Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры


Тәуекелді басқару бойынша рәсімдер



Pdf көрінісі
бет29/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

Тәуекелді басқару бойынша рәсімдер. Қазақстандағы көптеген қоғамдар
директорлар кеңесі, атқарушы органдар үшін тәуекелдің қандай түрлері болатыны 
айқын емес. Қоғамдарда қаржы мекемелерін айтпағанда, тәуекелге баға беру және 
44 


басқарумен кәсіби түрде айналысатын бөлімшелер әдетте жоқ. Бірақ бұдан 
тәуекелдер жоғалып кетпейді және тәуекелді нашар басқарудың кесірінен 
акционерлердің қаржы жағдайына зардап төндіру мүмкіндігі сақталады.  
Әрине, жоғарыда барлық қиындықтар аталған жоқ.
Компанияны басқаруда, оның ішінде Қазақстанда басқа да қиындықтар бар, 
оларға да ұжымдық басқару көңіл аударуға тиіс. Олар төмендегідей:
• 
Шешім қабылдау процесінің қиындығы, шұғыл өзгеру және динамика
Әрине, қоғамның және осы процестерге тартылған тұлғалардың (акционерлер, 
директорлар кеңесі, атқарушы орган) қызметінің негізгі мәселелері бойынша 
шешім қабылдаудың үш деңгейлі моделі негізгі шешім қабылдаудың процесін 
ұзаққа созады әрі қиындатады. Алайда компанияның экономикасында
технологиясында, саясатында, әлеуметтік ортасындағы шұғыл орын алған 
өзгерістер қоғамның тез шешім қабылдауын және тез өзгерісін талап етеді.  
• 
Инновациялық және бәсекелестік орта. Бұл үшін жаһандық нарықтағы 
бәсекелестік күресте жеңіп шығу үшін қоғам инновациялық болуға тиіс, бұл 
көбінесе инвестициялық капиталды тартуды талап етеді. Жаһандық дағдарыс, 
компанияның жойылу жағдайында, өз жұмысын жалғастыру үшін қоғамдарға 
қаржыландырудың жаңа көздерін іздеуге тура келеді. Бұрынғыдай шетелдік 
венчурлық капиталға сенім арту енді бола қоймас, ал мұнай мен шикізатқа бағаның 
төмендеуі қазақстандық компанияларға қаржы тарту мәселесін қиындата түседі.  
• 
Мемлекеттік органдардың тарапынан қызметті қадағалаудың үлкен 
деңгейі. Меншіктің акционерлік формасы капиталды күшейту үшін ең тиімдісі. 
Алайда, акционерлік қоғамға акционерлер ретінде көптеген адамдардың 
тартылатындығы, яғни ірі капиталдың шоғырлануы көп жұмыс орнын құрайтыны 
және ірі салықпен қамтамасыз етілетіндігі мемлекеттің акционерлік қоғамдарға 
көбірек қызығушылығына әкеп соғады. Мемлекет осыған байланысты акционерлік 
қоғамдардың қызметін толыққанды қадағалап, бақылайды. Бірақ мұндай 
талаптарға сай келу үшін қоғамдарға шығын шегуге тура келеді.  
• 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет