3
Ашық сана – бұл тұлғаның білімдері және мәдени әлеуметтену саласы.
Ол көп жағдайларда адамның тума, табиғи (инстинкт) құмарлықтары мен
әдеттерін қадағалайды әрі шегеріп отырады.
Танымал грузин психологі
Д.Н.Узнадзе (1886-1950)
және оның
шәкірттері өзекті түсініктеме принципі ретінде
ұстаным (установка)
принципін ажыратады. Бұл принцип мәні –
әрқандай ұстанымнан
субъекттің біртұтас модификациясын, оның болмысты қабылдауға әрі
белгілі нақты тәсілмен әрекеттенуге дайындығын байқаймыз. Узнадзе
пікірінше, ұстанымда психиканың ашық сана және астар сана аймақтары
бірігімге келеді. Әрбір әрекет – қылық жағдайы ежелден қалыптасқан
мінез-құлық, әрекет топтарын жүзеге келтіріп, іске қосады.
Адам
психикасы құрамында ашық сананың, астар сана мен
бейсананың болуынан адамның әрекет-қимылдарының
келесідей
түрлерінің ықтимал дербестігі көрінеді: )
бейсана – инстинкттік тума
қимылдар; ) бейберекет әрекеттер, жете түсінімге келмеген қимылдар,
әдетке айналған,
автоматты астар саналы іс-әрекеттер; дағдылы
қызметтер; 3)
саналы да ырықты, ерікке бағындырылған әрекеттер.
Мұндай әрекеттер адамның қоршаған ортамен байланысында жетекшілік
рөл атқарады.
Адам санасы –
оның іс-әрекеті мен мінез-құлығын реттеудің
ұғымдық тетігі. Іс-әрекеттен біз белсенділіктің
ерекше адамиласқан
формасын танимыз. Жануарлар қылығынан адамның бұл белсенділігі
жасампаздық өнімімен ажыралады. Сонымен бірге бұл белсенділік
құрылым тұрғысынан жіктемелі. Онда іс-әрекеттің сеп-түрткілері мен
мақсаттарының түсінімге келуі адамзаттың мәдени-тарихи даму үдерісінде
жасалған құрал-сайман, жабдықтарды пайдалануы, әлеуметтену бары-
сында меңгерілген ептіліктер мен дағдылардың
қолданылуы жеке-жеке
көрініс береді.
Сана адамның іс-әрекетке келуіне себептік ықпал жасап әрі бағдар
бере отырып, сол іс-әрекетте қалыптасады және көрінеді. Күні ілгері
санада қалыптасқан психикалық бейне, заттасқан әрекет жобасы осы іс-
әрекетте, оның нысаны мен нәтижесінде өз нақтылығын табады. Болмыс
заттарының психикалық бейнесі сол заттардың іс-әрекет желісінде алған
орны мен құрылымына тәуелді.
Заттарды іс-әрекет барысында қамтудың өзі олардың психикалық
бейнесінің сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Адам іс-әрекеті заттар
мағынасын ашумен байланысты, ал оған орай қолданылатын құрал-
жабдықтар өз бойында адамның тарихи жетілген әрекеттерінің сұлбасын
сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: