Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры


Корпоративті басқарудың маңыздылығы



Pdf көрінісі
бет17/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

 
Корпоративті басқарудың маңыздылығы 
Қазақстандағы ұжымдық басқарудың маңыздылығын ең алғаш рет 
Қаржыгерлер ассоциациясы мойындады. Қазақстанда негізгі ішкі инвесторлар 
қаржы институттары болып табылады. Олар әсіресе заң талабына сай инвестицияға 
салынған капиталдың қосымша қорғауды қажет етеді. Бұл істі өздерінен бастауды 
шешкен, Қаржыгерлер ассоциациясы 2004 жылы корпоративтік басқарудың 
моделді кодексін дайындау үшін жұмыс тобын құрды. Осындай кодекс 2005 жылы 
пайда болды. Соңынан Қазақстандық қор биржасының листингісіне ену үшін 
корпоративті басқару кодексін дайындау талабы пайда болды.
Көптеген қазақстандық компаниялар басқа биржаларға, IPOға (өздерінің 
бағалы қағаздарын салу) шығу туралы шешім қабылдағандықтан, олар үшін 
бірлесіп басқару жүйесінің болуы маңызды бола бастады, өйткені бірлесіп 
басқарудың болуы туралы талап барлық әлемдік сауда алаңдарында бар.
Ұжымдық басқарудың маңыздылығын қорыта отырып, оның болуы төмендегі 
жағдайларға әкеліп соғатынын айтуға болады: 
• 
Акционерлердің (инвесторлардың) алдында 
тартымдылығының артуы.
Тартылатын капиталдың бағасы төмендеп, инвесторлардың қызығушылығы 
артады;
• 
Акция құнының артуы; 
• 
Акция құнының номиналды бірлігіне 
тартылатын капитал көлемінің 
артуы; 
• 
Дивидендтер арқылы үнемдеу мүмкіндігі (акционерлер курс бағамының 
өсуі арқылы пайда табады); 
• 
Жедел тиімділіктің артуы және компания мен оның акционерлерінің 
пайдалы және тұрақты дамуы үшін 
капиталды қолданудың тиімділігінің артуы; 
• 
Компания мен мемлекеттің беделі артады;  
 
Осылайша, Ұжымдық басқару сияқты аздаған тақырыптар қазіргі таңда 
бизнес үшін де өте маңызды.
Көптеген оқиғалар мен дау-дамай, бірігулер мен рейдерлік, қаржы дағдарысы, 
бұл тақырыптың оның ішінде Қазақстанда да маңыздылығын арттырады. Бұл 
оқиғалар мүдделі тұлғалар (акционерлер, қызметкерлер, қоғам), корпоративті 
менеджерлер, директорлар немесе мемлекеттік ресми тұлғалардың құқықтарының 
бұзылуы салдарынан компаниялардың зардап шеккенін көрсетеді. Ұлттық бизнес-
қауымдастықтар және корпоративті менеджерлер капиталға қол жеткізу мен 
компанияның өсуі үшін ұжымдық басқарудың маңыздылығын түсіне бастады. 
Сыбайлас жемқорлық пен нашар менеджементтің кесірінен туған қаржы 
дағдарысы капитал алуды қиындата түсті. Инвесторлар өздерінің капиталдарын 
қорғау қажеттілігін жете түсінді. Олар әртүрлі компаниялардың инвестициялық 
34 


потенциялдарын қаржылық есептің тазалығы, анықтығы, айқындылығы және 
нақтылығынан инвестициялауға дейін бірдей стандарттар бойынша салыстыру 
мүмкіндіктеріне ие болғысы келеді. Бұл әсіресе, халықаралық инвестицияларды 
тарту үшін маңызды. Ұжымдық басқару компаниялар іштей басқарылатын және 
компанияның орналасқан жерінен мыңдаған шақырым жерде болуы мүмкін 
акционерлердің мүдделерін қорғау мақсатында директорлар кеңесі арқылы 
бақыланатын «ойын ережелерінің» жиынтығы болып табылады.
4
 
Дегенмен, тек шетелдік инвесторлар ғана компанияның қалай қызмет ететінін 
көзімен көргісі және түсінгісі келмейді. Жергілікті инвесторлар мұндай ақпаратқа 
оңай қол жеткізе алса да, олар өздері инвестиция құйған компанияларда бірлесіп 
басқару жақсы жолға қойылғанын қалайды. Қаржы дағдарысы қазақстандық 
компанияларға мүмкіндігінше инвестиция тарту қажеттілігін алып келді. Алайда 
капиталдың халықаралық нарығы жабылды. Капитал алу мен қарыз алу ішкі 
нарықта мүмкін. Қазіргі кезде компанияларды қаржыландырудың ішкі көздерін 
іздеуді бастау мүмкіндігі тым жоғары. Алайда Қазақстанда қор нарығы дамымаған.
Оның мүмкін себебінің бірі – потенциалды миноритарлық акционерлердің 
өздерінің инвестициялары сақталып, көбейетіндігіне, олардың құқықтарының 
бұзылмайтынына сенімсіздігі. Осыған байланысты, ұжымдық басқарудың күн 
тәртібіне қойылуы және потенциалды ішкі инвесторлардың сенімін қалыптастыру 
өзекті мәселе бола түседі. Әрине, инвесторлар ұжымдық басқарудың нақты, айқын, 
саналы стандарттары бар компанияларды іздей бастайды.
Ұжымдық басқару компаниялар мен экономикаға инвестицияларды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет