Директорлар кеңесі. Акционерлер директорлар кеңесіне сайлануға немесе
директорлар кеңесіне өздерінің өкілдерін ұсынуға құқылы. Сайлау механизмі
акционерлерге өздерінің мүдделерін қорғауға және өздері мүдделі шешім
қабылдауға мүмкіндік береді. Директорлар кеңесінде тәуелсіз директорлардың
болуы миноритарлық акционерлердің мүдделерін қорғауға тиіс. Директорлар
кеңесінің құрамында тәуелсіз директорлар үштен бір бөлігінен кем болмауы тиіс
14
.
Нарық (акцияларды сату, бірігу мен қосылу). Егер акционер компанияның
жұмысына көңілі толмаса немесе директорлар кеңесінің мүшелерін таңдауға ықпал
ете алмаса, онда оның өзінің акцияларын сатуға мүмкіндігі бар. Акцияларды сату
қоғамға компанияны басқарудың мүмкін тиімсіз екендігінің белгісі. Егер
компанияның акциялары қарқынды түрде сатыла басталса, онда бұл нарықта
олардың құнының төмендеуіне әкеп соғады. Нашар жұмыс істейтін компанияда
меншік иесін ауыстыру қаупі болады, бұл директорлар кеңесінің және атқарушы
органының мүшелерін ауыстыруға әкеп соғады. Бұл механизм компания
жетекшілерін акионерлердің мүдделерін сақтауға ынталандырады.
Жетекшілерге өтемақы беру. Жетекшілерге өтемақы беруді директорлар
кеңесі (акционерлердің өкілдері) бекітеді. Әдетте, өтемақы компанияның сәтті
жұмысына байланысты болады. Бұл тәуелділік жетекшілерге акционерлердің
мүдделерін ескеруге ынталандырады. Дегенмен, нәтижеге негізделген өтемақының
агрессивті жүйесі компанияның тиімділігіне әсер етеді деген пікір бар.
15
Тоқырау. Нашар ұжымдық басқару акционерлік қоғам үшін капиталдың
бағасының өсуіне алып келеді. Даму немесе операциялық қызмет үшін жақсы
жағдайда қажетті капитал тарта алмау акционерілік қоғамның жабылуына әкеп
соғуы мүмкін. Әрине, осындай жағдайдың туу мүмкіндігі АҚ басқару органдарын
жұмыс істеуге итермелейді.
Корпоративті басқарудың қиындықтары Бірлесіп басқарудың көптеген қиындықтары бар. Олардың кейбіреулерін
қарастыруға тырысайық.
•