Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



Pdf көрінісі
бет40/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   97
Психология негіздері

түсінік.
Пікір – зат жөніндегі нақты таным, оның қандай да бір қасиетін, 
байланыс не қатынастарын мақұлдау немесе терістеу. Бейнеленуші 



зат мазмұнына тәуелді ойлау бірнеше түрге бөлінеді. Олар – жеке және 
жалпы, шартты және тиянақты шешімді, болымды және теріскей.
Ұғым – бірнеше пікірлер негізінде белгілі қорытынды жасауда 
қолданылатын ойлау формасы.
Дедуктив ұғым – ықтимал, жалпыдан жалқыға келтірілген ұғым.
Индуктив ұғым – ықтимал, кейбір құбылыстардың жекеленген 
белгілері бойынша барша біртекті заттар жөнінде, яғни жалқыдан 
жалпыға өте, берілетін ұғым.
Түсінік – біртекті топ заттары мен құбылыстарының мәнді 
қасиеттерін бейнелейтін ойлау формасы. 
Ойлау әрекеттері – біртекті мәселелерді белгілі әдістермен шешуге 
негізделген қайта жасаушы (репродуктив) және ізденістік (өнімді 
– продуктив) болып ажыралады. Қалыптан тыс проблемаларды ше-
шуде қолданылатын ойлау әрекеттері өзіндік құрылымға ие болып, ол 
кезеңдерге бөлініп, бірізді орындалып барады:
1) Бастапқы кезең – танымды әрекеттің бастауы – тек өкілінің 
туындаған проблемалық жағдайды түсінуі.
2) Екінші кезең – шешілетін мәселе бойынша принциптерді, жалпы 
жобаны, шешу әдістерін айқындап, ашып алу. Бұл үшін нақты құбылысты 
жалпы өзара байланыстар аймағында көре біліп, оның мүмкін болған 
себептерін жоғары ықтималды болжау – гипотезалармен түсіндіру.
3) Үшінші кезең – мәселе шешімі бойынша алға тартылған гипотеза-
ларды тексеру. Бұл тексеріс әрқилы іс-әрекеттер сипат, мазмұнына орай 
әртүрлі арнайы әдіс-тәсілдермен іске асырылуы мүмкін.
4) Төртінші, қорыту кезеңінде мәселе бойынша алынған нәтиже 
бастау талаптарымен салыстырылады. Егер соңғы нәтиже мен бастапқы 
талап сәйкес келсе, зерттелуші нысанның дұрыс ақпараттық-логикалық 
сұлбасының (моделінің) жасалғаны, яғни қойылған проблеманың шешім 
тапқаны.
Ойлау іс-әрекеттері бірінен екіншісіне ауысып баратын ой амалдары 
түрінде орындалып жатады: салыстыру – жалпылау, бейнақтылау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет