалыптасуы
|
Маркстік философия негізінде психологиялық теорияның негізін қалыптастырды: теория, құрылымдар, мәдени – тарихи, іс – әрекет теориясы т.б. психологияда қолданбалы психологияның дамуы – психотехника, педология.
|
30 ж. аяғы – 50 жыл
|
Шетел психология кризисінің сөнуі. Теория саласында советтік психологияның дамуы
|
Кризис кезіндегі психологияның необихевиоризм, неофредизм, жаңа бағыттардың пайда болуы: генетикалық психология, жеке адамның персоналистік концепциясы т.б. советтік психология дискуссия П.Я. Гальперин этаптық ойлаудың әрекеттер теориясының дамуы
|
60 жыл – қазіргі кезең
|
Советтік және шетел психологиясын жаңа теориялар негізінде іздестіру
|
Шетел психологиясының жаңа бағытта пайда болуы; гуманистік психология, логатерапия, когнитивті психология, Марксистік бағытталушы теория. Советтік психологиялық қарым – қатынас.
|
&&&
$$$002-006-002$3.2.6.2 Сұрақ атауы 2. 19-ғасырдың ортасынан 20-ғасырдың екінші жартысына дейінгі психологиялық білімдердің дамуы.
2. ХІХ-ғ. ортасына дейінгі психологияның дамуына әсерін тигізген басқа ғылым салаларының: жаратылыстану, медициналық және түрлі өнер салаларында қарқынды даму басталды. Жан туралы білім сол кездегі дінмен күрестің нәтижесінде көптеген қиындықтарға ұшырағанымен өз дамуында жалғасын тапты. Бұның қозғаушы күші ретінде сол кездегі ағылшын, француз және басқада европа материалистерінің көзқарастары болды. Сол кездегі нақты ғылымдардың ішінде күшті дамыған механика саласы. Механика түрлі, күрделі қозғалыстарды жасайтын машиналарды жасаумен айналысты. Ал олардың қозғалысы, адам және жануарлардың қозғалысына ұқсайтындығы аңғарылды. Осының нәтижесінде адам қозғалысын, тіпті психикасын машинаның механика заңдылықтарымен түсіндіруге ыңғай біліне бастады. Нәтижесінде ең алғаш “рефлекс” ұғымы осы күрделі ұйымдастырылған “машинаның”, яғни тірі организмнің сырттан келетін әсерге механиканың қозғалмалы жауабы ретінде енгізілді.
Ал техника мен әрекет қылықтың өзара байланысын түсіндіруде келесі бағыт туындады. Дуализм - әлемде бір-біріне тәуелсіз, бөлек екі бастаудың: материя және рухтың бар екендігін нақтылайды. Әрі қарай психологиялық білімнің дамуы келесідей болды: адам және жануарлар денесі күрделі машина түрінде қарастырылады, сонымен қатар жануарларға қарағанда адам денесінің жұмысы оның жанымен реттеледі, демек, органикалық емес қажеттіліктерімен (Рене Декарт).
Дуализм бағытына қарсы детерминизм бағыты өріс алды (Б.Спиноза). Кез-келген құбылыстың жалпы себептілігі және оның жаратылыстың ғылымдық түсініктері болатындығын дәлелдеуге тырысты. Ең алғаш бейсаналық және оның санамен байланысы туралы неміс ғалымы Лейбинц өз зерттеулерін жүргізе бастады. Бұдан кейін , ХҮІІІ ғ. психологияның ғылым ретінде дамуына үлесін қосқан эмпиризм және сенсуализм ағымдары дүниеге келді. Эмпиризм - өзіндік тәжірибе мен адамның оны жинақтау заңдылықтарын және тәжірибенің санадан басымдылығын дәлелдеді. Сенсуализм – психикалық өмірдің негізін сезімдік әсерлену, сезімдік танымның басымдылығын нақтылайды. Бұл көзқараста негізінен түйсік туралы идеалистік және материалистік екі көзқарастардың күресі байқалады.
Э. және С. де тума өзгермейтін идеяларды жоққа шығарып, дамудың мүмкіндігі ретінде тәжірибенің басымдығын дәріптеді.
Ресейде психологияның дамуы. Осы кездегі ағымдар ХХ ғ психология ғылыми екі жолмен дами бастады.
1/ механистік материализм;
2/ субъективті идеализм.
Америкада механистік материализмге байланысты бихевористік, яғни қылық психологиясы дамыды. Негізін салған американдық психологтар Торндайк, Уотсон т.б субъективтік идеалистер. Сана психологиясын психика жөніндегі жаңа тұжырымдамалармен толықтыру немесе оны ауыстыруды мақсат еткен жаңа бағыттар:
Достарыңызбен бөлісу: |