Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры



Pdf көрінісі
бет141/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

белгілері жүреді: аталуы, жалауы, 
логотип, танымбелгісі, тауарлық маркалары. Бірақ белгілер бір нәрсені білдіруі 
керек. Бұл мағыналар акционерлермен және директорлармен анықталған 
1
Әрине өзге де мүдделі тұлғалар бар – клиенттер, жеткізушілер, серіктестер және т.б. .
19
Shareholder welfare (
ағыл.) 
20
Моисеймен ұқсас, ол 40 жыл бойы еврейлерді сахара бойынша өз артында жүргізіп, құлдық не екенін 
білмейтін ұрпақ ауысып, өсіп шығатынын күткен.
213 


құндылықтарды білдіреді. Құндылықтарды белгілермен байланыстыру үшін 
белгілеу процедуралары қажет, яғни үнемі жетекшілерге және қызметкерлерге қай 
белгі не білдіретінін, қай құндылықты көрсететінін түсіндіру және естеріне салу. 
Қызметкер белгімен әр кезде бетпе-бет кезіккенде оның мағынасын еске түсіретін 
болады. Белгілер нанымдарды қалыптастыра бастайды.
Мысал келтірейік. Қазақстанның Ұлттық Банкінің Зейнет қорының фирмалық 
белгісінде басшылық тапсырысы бойынша дизайнер жартылай езу тартып тұрған 
тұлғаны орналастырған. Мұндағы негізгі мақсат – қордың өз клиенттерін 
бағалайтындығын, оларды жақсы көретіндігін көпшілікке түсіндіру. Менің өзім 
осы қорда жұмыс жасаған кезде осы идея және осы құндылық қызметкерлердің 
барлығына түсіндірілетін. Қазір жағдайдың қалай екендігі маған белгісіз. Бірақ сол 
уақытта бұл белгі «жұмыс жасады».
Алайда белгілердің идеологиялық мазмұны қазақстандық мекемелердің егер де 
барлығында демесек көпшілігінде анықталмаған және олар насихатталмайды. 
Шамамен алғанда тыңдаушылардың 90 пайызы фирмалық белгінің нені 
насихаттайтынын білмейді. Бұл сауалнама нәтижесі. Ал менің тыңдаушыларым 
көбіне жетекшілер және меншік иелері.
Буын сөздер, ұрандар, әнұран – бұл да белгілер, бірақ графикалық емес
ауызша айтылатын сөздер. Және олар да дәл алдыңғылары сияқты жұмыс жасайды. 
Бірақ тағы бір қосымша ерекшелік бар. Адамдардың өз еркімен айтатын сөздері
олардың нанымдарына оңай айналады. Қандай да бір қызмет орнын лауазымды 
иелену, ант ету, серт беру мазмұны осылардан құралады.
Әнұран – бұл компанияның мақтанышы. Эмоциялық көтеріңкі көңіл-күй 
сәттерінде әнұранды шырқап, өз компанияңыздың деңгейінің маңыздылығына 
сенесіз.
Үлкен өкінішке орай, бұл жағдайда да қазақстандық компаниялардың 
жетекшілері мен басқарушылары осы құралдарға мән бермейді. Бірақ бұл бағытта 
талап деңгейінен көрінушілер де бар. Мәселен, маған «Қазақтелеком» АҚ, «Каспий 
Банкі» АҚ әнұрандары өте ұнайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет