Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


экономикалық, педагогикалық, құқықтық, әскери, ғарыштық



Pdf көрінісі
бет4/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97
Психология негіздері

экономикалық, педагогикалық, құқықтық, әскери, ғарыштық
спорттық, өнер, басқару, менеджмент, т.б. – жедел де өнімді қарқынмен 
дамуда.
2. Психология әдістері
Психологиялық зерттеулер кезеңдері
«Әдіс» сөзі ғылыми білім жүйесін түзу мен негіздеудің жолын біл-
діреді, сонымен бірге болмысты тәжірибелік және теориялық тұрғыдан 
игерудің тәсілдері мен қимыл-әрекеттер тобын танытады.
Психологияға орайластыра әдісті психика жөніндегі деректерді 
алудың және оларды талдап түсінудің жолы деп білеміз.
Кейбір басқа да ғылымдардағыдай, психологиядағы зерттеу әдістерінің 
негізгілері – бақылау және эксперимент.
Бақылау зерттеудің ғылыми әдісі – деректі суреттеп баянда-
удан оның ішкі мәнін түсіндіруге өту үшін қажет. Бақылау әдісінің 
негізгі тиімділігі – психикалық үдерістерді табиғи жағдайларда зерттеу 
мүмкіндігінің мол болуы.
Араласа бақылау – зерттеушінің зерттелуші топпен етене жақын 
қатынастар әрекетінде болуы.
Сырттай бақылауәлеуметтік-психологиялық құбылыстарды 
шеттен, зерттелуші адам не топпен қарым-қатынасқа түспей-ақ 
зерттеп, мәліметтер жинақтау.
Өзіндік бақылау (интроспекция) – адамның өзін-өзі бақылап, өзінің 
ішкі жан дүниелік үдерістерін тану жолы.
Дегенмен, психологиялық зерттеу әдістерінің арасындағы ең басты-
сы – эксперимент психологиялық деректердің ашылуына жағдайлар 
жасау мақсатында зерттеушінің сыналушы адамның не топтың іс-
әрекетіне белсенді араласуы.
Психологиялық эксперименттің негізгі міндеті – жан дүниелік іш-
тей психологиялық үдерістердің мәнді ерекшеліктерін шынайылылықпен 
сырттай бақылауға жағдайлар жасап, мол нақты деректерге қол 
жеткізу.


6


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет