Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


Морфологиялық талдау әдісі –



Pdf көрінісі
бет46/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   97
Психология негіздері

Морфологиялық талдау әдісі – алғашқыда нысанның өзекті, яғни 
басты сипаттамалары бөліп алынады, ал кейін олардың әрқайсысына 
байланысты балама – элементтер тізімі жасалады.
Ойлау әрекетін жеделдестіруге бақылау сұрақтары, әдістері де үлкен 
жәрдемін тигізеді. Бұл әдісте ой бөлісу сұхбатына қатысып отырғандарға 
бағыттау сұрақтары қойылады, мысалы: «Ал керісінше істесе не болады? 
Нысан формасын өзгертсе, қалай болар еді? Ал нысанды ұлғайтсақ не 
кішірейтсек не болмақ? » және т.б.
Жоғарыда аталған шығармашылық ой мүмкіндіктерінің белсенділігін 
көтеру әдістері қиялды бейне байланыстарын мақсатты бағытта дамы-
туды көздейді.
23. Ойлау жүйесінің бұзылысы
Маманданған психологтар ойлау жүйесінің бұзылыстарын, оның 
қалыпты стандарттан, «нормадан» ауысу дәрежесін, формасын жақсы 
тани біледі. Аса көтеріңкі масаттыққа (кейде негізсіз – эйфорияға) 
бөленіп немесе қандай да бір іспен шектен тыс, қызыға шұғылданған 
шақта адамда ой үдерісінің тосын шапшаңдығы байқалып, бір ой екін-
шісіне «мінбелеп» кететін жәйті бар. Бірін бірі «қуалай», үздіксіз шығып 
жатқан бұрқасын ойлар біртіндеп үстірт сипат алып, санамызға симай, 
төңірегіміздегілерге «сел жаңбыр» болып шашыла бастайды. Мұндай 
ырықсыз, шегі бітпес әрі басқарымнан кеткен ой ағымы психологияда 
«ментизм» атауын алған.
Ал жоғарыда аталған психикалық қалыпқа – кереғар сапа – орынсыз 
«ой байсалдығы». Бұл жағдайда ойлау әрекеті шабандайды, ой өзінің 
«түйме-түйінінен» бөлініп, басты мән-мағына ажыратудан қалады. 
«байсалдылықтың» мұндай түрімен «сырқаттанған» адам бірдеңе 
жөнінде айта отырып, қажетсіз нәрселерді шексіз «жіпке тізген» баянсыз 
әңгімесімен тыңдаушыны әбден жалықтырады.
Шектен тыс сезімтал, қозғыштығы жоғары адамдар кейде сәйкестігі 
жанаспайтын заттар мен құбылыстарды, өзара қарама-қарсылықты идея-
лар мен тұжырымдарды біріктіруге тырысып, ұғымды ұғыммен шатасты-


8
рып, ой салу әлегіне түседі. Мұндай «субъектив» ойлау «паралогиялық» 
(қисыннан тыс таным) деп аталады.
Логикалық байланыстары бұзылған, мағыналық бірлігі жоқ, бірақ сөз 
тіркестері мен сөйлем құрылымы ойдағыдай дұрыс. Іс-әрекет иесі сізге 
мейлінше байыппен бірдеңені түсіндіріп жатқан сияқты, ал сіз болсаңыз 
одан ешнәрсе түсінбейсіз. Мұндай жағдайдағы психикалық өнімсіз әрекет 
– «жыртысты ой» (разорванное мышление) атауын алған.
Ескіден тұрақталып, санаға сіңген шешімдер мен тұжырымдарға 
көзсіз еліктеп үйренген адам күтілмеген не жаңа жағдайларда өз бетін-
ше дербес жол табу қабілетінен айрылып, соны, қалыптан тыс шешім 
шығаруға әлі жетпейді. Мұндайдағы адамның ойлау әрекеті психологияда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет