Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


Вербалды (сөздік) және визуалды



Pdf көрінісі
бет42/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   97
Психология негіздері

Вербалды (сөздік) және визуалды (көру), нақты және дерексіз  (абс-
тракт) ойлау.
Бағыт-бағдарына орай ойлау үдерісінің келесі түрлері белгілі: 
теориялық және тәжірибелік. Болмыс құбылыстарын түсіндіре баяндау 
бағытынан теориялық ой туындайды да болмысқа өзгеріс ендіру, қайта 
жасау бағытында тәжірибелік (практикалық) ой пайда ету қажеттігі 
алға тартылады.
Ойды тереңдей жалпылаудан эмпирикалық және теориялық ойлар 
бөліне көрінеді.


3
Эмпирикалық (тәжірибелік) ойлау күнделікті қызмет, тіршілік 
әрекеттері негізінде алғашқы қорыту, жалпылау мүмкіндігін береді. 
Мұндай қорытулар абстракциялаудың ең төменгі деңгейінде орында-
лады.
Теориялық ойлау  жалпыланған қатынастарды ашады, таным нысанын 
өзіне тән қажетті байланыстар жүйесінде зерттейді, нәтижеде – адамның 
жасампаздық іс-әрекеттерін қамсыздандырушы әрқилы құбылыстардың
даму заңдылықтары нақты айқындалады.
Логикалық (қисынды) ойлау – логикалық амалдар (салыстыру, 
жүелеу, қорыту және т.б.) жәрдемімен орындалатын ойлау түрі.
Синкретикалық (біріктіру) ойлауда құбылыстар мәнді 
қатынастарынан емес, сырттай ұқсастық белгілері бойынша өзара 
байланыстырылады.
Шешілетін мәселе және орындалатын іс-әрекеттердің стандартты 
не стандартты болмауынан келесідей ойлау түрлері ажыралады: алго-
ритмдік, дискурсивэвристикалық және шығармашыл ойлау.
Алгоритмдік ойлау – типтік мәселелерді шешуге қажет алдын ала 
белгіленген ережелерге, әрекеттердің қалыпты бірізділігіне орайласқан 
ойлау түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет