Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры


Ішкі аудит және ол кімге есеп береді



Pdf көрінісі
бет28/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

Ішкі аудит және ол кімге есеп береді. Аудит бойынша комитет директорлар 
кеңесінің органы болып табылады және атқарушы органға бағынбайды. Атқарушы 
органның ішкі аудит қызметі, сондай-ақ сәйкес бағынушылардың болуына құқығы 
бар. Бірақ бұл қоғамдағы ұжымдық басқарудың тиісті тәжірибесі болған жағдайда 
ғана мүмкін. Дегенмен, директорлар кеңесінің тәжірибесінде аудит бойынша 
комитеттің немесе ұқсас функциялары бар құрылымның болмауы мүмкін. Онда, 
атқарушы органда ішкі аудит қызметі болған жағдайда барлық ішкі аудит оның 
соңғысына бағынады, ал директорлар кеңесі көп жағдайда қоғамның атқарушы 
органына және оның жұмысына бақылау міндетінен айырылады.  
• 
Ақпаратты ашу тәртібі мен көлемі және айқындылық. Акционерлер 
компания туралы, компанияның органдары туралы, басқа да акционерлердің 
жұмысында маңызды оқиғалар мен нәтижелер туралы ақпаратты жеткілікті түрде 
беретін компанияларға ерекше ықыласпен қаржы салатын болады. Әрине, 
компанияда не болып жатқаны туралы ақпаратты толық беру дұрыс емес, өйткені 
бұл ақпаратты бәсекелестер пайдаланып кетуі әбден мүмкін. Ақпаратты мүлдем 
бермеуге де болмайды, өйткені мұндай жағдайда инвестиция алу мүмкін емес. 
Сонда ең оңтайлы шешім не болмақ? Мұны акционерлер, директорлар кеңесі, 
атқарушы орган шешеді. Қазақстанда қоғамдардың көбінде капиталдың 
шоғырланған құрылымы болғандықтан, кез-келген ақпаратты ашық түрде 
жариялау артық болып көрінуі мүмкін екенін қоса айту керек.  
• 
Дивидендті саясат. Дивидентті қалай төлеу керек және қандай мөлшерде?
Бұл сұрақ та жеңіл емес. Кейбір акционерлер, көбінесе стратегиялық инвесторлар 
және мажоритарлар пайданы қайта инвестициялағылары келеді. Миноритарлықтар 
және портфельдік инвесторлар дивиденттерді максимализациялағылары келеді.
Қоғамға осы мүдделер арасындағы компромисті, ортақ шешімді табу керек. Бұл 
үшін қоғамның Дивидентті саясатын құрып, бекіту керек. Бұл құжат, әрине, 
жариялы болуы тиіс, өйткені ол потенциалды инвесторларға дивиденттерді төлеу 
жөнінде қоғамнан нені күту керектігін түсіндіреді.  
• 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет