Корпоративтік хатшы. Ұжымдық хатшы – директорлар кеңесінің немесе
қоғамның атқарушы органының мүшесі болып табылмайтын, қоғамның
директорлар кеңесі тағайындайтын, қоғамның директорлар кеңесіне есеп беретін
акционерлік қоғамның қызметкері, сонымен қатар өзінің қызметінің шеңберінде
акционерлер мен қоғамдық директорлар кеңесінің жиналыс отырысының
дайындығы мен өткізілуін қадағалайды, акционерлердің жалпы жиналысының күн
тәртібіндегі сұрақтар бойынша материалдар мен қоғамдық директорлар кеңесінің
отырысына материалдардың дайындығын қамтамасыз етеді, оларға қол
жетімділігін қамтамасыз етуге бақылау жүргізеді
10
Директорлар кеңесінің мүшелері, атқарушы органның мүшелері, ұжымдық
хатшының жеке мүдделері марапаттаудың, жеке биліктің, беделдің, жеке кәсіби
көлемінде болуы мүмкін және т.б.
Сыртқы:
•
Сыртқы аудитор. Қоғам жылдық қаржы есебі аудитін жүргізуге міндетті.
Одан басқа, аудит директорлар кеңесінің, атқарушы органның немесе ірі
акционердің бастамасымен өткізілуі мүмкін. Мұндай аудитті сыртқы аудиторлық
компания жүргізеді.
Сыртқы аудиторда мүдделердің басты қарама-қайшылығы қарастырылады. Бір
жағынан аудитор марапат үшін жұмыс істейді, екінші жағынан аудитордың беделі
оған өте маңызды.
•
Серіктестер. Компанияның тұрақтылығына, оның төлем қабілеттілігіне
және қызметін жалғастыруына ынталы. Менеджментпен тікелей жұмыс істейді;
•
Республикалық және жергілікті билік органдары. Компанияның
тұрақтылығына, оның төлем қабілеттіліне және қызметінің жалғасуына мүдделі,
өйткені бұл бюджетке де, жұмыс орнының санына да тікелей әсер етеді.
Менеджментпен тікелей әрекет етеді.
•
Кредиторлар. Өздерінің және компания арасындағы келісім-шартта деңгейі
бекітілген пайда түсіреді. Өздерінің салымдарын көптеген компаниялар арасында
әртараптарындырады.
Олар компанияның кем дегенде қарызды өтегенше жұмыс
істеуіне мүдделі;
38
|