Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


сезу есі ажыралады. Бұлардың басқа ақпаратты жадта қалдыру сипатына байланысты  вербалды



Pdf көрінісі
бет38/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   97
Психология негіздері

сезу есі ажыралады.
Бұлардың басқа ақпаратты жадта қалдыру сипатына байланысты 
вербалды (сөздік ес), бейнелі, моторлы (қозғалыс есі), эмоционалды
(көңіл, сезім, толғаныс есі), сондай-ақ заттардың кеңістікте, уақыт
аралығында жайғасу, сандық, аты-жөні, адамдарды жадта қалдыру
ес түрлері бөліне қарастырылады.
Жадта қалдыру үдерісінің даму дәрежесін ескерумен есті тікелей
нақты және жанама деп ажыратудың да үлкен маңызы бар.
Тікелей нақты естің ерекшелігі – есте қалдырылған материалдың 
өңдеуі кем, қалай қабылданса, сол күйінде бейнеленіп, психикалық бекімге 
түседі. Мұндай жағдайларда субъект материалды көп мәрте қайталаумен, 
ешқандай құрал, әдіс қолданбастан, өңдеусіз жаттап алады.
Жанама ес – материалды есте қалдырудың әдіс, жолдарын іздестіріп, 
мағынасын түсініп, талдау, салыстырумен орындалатын ес түрі.
Есте қалдыру әдісі бойынша ес механикалық және ассоциативті
(мағыналы) ес-түрлеріне ажыралады.
Адам жадының негізгі қызметі ақпарат іздерін мағыналы (ассоциа-
тивті) байланыстар бойынша есте қалдыру және қайта жаңғырту. Ассо-
циативті естің үш түрі танылған: сыбайлас байланысты ес: ақпараттар 
қандай да мәнді өңдеуге келтірілмейді, олар арасындағы байланыс түрі 
өте қарапайым; қарама-қарсы байланысты ес: логикалық (қисынды) 
қарсы қойып салыстыруға негізделген байланыс түрі; ұқсастыққа бай-
ланысты ес: қандай да бір жағдайды ойға ала отырып, адам онымен 
байланысқан және бір оқиға, зат, тұлғаны есіне түсіреді.
Іс-әрекет мақсатына орай келесідей ес түрлерін айыра белгілеуге 
болады:
1) ырықсыз ес – ақпараттың өздігінен, қандай да арнайы жатта-
уды қажет етпестен іс-әрекет барысында есте қалу түрі. Мұндай ес 
балалық шақта аса күшті дамиды да жас ұлғайған сайын бәсеңдейді;
2) ырықты ес – ақпараттың жадта қалуы мақсатқа байланысты, 
арнайы тәсілдерді қолданумен орындалады.


0


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет