53
-
эмоцияның басқарушылық қызметі. Эмоция адам қылық-әрекетін
басқарудың психофизиологиялық тетігі ретінде қабылданған.
-
эмоцияның қорғаныстық қызметі. Адамды шынайы не жорамал
қатерден сақтандыратын қорқыныштың туындауымен байланысты.
Мұндай қорқыныш адам басына төнген қауіпті жағдайды дұрыс
барластыруға, алдағы жеңіс не жеңіліске жету ықтималдығын тиянақты
анықтауға мүмкіндік береді. Осынысымен де қорқыныш адам үшін
қолайсыз жәйттерден сақтандырады, тіпті тірі қалудың кепілі де осы бо-
лар. «
қорықпайтын адам - ақымақ». – деп әйгілі батырымыз Бауыржан
Момышұлы бекерге айтпаған.
-
эмоцияның ынталандырушы қызметі – адамның өз бойындағы
табиғи күштерді жинақтап, қандай болмасын әрекетті орындауға,
кедергілерді жеңуге бағышталған рухани батылдықты пайда етеді.
-
эмоцияның толықтырушы қызметі. Қандай да проблема бойынша
шешім қабылдауға не шешім шығаруға жеткіліксіз ақпаратқа қосымша
толықтырулар беруде жәрдемге келеді.
-
эмоцияның сигналдық қызметі. Адамның не жануардың басқа
бір жанды нысанға ықпал, әсер жасауымен байланысты. Эмоциялы
көңіл-күй сырттай көріністі, сол арқылы тек өкілі екіншіге өз жағдайы
жөнінде хабар бере алады (адам сөйлейді, айқайлайды не түртеді, ал
жануар өзінше дыбыс шығарады, сүзеді, тебінеді және т.б.)
Эмоциялар
ұнамды немесе
болымсыз – екі сипатта көрінуі мүмкін,
яғни көзделген нысан тиісті қажеттікті қанағаттандырады немесе
қанағаттандырмайды. Эмоциялар генетикалық тұрғыдан инстинкт және
құмарлықпен байланысты келеді. Алайда,
қоғамдық – тарихи даму
барысында арнайы адами жоғары эмоциялар – сезімдер қалыптасты.
Бұл сезімдердің негізі – адамның әлеуметтік мәні, қоғамдық талап,
қалыптар, қажеттіктер мен ұстанымдар.
Көптүрлі эмоция көріністері арасында төрт бастау көңіл шарпулары
бөліне ажыралған:
қуаныш (рахат), қорқыныш, ашу-ыза, таңдану.
Эмоциялардың
көбі аралас сипатты, себебі олардың бәрі қажеттіктер
жүйесінің басымдық (иерархиялық) ұйымдасуынан.
Сонымен, эмоция да түйсік секілді психикалық құбылыстардың
арқауы, өзегі.
Түйсікте болмыстың материалдығы бейнеленсе, эмоцияда
- оның субъектив – мән, мағыналы тараптары психикалық құбылыс
кейпіне енеді.
Достарыңызбен бөлісу: