Kz $$$umkd name$эпоәК атауы Жалпы психология



бет4/11
Дата17.06.2016
өлшемі3.22 Mb.
#143422
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Сопақша ми жұлынымен жалғасады. Бір ми қарыншасы осы сопақша мида орналасады. Оның сұр затында адамның тіршілігі үшін маңызды орталықтар бар. Бұл орталықтар арқылы жүзеге асатын рефлекстерге:

1. қорғаныс (түшкіру, жөтелу, құсу, көзден жас ағу, көзді жыпылықтату)

2. қоректенумен байланысты ему, жұту, сөл бөлу, асқорыту бездерінің жұмысын реттеу

3. автоматты түрде жұмыс істейтін тыныс алу, жүрек пен қантамырлар жұмысын реттеу сияқты рефлекстер жатады. Сондықтан сопақша ми зақымданғанса адам тыныс алу және жүректің тоқтауынан тез өліп кетеді. Сопақша ми жұлыннан келген қозуды мидың керекті бөліктерінен өткізеді.

Сопақша ми, ми көпірі, ортаңғы ми және аралық мидан ми бағанасы құралады.

Артқы миға көпір мен мишық жатады. Көпір ортаңғы миаен сопақша мидың ортасында орналасады. Ми көпірі үлкен ми сыңарларын жұлын мен мишықтың қыртыстарымен жалғастырады. Ми көпірінің нейрондары бет терісі, тілден, ауыз қуысының кілегейлі қабықшасынан, есту мүшесінен ақпараттар қабылданады.

Мишық сопақша мидың үстінде орналасқан. Мишықтың үлкен ми сыңарлары тәрізді сыртында сұр заттан құралған қыртыстары және көптеген иірімдері болады. Мишық жүйке талшықтары арқылы мидың басқа бөліктерімен тығыз байланыс жасайды. Мишықтың негізгі атқаратын қызметі-адамның қимыл әрекетін, дене бұлшық еттердің қызметін реттейді. Мишықтың қызметі бұзылса, адам дәл үйлесімді қимылынан айырылып, дене тепе-теңдігін сақтай алмайды. Мұндай адамдар мас адамдарша теңселіп жүреді. Жүргенде қол-аяғын сермеп, ебедейсіз қимыл жасайды.



Ортаңғы ми аралық және артқы мидың арасында орналасқан. Ортаңғы ми жүйкелерінде жоғары және төменгі өткізгіш жолдардың қызметін атқарады. Жоғары өткізгіш жолымен қозу мишыққа және үлкен ми сыңарларына жетеді. Төменгі өткізгіш жолымен қозу сопақша ми мен жұлынға барады. Ортаңғы ми кенеттен келегн жарық және дыбыс тітіркеністеріне тез байқауды реттейді. Ортаңғы мидан қаңқа бұлшық еттеріне үнемі жүйке тітіркенісі жіберіліп, дененің ширығып тұруына мүмкіндік туғызады. Ортаңғы ми торлы бөлікшесі арқылы орталық жүйесінің бөліктерімен тығыз байланыс жасайды. Адамның тұла бойын реттеуде орталық маңызы үлкен. Одан үнемі келетін тітіркеністер денені ширатып, адамның еңбек қабілетіне, дене шынықтыру және спортпен шұғылдануына әсерін тигізеді.

Аралық ми күрделі құрылысты, көптеген қызмет атқаратын ми бөлігі болып табылады.Ми қарыншаларының біреуі аралық мида орналасқан.Арлық ми құрылымында талаумус (көру көмпегі) гипоталамус (төмпекасты) болады.Таламус арқылы ми қыртысына әр түрлі сезім (ауырсыну,қанағаттану,мимика т.т.с)қалыптысады. Гипоталамус вегетативтік жүйке жүйесі үлкен ми сыңарлары қыртысының орталығы болып есептелінеді. Гипоталамус барлық ми бөліктерімен байланысты, сондай-ақ ішкі гормондардың бөлуін реттейді, дененің температурасын,қан қысымын және ағзаның зат алмасу үрдістерін, ішкі ортасын тұрақтандырады.З әр шығару, ұйқы және сергектілік, бейімделу әрекеті ,физиологиялық құбылыстар аралық мида өтеді.

Алдыңғы ми сыңарлары адамда басқа ми бөліктеріне қарағанда жақсы дамыған, мидың 80% алып жатыр.Ми сыңарларының беті сұр затпен немесе ми қыртысымен қапталған.Сұр заттың астында ақ зат бар. Ми сыңарларының беті қатпарланып жатады,оның жалпы көлемі 2000-2500см3, қыртысының қалыңдығы 2,5-3мм. Ол 14 млрд жүйке жасушалары құралады. Мидың өзіне қарағанда оның үстіңгі қыртысы жылдам өседі,сондықтан ми қыртысында жүлгелер мен қатпалар пайда болады. Мидың және сол үлкен ми сыңырларына ең терең орталық жүлгемен бөлінген. Әрбір ми сыңары 4 бөліктен тұрады:

1.маңдай


2.төбе

3.самай


4.шүйде

Үлкен мисыңарларының қыртысында мындай негізі аймақтар бар:сезу-қыймыл, көру, есту және дәм мен иісті сезу. Сезу-қимыл (аяқ, тұлға, қол, мойын, бет ерінді қозғалту, сөйлеу аймағы) аймағы маңдай және төбе бөліктерінде орталық жүлгенің алдыңғы орталық қатпарында жатады. Тері, бұлшық ет сезімтал аймағы төбе бөлігінің орталық қатпарының артқы жағында болады.

Көру аймағы-желке бөлігінде, есту самай бөлігіндегі қатпарының үстінде, ал иіс пен дәмді сезу аймақтарысамай бөлігінің алдында болады.

Осы аймақтарға белгілі қабылдағыштарға ішкі мүшелерден және сыртқы ортадан ақпарат түсіп отырады. Мұндай қабылдағыштартеріде, қан тамырларында, бұлшық еттерде, ас қорту және т.б. мүшелерде болады. Бұл қабылдағыштар өзгерістерді қабылдап, ми сыңарларының қыртысындағы белгілі аймаққа жүйке арқылы жеткізеді. Келіп түскен ақпарат мұнда талданып, қорытындылады.Оданг соң ол ақпаратқа тура жауап қайтаратын мүшеге өзінің тітіркенісін жібереді. Мысалы, дәмді тамақ иісіне сілекейінің бөлінуі.

Сол жақ ми сыңарлары оң жақсыңарларына қарағанда адам тіршілігінде көбірек қызмет атқарады және оның қабілеті мол. Алайда кейде оң жақ үлкен ми де пәрмендіболып, сол жағынан асып түсіп отырады.

Мысалы, адам іс-қимылынайналаға бағыттағанда, заттардың пішінін анықтағанда және музыканы түсініп тындағанда үлкен мидың оң жақ сыңары күшті қызмет атқарады. Адам үлкен ми сыңарлары қызметінде нәтижесінде айналаны танып, ондағы өзгерістерге сай дененің бейімделу әрекетін жасап отырады.Ми қыртысы адамның психологиялық әрекетінің материалдық негізі болып табылады.Мінез-құлық, тәлім-тәрбие, сөйлеу, есте ұстау (сақтау), ойлау әрекеттерінреттеу үлкен ми сыңарлары қыртысының қызметіне тікелей байланысты.

Ми барлық мүшелердің және мүшелер жүиесінің қызметін ұйымдастарып, басқарып, үйлестіріп отырады. Олардың келген ақпаратты бақылайды,салыстырады, бағалайды, қорытындылап, адамның іс-әрекетіне айландырады. Мидың қызметі оның төменгі бөліктерінен келген ақпаратқа байланысты. Ақпаратқа неғұрлым көп түссе, соғұрлым оны ми талдап, қорытындылап, оны ми талдап, қорытындылдап, ол жөнінде «шешім» жасайды және орындалуына «нұсқау» береді.

&&&


$$$002-002-002$3.2.2.2 Сұрақ атауы 2. Орталық жүйке жүйесіндегі жағдай, ролі және ретикулярлық формацияның қызметі.
2. Рефлекстік доға рецептордан басталады. Жүйке ұштары болып табылатын рецепторлар температура, қышқылдық, дыбыс және т.б. сияқты әр түрлі тітіркендіргіштерді қабылдап, жүйке орталығына қарай шеткі жүйке жүйесінің сезгіш жүйкелері арқылы жұлындағы жүйке орталықтарына жеткізеді. Жүйке орталықтары деп жұлынның әр жерінде белгілі бір мүшенің қызметін реттейтін жүйке жасушаларының шоғыры. Мысалы, тізе рефлексі орталық жұлынның бел бөлімінде, зәр шығару орталығы сегізкөз бөлімінде, көз қарашығының ұлғаю орталығы арқа бөлімінде, көкеттің(диафрагма) реттелу оталығы ІІІ-ІV мойын омыртқаларында орналасқан. Жүйке орталығында талдап қорытындылаудан туған жүйкелік жауапты шетке қарай қозғалтқыш жүйкелер белгілі бір мүшеге жеткізіп, сол мүшенің оған қайтаратын жауабымен аяқталады. Қарапайым рефлекторлық доға бар-жоғы екі нейроннан (сезгіш және қозғалтқыш), ал күрделі рефлекторлық доға үш нейрон тізбегінен тұруы мүмкін.

Адам рефлекстері әр түрлі. Олардың өте қарапайым, мысалы, ине шанышқанда немесе тері күйгенде қолды тез тартып алу, ащы заттардың әсерінен көзден жас парлауы, кеңсірікке бөгде зат түскеде түшкіру.

Рефлексті реакция кезінде жұмыс атқаратын мүшенің рефлекторлы сигналды орталық жүйке жүйесіне өткізеді, ал ол жауаптың қаншалықты тиімді екенін бақылайды. Мысалы, адам байқамай ыстық затқа қолы тиіп кеткенде дереу қолын сол заттан тартып алады. Қол ыстық затқа тигенде терідегі терморецепторлар заттың температурасының дәрежесінен сезгіш нейрондары арқылы жұлындағы жүйке орталығына қозу арқылы жеткізеді. Жұлында келген ақпарат қорытындылап, оның тым ыстық екені және тері күйіп қалмауы үшін қолдың бұлшық еттеріне қозғалтқыш нейрондары арқылы қозу жіберіледі. Қозу қолдың бұлшық етіне жеткенде бұлшық ет жиырылып адам қолын ыстық заттан алыстатады. Бұл рефлекс өте тез жүзеге асады.

Рефлексте импульстің жолы: рецептор→сезгіш жүйкелер→жұлын→қозғалтқыш жүйкелер→мүше.

Жұлынның қызметін ми реттеп отырады. Жұлын зақымданғанда, өткізгіштік және рефлекстік қызметтер жойылып кетеді. Омыртқа жотасы сынғанда немесе қисайғанда, жұлын мен ми арасындағы байланыс үзіледі. Мұндай адамның миы әдеттегідей қызмет атқарады, бірақ зақымданған орталық арқылы жұлынның реттелу өткізгіштік қызметінің біразы іске аспайды. Сондықтан жұлын да, ми да 3 қабықпен қапталған:

1. сыртқысы-қатты

2. ортаңғысы-торлы

3. ішкісі-жұмсақ деп аталады.

Жоғарғы жүйке қызметінің рефлекстік сипаттамасын бірінші рет 1863 жылы орыс физиологы И.М. Сеченов берді. Сеченовтын жұмысын әрі қарай толықтырып, тәжірибелік түрде зерттеген орыс ғаламы И.П. Павлов. Рефлекс-жүйке жүйесінің әрекетінің негізі. Рефлекстер шығу тегі бойынга шартты және шартсыз болып бөлінеді

Шартсыз рефлекс туа пайда болады, тұрақты, тұқым қуалайды, ішкі және тітіркендіргіштердің әсерінен орталық жүйке жүйесінің (үлкен ми сыңарларынан басқа) қатысуымен болатын организмнің реакциясы. Бұл рефлекстік реакциялар бір түрдің барлық дара бастарында (особь терінде) байқалады. Оның негізіг маңызы организмнің ішкі орта тұрақтылығын қамтамссыз ету, ағзаның көбеюін жүзеге асырады. Шартсыз рефлекстерге көз қарашығының жарыққа жауабы, ыстық затқа саусақ тигнеде қолды одан тартып алу жауабы, шөлдеу, ашығу, ауыр сыну, дәрет сындыру, қорғану, жұтыну т.б. жатады. Күрделі рефлекстер өлу үшін бірнеше рефлекстер тізбектеле қатысады. Шартсыз рефлекстің мұндай түрін түйсікті сезім деп атайды. Түйсік мінез құлықтың күрделі тұқым қуалау актілірінің жиынтығы болып саналады. Мінез құлық-организмнің ішкі және сыртқы факторларын әсеріне өзінің іс-әрекетін өзгерту арқылы жауап беруі.

Шартты рефлекс организмнің өмір сүру барысында белгілі тітіркендіргіштерге жауап ретінде пайда болатын рефлекстер.

Шартты рефлекстер шартсыз рефлекстер негізінде құралады, жойылып қайта пайда бола алады, әрбір дара бастын жеке тіршілігі барысында қалыптасады және бұл түрдің барлық дара бастарына тән болмайды. Бұл рефлекстердің қалыптасуына міндетті түрде үлкен ми сыңарларының қатысуымен жүзеге асады. Шартты рефлекстердің маңызы сыртқы өзгерістерге ағзаның бейімделуіне көмектеседі. Шартты рефлекстерге жарықтың, дауыстың, иістің, дәмнің қоздыруына организмнің уақытында жауап қайтаруын айтады. Одан кейін көптеген қайталаулардан кейін дағдыға шартты рефлекстің шартсыз рефлекске айналуын айтады. Барлық адамда шартты рефлекстер бірте-бірте әдетке айналады. Мұның маңызы өте зор. Өйткені адам баласы жүзуді, жұмыс істеуді, оқуды, өнерді т.б. үйренеді. Басында осы көрсетілгендердің бәріне уақыт, жігер, ынта қажет болған. Соның нәтижесінде шартты рефлекстер жүре келе дағдыға айналады. Дағды мен әдеттің бір жолы-ол жүйелі түрде үнемі еңбектену.

Рефлекстерге салыстырмалы сипаттама кестеде көрсетілген.

Шартты және шартсыз рефлекстерге сипаттама.

Шартсыз рефлекстер

Шартты рефлекстер

Организмнің туа пайда болған, тұқым қуалайтын реакциясы

Тіршілік әрекетінде жүре пайда болатын, тұқым қуаламайтын реакция

Осы түр өкілдерінің барлығына тән және эволюция процесі

Әрбір организмнің тіршілік негізінде пайда болған, яғни жекелей қалыптасқан

Организмнің барлық тіршілік барысында сақталып, салыстырмалы түрде тұрақты болады

Тұрақты емес, белгілі бір жағдайдаға байланысты пайда болып бекиді немесе өтеді

Әрбір рефлекске арнайы өзіндік (адекватты) тітіркендіргііш пайда болады

Тітіркендіргіш қабылдайтын кез келген организмде болуы мүмкін

Рефлекс орталық жұлында, сопақша, ортаңғы және аралық мидың дәрежесінде болады

Рефлекстік орталық бас мидың алдыңғы сыңарларының қыртысында болады

Мысалы, қоректік, жыныстық, қорғану, бейімделу

Мысалы, тамақтың иісіне сілекейдің бөлінуі, жазу жазғандағы нақты қозғалыс. Фортепьяно ойнағанда, пультпен жұмыс істегенде

Маңызы: тұрақты орта жағдайында өмір сүруге көмектеседі

Маңызы: өзгермелі орта жағдайда бейімделуге көмектеседі

Қандайда бір жағдайдың адам үшін маңызы оның ішкі қажеттілігі қойған мақсатына қызықтыруымен анықталады. Осы жағдайдағы басым қажеттілік адамның бар әрекетін басқарады. Бұл әрекеттің ерекшелігін бірінші рет А.А. Ухтомский ашқан және оны доминатты принцип деп атаған. Бұл принциппен келісе отырып, қажеттіліктің доминатты әрекеті организмнің қойған мақсатына жету үшін барлық энергияны жинап, ұйымдастырады. Ынта (көңіл аудару) ерікті және еріксіз болуы мүмкін. Еріксіз көңілде организмнің қызықтыратын затына ынта қою үлкен қажырлықты қажет етеді. Ерікті ынта организмнің ойлап қойған мақсатымен байлансыты және оған ерікті талап етеді. Бас миы дистантты рецепторлық мүшелердің эволюциялық дамуының негізінде қалыптасқан ж.ж. өте күрделі бөлімі б.т. Ерекше рольді бас миында оң және сол жақ жартышарлар, сонымен қатар олардың негізгі тарамдары атқарады.

Ми бөліктері сан алуан жүйке қызметін орындайды. Олардың орналасу деңгейі жоғарлаған сайын, оның қызметі де күрделене түседі. Бәрінен төмен орналасқан арқа миы, оның қызметі - бұлшық ет топтары мен ішкі мүшелер қызметін реттеу.Оның үстінде мишықпен бірге сопақша ми орналасқан. Сопақша ми дененің қызметтерін орайластыра басқарады (дем алу, қан айналу, ас қорыту және т.б... Бұлардан жоғарыорталық жүйке бөлігі – күрделі қозғалыстар менбүкіл дене қалпын реттеуге қатысатын – орта ми орн-ды. Сопақша ми мен орта ми бас миының бағаналы бөлігін құрайды. О.Ж.Ж. ең жоғары бөліктері бас миының үлкен жартышарларына біріккен.үлкен жартышарлардың құрамына қабық асты түйіндері деп аталатын тереңдегі жүйке клеткаларының тұтас жиынтығы кіреді.Жартышарлардың үстіңгі бетінде жүйке жасушалар қабаты – бас миы қабығы көмкерілген. Бұл қабық қыртыс, сай, қатпар күйінде анықталады. К.Бродман ұсынған классификацияға байланысты, б.м.қ. 11 аймақ., 52 өріске бөлуге болады.

Неғұрлым дамыған өрістерінде жүйке клеткаларының 6-7 қабаттары орналасқан және қабат саны сол бөліктердің ескілігіне байланысты. Ескі қабық бір ғана қабаттан тұрады және қабық астынан толықтай бөлінген. Адамның бүкіл б.м.қ. 95,6 % көлемі жаңа қабықтан, ежелгі қабық – 0,6 %, ескі қабық – 2,6 % аумақты алып жатыр.

Үлкен ми сыңарларының бүкіл бет аймағын бірнеше көлемді бөліктерге жіктеуге болады.Бас миы сыңарларының сырқы бөлігі – желке аймақ(қара құс., ол алдыңғы таратпа төбе (еңбек. аймақтарына жалғасады.Алдыңғы, аумағы жағынан ми сыңарларының ең үлкен бөлігі – маңдай аймағы – адамда ғана жақсы дамыған. Осындай жіктеулерге сәйкес көру әсерлерінің анализі мен синтезі – желке аймағының жоғары бөлігінде (есту зонасы.; сезу және ет-сүйек аппараттарындағы тітіркенушілер – төбе (еңбек. аймағының алдыңғы бөлігінде орналасқан.

Күрделі психикалық процестердің мидағы ұйымдастырылуын жете түсіну үшін адам миы қызметі туралы қазіргі заманғы ғылыми деректерді білу қажет. А.Р.Лурия бойынша бас миы аппараттарының қызыметімен байланысты келесі принциптерді білуіміз қажет.

Ақпаратты қабылдау мен өңдеуді қамтамасыз етуші,өз әрекетінің бағдарламасын түзу, олардың өзара әрекеттес қызметте болуын бақылайтын адамның бас миы құрылымдары әрдайым бүтін бірлікте жұмыс атқарады. Бұл аппарат өте күрделі, сондықтан бұл жете дараланғанбірнеше бөліктерден тұрады. Дегенмен,бір бөлігі зақымдалатын болса, бүкіл аппараттың қызметіне зақым тиеді.

Адам бас миында үш негізгі блок дараланады. Біріншісі – ақпарат қабылдап, өңдеуге, сонымен бірге бағдар түзу процесі мен олардың іске асуын қадағалап, қажетті ми қабығының іс-қуатына жәрдем береді. Екінші блок – адамға сыртқы орта мен өз тәні мүшелерінен жететін ақпараттардың қабылдануы, өңделуі және сақталуына байланысты процестерді жүзеге асырады. Үшінші блок - әрекет жоспарын түзейді, оның орындалуын реттеп , іске асырады және табысты нәтижеге жетуін қамтаамасыз етеді.

Адамның сана лы іс-әрекетін қалыптастырушы осы үш блок бас миының оқшауланған бөліктерінде орналасып, өзара үйлесімді қызмет атқарады.



Бірінші блокқа сипаттама. Бұл блокты – ми қабығына қуат беру (тонус. блогі немесе энергетикалық болок деп те аталады. Түрлі процестердің өз деңгейінде орындалуы үшін ми қабығының қуатын қажетті дәрежеде тұрақты сақтау қажет.Тек тиісті қуатпен қамтамасыз етілген жағдайда ғана, одан тиісті ақпараттытаңдап,қабылдау; олардың ізін жадыда қалдыру, нақты әрекет мазмұны мен бағытын қалыптастырумүмкін болды, яғни қозу мүмкіншілігі жеткілікті болу қажет.1-ші блок қуаты негізінен екі жағдайға тәуелді. 1-шісі, ми қабығының сергек қалпын сақтау үшін оған сыртқы орта ақпараты ізінүзбестен, легімен келіп жатуы қажет. Болмаса, жануар мүлги бастайды немесе адамның сергектігі төмендейді. 1-шісі, сонымен шеткі аймақтардан түсетін тұрақты тітіркендіргіштер. 2-шісі бұл ағзаның ішкі зат алмасу процестері мен биологиялық қуаттар негізін құрайтын – импульстер. Мысалы, қарын ашқанда, ол туралы хабар ми қабығына ретикулярлы формацияның(мидың белсенділік қуатын көтеруші нейрондар шоғы. көмегімен жеткізіледі. Осыдан организм жағдайының импульстері қабық қуатын төмендетпей, оның сергектігінің кепілі болады.

Екінші блок, сезім органдарының сырттан жеткізген сигналдарының анализі және синтезіне байланысты қызмет атқарып, адамға келіп түсетін ақпаратты қабылдайды, өңдейді, сақтайды.Бұл блок аппараттарын талдағыштың (анализаторлар. орталық бөліктері деп те атауға болады.

Үшінші блок, оның құрамына үлкен ми сыңарларының алғы бөліктеріндегі маңдай аппараттары кіреді. Адамның саналы іс-әрекеті ақпаратты қабылдау мен өңдеуден басталып, тиісті іс жоспарын жасап, қажетті ниет қалыптастыру және түзілген іс-әрекеттік бағдарламаға сай сыртқы (қозғалыс., ішкі (ақыл-ой. қызметін орындаумен аяқталады.

Ми қабығы қуатының тұрақтылығын қолдаушы екінші көз – ағзаның ішкі зат алмасу процестері мен биологиялық қуаттар негізін құрайтын – импульстер. М-ы, аштықтан хабар беруші ағза қалпы жоғары баған мен гипоталамус аппараттарымен реттеледі.Ми қабығына ретикулярлы формацияның көмегімен жеткізілген осы ағза жағдайының импульстері қабық қуатын төмендетпей, оның сергектігінің кепілі болып табылады.Ми қабығында тіл, сөз араласуымен тек адамға ғана қатысты ең жоғары ниеттер мен қажеттерді тудырушы ақпараттарға орай туындайтын әрекет- қылық бағдарламасының қуатын сақтауда маңызға ие болатын үшінші көзі – бәсеңдеуші ретикуляциялық формация болып табылады.

&&&

$$$002-002-002$3.2.2.3 Сұрақ атауы 3 Психикалық құбылыстарды ми жұмысымен салыстыру.


3. Сенсорлы процестердің негізгі құрылымы және олардың анатомиялық-физиологиялық субстраты

Кесте 1


Модальдік

Сезім органы

Түйсіну сапасы

Берілген түйсіктердің жұмысымен байланысты рецепторлар

Көру

Торлар

Қанықтылық

Контраст


Қозғалыс

Ауқым


Түс

Таяқшалар мен колбалар

Есту

Улитка

Жоғарылылығы

Тембр


Тарамша клеткалар

Тепе-теңдік

Вестибулярлы аппарат

Ауыртпалық күші

Айналыс


Макулярлы және вестибулярлы клеткалар

Сезіну

Тері

Қысым

Вибрация



Руфини шектеулері

Меркель дискілері



Дәм

Тіл

Тәтті немесе қышқыл дәм

Ащы немесе тұзды дәм



Тіл ұшындағы дәм бүршіктері

Иіс

Иіс жүйкелері

Гүл, жидек, мускус және пикантты иістер

Иіс рецепторлары

Басқа да мидағы психикалық процестер және адам жағдайының анатомиялық физиологиялық көріністері кесте-суреттер арқылы түсіндіріледі.

Адам миы симметриялы ағза. Алайда олардың әрекеттері әр түрлі болып, әралуан іс- әрекетті меңгереді.

Мидың әрекеттік асиметриясы екі жағдайда байланысты:

1) екінші сигналдық жүйенің жүйке орталығында әр түрлі орналасуы;

2) адамның бейімделу ісінде оң қолдың алымды үстемдігі болуы. Ми сыңарларының өзара қатынасы симетрия мен доминанта қасиеттеріне негізделген.

Бұрың мидың сол сыңары тіл, ойлау, әрекет- қимылына, кеңістікте дене бағдарланысына жауапты, сондықтан үстемді (доминантты) деп есептеледі. Ал оң сыңары қосалқы ретінде қаралады. Қазіргі кезде әрбір психикалық әрекетті меңгеруде сол немесе оң ми сыңарларының үстемдігі болатындығы анықталды. Мәселен, сол ми сыңарының әрекеті басым адамдар теорияға бейім, сөз қоры мол, оны кеңінен пайдаланғыш, қимылы белсенді, мақсатқа талпынғыш, уақиғаларды болжағыш келеді.

Оң ми сыңары нақтылы іс- әрекетке жұмылдырады, ол адам шабан, сөзге сараң, бірақ өте сезімтал және әсерленгіш, меңзей қарауға және еске түсіруге әуес болады.

Алайда адамдардың үштен бірінде ми сыңарының жекеленген анық әрекеттік мамандылығы байқалмайды. Маманданған ми сыңарларының арасында өзара тежелу болады.

Екі ми сыңары екі түрлі ойлау үрдісін ұйымдастырады. Сол ми сыңары талдау ісіне қатысып, қисынды ойлауды, индукциялық амалды, ал оң ми сыңары нақтылы, бейнелі ойлауды, дедукция амалын басқарады. Сол ми сыңары сөйлеу іс- әрекетін: оны түсіну және құрастыру, сөз символдары мен жұмысты қамтамасыз етеді. Оң ми сыңары кеңістік сигналына жауапты заттарды өру және сипап сезу арқылы таниды. Оған жеткен ақпараттар бір мезгілде және жалпы тәсілмен өңделеді. Оң ми сыңарымен музыкалық қабілеттер байланысты. Ми сыңарларының асиметриялық ерекшеліктерін көру түйсігінің айырмашылықтарынан байқауға болады.

Кесте 1

Ми сыңарларының көру түйсігін ажыратуы


Көру түйсігінің

сипаттамасы



Сол ми сыңары

Оң ми сыңары

Жақсы танылатын тапсырмалар

Сөздік

Оңай ажырататын

Таныс


Сөздік емес

Қиын ажырататын

Таныс емес


Жақсы

қабылданатын тапсырмалар



Уақыттық қатынасты

бағалау


Ұқсастығын табу

Тітіркендіргіштердің

аттары бойынша

сәйкестігін табу

Сөз арқылы таңбалау


Кеңістіктік қатынасты бағалау

Айырмашылығын

табу

Тітіркендіргіштердің қасиеттері бойынша сәйкестігін табу



Кеңістікті көру

арқылы талдау



Түйсіктің

ерекшеліктері



Жіктеп қабылдау

Дәйекті қабылдау

Дерексіз, жалпылай,

әр нұсқалық тану



Тұтас қабылдау

(гештальт)

Бір мезгілде түйсіну

Нақтылы тану



Жорамалдың

құрылымдық айырмашылығы



Қарапайым

әрекеттердің бекітілген өкілеттілігі



Шашыраңқы

өкілеттілігі


Сөйлеу орталығы сол ми сыңарында орналасады. Ол оң қолдың қимыл белсенділігінен қалыптасады. Солақай адамдардың да 70%- де сөйлеу орталығы, оңқай адамдардағыдай сол ми сыңарында, солақай адамдардың тек 15%- де сөйлеу орталығы оң ми сыңарында орналасады. Мидың кейбір әрекеттерге ерекше жауапты болып, белгілі үстемді орталыққа айналуы латерализация деп аталады. Сірә, адамның жоғары жүйке іс- әрекетінің типтік ерекшеліктері қандай ойлау аппаратын иеленетіндігіне байланысты болуы мүмкін. «Көркемпаз» типтер- бірінші сигналдық жүйесі басым адамдар, олардың оң ми сыңары жетік көбінесе бейнелі ойлайды. Ал «ойшыл» типтер- екінші сигналдық жүйесі үстем адамдар. Бұлар сол ми сыңарына тән дерексіз ойлауды иемденеді. Аралық тип екі сигналдық жүйенің әрекеттік теңдесуімен сипатталады, адамдардың көбісі осы типке жатады. Жалпы мидың бір сыңарының басым болуы туа пайда болады, алайда тәрбие мен тәлім де ерекше маңызды орын алады. Сондықтан солақай адамдарды қайта үйрету кезінде, олардың ойлау қабілетінің ширақтығы тоқырап қалуы ықтимал. Сөз жоқ, адамның қалыпты психикалық іс- әрекеті мидың екі сыңарының біріккен жұмысының нәтижесі. Олардың тек бір мезгілдегі жұмысы мен бейнелік және дерексіз ойлау тетіктерін бірлестіру ғана сыртқы әлемнің құбылыстарын жан- жақты (нақтылы және теориялық) қамтиды. Ми сыңарларының өзара қатынасына сыртқы ортаның әр түрлі құбылмалы ықпалдары себепші болады. Сонымен ми сыңарының қарым- қатынасының екі жақты сипаты психикалық іс- әрекетті және әрекет- құлықты тиімді бағытта өзгертуге мүмкіндік туғызады.


&&&

$$$002-002-100$ Дәріс №2.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Ми қыртысының негізгі өрістері және қызметтері, бас миы қабығының қызметі.

2.Орталық жүйке жүйесіндегі жағдай, ролі және ретикулярлық формацияның қызметі.

3.Психикалық құбылыстарды ми жұмысымен салыстыру.

4. Ми сыңарларының ерекшеліктері

5.Жоғарғы жүйке қызметінің рефлекстік сипаттамасын ашып көрсет. Доминатты принцип дегеніміз не?

6.Латерализация дегеніміз не?


&&&

$$$002-003-000$3.2.3 Дәріс №3. Психика мен әрекет-қылықтың төменгі формаларының қалыптасуы.



  1. Психика туралы түсінік.

  2. Психиканың даму сатылары.

  3. Жануарлар психикасының ерекшеліктері.

&&&


$$$002-003-001$3.2.3.1 Психика туралы түсінік.

1. Психика – ғылым ретінде психолгоияның зерттейтін көптеген субъективті құбылыстарын біріктіретін жалпы түсінік. Психика табиғатын түсіндіретін философиялық екі көзқарас бар: материалистік және идеалистік. Бірінші түсінік бойынша , психикалық құбылыс өзін-өзі басқару мен өзін-өзі танып білудегі жоғары дамудағы тірі материяның ерекшелігі. Ал идеалистік көзқарас бойынша, психиканың түсіндірілуіне бір емес екі бастама. Материалдық және идеалистік. Олар бір-біріне тәуелсіз, бір-біріне тең келмейтін жеке бастамалар. Дамуда байланыс жасай отырып, олар өз заңдары бойынша дамиды.

Материалистік түсінік бойынша психикалық құбылыстар ұзақ биологиялық даму негізінде п.б. Қазіргі уақыт тірі материаның жоғары дамуын көрсетеді.

Қазіргі зерттееулер б-ша бір клеткалы қарапайымдардың психикалық құбылыстарына тән ерекшелік, биологиялық маңызды деген тітіркендіргіштерге сыртқы белсенділік,ішкі жағдайдың өзгеруін реттеуге деген қабілеттілік. Материалистердің айтуынша, психикалық құбылыстар жерде тіршілік болғаннан кейін, көп уақыт өткеннен кейін ғана пайда болған. Алғашқы кезеңде тіршілік иесі биологиялық тітіркенушілік пен өзін-өзі сақтау қасиетіне ие болды.Ол қоршаған ортаменбайланыс механизімін жүзеге асырды, көбейді, ұлғайды. Кейін дамудың келесі сатысында оларға сезімталдық пен үйренуге деген қабілеттілік қосылды. Жер бетінде алғашқы тіршілік белгісі 2-3 миллиард жыл бұрын химиялық, органикалық қосылулардан, одан кейін қарапайым бір клеткалы тіршілік иелері п.б. Олар биологиялық эволюцияға жол салып, көбею, генетикалық жүре п.б. ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы беруге жол салды.

Кейін тіршілік иелерінің эволюциялық өзін-өзі жетілдіруі арқылы организмдерде ерекше органдар п.б. Бұл – жүйке жүйесі. Оның дамуы мен жетілуіне орай, психикалық өмір сүруге қажетті: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, сана, рефлексия қалыптаса бастады. Ж:Ж құрылысының күрделенуі психика дамуының қайнар көзі болды.

Дамудың келесі маңызды стимулы өмір сүру шарттарының күрделенуі. Ол организм құрлысын өзгертуге әкеледі. Дүниені бейнелеу қабілеттілігі п.б. Психиканың жетілуіне шындық өмір әсерін тигізеді: ол тіршілік иелерінде Ж.Ж.Ж. мен психиканың бейнелеу деңгейлері болуын талап етті.

Психика дамуы мен жан-жануарларда тәртіп дамуы қалай жүзеге асты?

Психикалық бейнелердің даму деңгейі мен стадиясына байланысты божамдарды А.Н.Леонтьев өзінің “Писихиканың даму проблемасы”еңбегінде ұсынды. Кейін оны толықтырып, нақтылаған К.Э.Фабри болды. Ол жануарлар психологиясының соңғы жетістіктерін пайдалана отырып, дәлелдемелер келтірді.


&&&

$$$002-003-002$3.2.3.2 Сұрақ атауы 2 Психиканың даму сатылары.

2. Жануарлар тәртібі мен психикасының даму деңгейінің стадиялары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет