Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова



Pdf көрінісі
бет39/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   97
Психология негіздері

Ырықты естің тиімділігі есте қалдыру мақсатына (қаншалықты 
берік, ұзақ уақыт жадта сақтау қажетіне орай); жаттау тәсілдеріне
тәуелді.
 
18. Ойлау үдерісі: жалпы сипаттамасы
Ойлау – танымдық проблемаларды шешуде маңызы жоғары, нақты 
жағдайларда бағыт-бағдар алып жүру үшін өте қажет болмыстың 
тұрақты да заңдылықты қасиеттері мен қатынастарын жалпылай 
және жанама бейнелеуші психикалық үдеріс.
Ойлау үдерісі құбылыстарының арасында ерекше мәнге ие 
болғандары:
1) ойлау іс-әрекеттері – белгілі міндетті шешуге бағытталған ой 
әрекеттері мен амалдарының жүйесі.
2) ойлау амалдары: салыстыру, қорыту, бейнақтылау, топтастыру, 
жүйелестіру және нақтылау;
3) ойлау формалары: пікір, ұғым, түсінік;
4) ойлау түрлері: тәжірибе-әрекеттік, көрнекі-бейнелі және 
теориялық –бейнақты;
Мазмұны бойынша тәжірибелік, ғылыми, көркем өнер ойлау іс-
әрекеттері ажыралады.
Құрылымы жағынан ойлау іс-әрекеттері а) алдын ала белгілі ере-
желер бойынша орындалатын алгоритмдік және б) қалыптан тыс 
мәселелерді шығармашылдықпен шешуге бағышталған эвристикалық
болып бөлінеді.
Бейнақтылық деңгейіне орай эмпирикалық және теориялық ойлау 
түрлері ажыралады.
Ой әрекеттерінің бәрі ойлау үдерісінің бірлікті байланысқан екі 
тарапы ретінде көрінетін талдау (анализ) және біріктіру (синтез) өзара 
ықпалдастығы негізінде орындалады.
Жеке-даралықты ойлау қызметін сипаттауда келесідей ақыл сапалары 
ескеріледі: жүйелілік, бірізділік, дәлел-дәйектілік, икемділік, шапшаңдық 
және т.б., сондай-ақ тек өкілінің ойлау типі мен интеллектуал ерек-
шеліктері.
Психологияда танылған ойлау формалары – пікір, ұғым және


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет