Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



Pdf көрінісі
бет29/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   97
Психология негіздері

13. Түйсік: жалпы сипаттама
Түйсік – болмыстың қарапайым қасиеттерін (физикалық, химиялық 
және т.б.), сонымен бірге қоршаған ортаның ықпалдарына болған 
адам сезімталдығын тікелей, сезім деңгейінде бейнелеуші психикалық 
үдеріс.
Түйсіктің негізгі қасиеттері: модальдығы, мекендігі, 
созылыңқылығы.
Тітіркенушілігі (модальность) - өте қарапайым психикалық сиг-
налдар ретінде (жүйке сигналдарымен салыстырғанда) түйсіктің 
ерекшелігін танытатын сапалық сипаттама. Түйсіктің қандай да түрі 
өзіне тән тітіркенушілік сипатына ие. Көру түйсігі үшін бұл – түр-түс, 
жарық, сәуле толыққандылығы; есту түйсігі үшін – үн деңгейі, ырғақ, 
дауыс күші; сипай сезу үшін – қаттылық, кедір-бұдырлығы.
Мекендігі (локальность)- түйсіктік кеңістікке байланысты 
сипаты.
Созылыңқылығы –түйсіктің уақыт, мерзімге орайласқан сипаты.
Жеделдігі (интенсивность) – түйсіктің сандық сипаты.
Түйсік түрлерінің баршасы жалпы психо-физиологиялық
заңдылықтарға негізделеді. Олар – сезімталдық табалдырықтары, 
бейімделу, сезімталдық (сенсибилизация), шұғыл айырма (контраст), 
түйсік қосарлылығы (синестезия).
Түйсіну мүмкіндігінің ең төмен табалдырығы - өте нәзік 
байқалатын түйсік тудыру үшін қажет тітіркендіргіш күштің ең аз 
мөлшері, деңгейі.


3
Түйсіну мүмкіндігінің ең жоғары табалдырығыжоғарылаған 
сайын ағзаға салмақ түсіретін не түйсіну қабілетін жоятын тітір-
кендіргіш күштердің ең жоғары мөлшері, деңгейі.
Ықтимал сезімталдық – ықпал жеделдігінің өзгерістеріне болған 
сезімталдық. Ол табалдырық айырмаларымен өлшенеді.
Айыру табалдырықтары – түйсік жеделдігін өзгертуге қажет екі 
біртекті тітіркендіргіштің күшіндегі болар-болмас өзгешелік. 
Бейімделу – әрекеттегі тітіркендіргіштің күші мен созылыңқылығына 
икемдесу нәтижесінде талдағыштар сезімталдығының өзгеріске түсуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет