Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


Ұмыту – сақтауға кері үдеріс, есте қалдырылған материалды қайта  жаңғырту не тану мүмкіндіктерінің кемеюі. Қайта жаңғырту –



Pdf көрінісі
бет37/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   97
Психология негіздері

Ұмыту – сақтауға кері үдеріс, есте қалдырылған материалды қайта 
жаңғырту не тану мүмкіндіктерінің кемеюі.
Қайта жаңғырту – бұрын есте қалдырылған материалды тіктеу 
(реконструкция). Қайта жаңғырту үдерісі «тіл ұшына келтіру» (припо-
минание) және еске түсіру әрекеттерін де қамтиды.
Тану – нысандар мен құбылыстарды олармен тікелей қатынасқа 
түскен сәтте бұрыннан белгілі қалпында қабылдау.
Есті есте қалдыру, сақтау, қайта жаңғырту мақсатындағы ақпаратты 
ұйымдастыру үдерістерінің жүйесі және сол ақпаратты өңдеу қызметін 
атқаратын тұлғаның танымдық қабілеттері мен ол меңгерген білімдердің 
жүйелі арақатынасқа келуін қамтамасыз ететін интеллекттік жүйеше 
деп те қарастыруға болады.
Ел не өндірісті басқарған адам іс-әрекетінде белгілі мөлшерде естің 
барша негізгі түрлері көрінеді. Егер есті уақыт- мерзімге орай топтастыра-
тын болсақ, ендеше оның келесідей түрлерін ажырата білу қажет: қысқа
мерзімді, нақты іс-әрекеттік (оперативті) және ұзақ мерзімді. 
Қысқа мерзімді ес – қабылдау аймағына түскен нысандар мен 
жағдайлар тобын бір көргеннен тікелей байқау және бекіту қызметін 
атқарады. Мұндай мерзімді естің қызмет бабы 30 секундтық, қабылдау 
көлемі - 5-7 нысан.
Нақты іс-әрекеттік ес – қажетті әрі мезеттік іс-әрекет нәтижесіне 
жету үшін ғана жасалған ақпаратты іріктеп сақтау және іске асыру 
жұмысына бағытталады. Бұл ес үдерісінің жалғастығы орындалатын
іс-әрекетке жұмсалған уақыт мөлшерімен сипатталады.
Ұзақ мерзімді ес – аса жоғары маңыздылыққа ие болған ақпаратты 
түбегейлі не ауқымды уақыт жадта сақтау қызметімен байланысты.


39
Сенсорлы (сезімдік) ес – сезімдік ықпалдарды тікелей байқау, яғни 
нысанның сезімдік әсерін көрнекі бейне түрінде анық әрі толықтай 
қабылдап, өте қысқа уақыт аралығында сақтап тұру (0,25сек.).
Іс-әрекет субъекті ақпаратты түрлі сезім ағзаларының: көру, есту, иіс 
сезу, дәм сезу, сипай сезу – арқасында қабылдайды.
Осыған орай көру есі, есту есі, иіс сезу есі, сипай сезу есі және дәм


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет