дивергентті, яғни бір зат не құбылыстың өзінде әрқилы байланыстар
табуға шебер. Олардың бойында балалық шақтан қалған таңдану мен
қайран қалу әдеті өмір бойы сақталады. Олар сезімтал, тосындықтан
қашпай, қабылдайды, яғни сензитивті.
Шығармашыл тұлға өзінің жан дүниелік мүмкіндіктерін ұдайы сезіп
барады, оның таным, білімдері бір күйде тұрақтанып қалмай жаңа із-
деністерге, жаңа материалдық және рухани құндылықтар жасауға деме-
уші үздіксіз қайта құрылым өзгерістеріне түсіп, жаңа нәтижелерге қол
жеткізіп жатады. Мұндай тұлғаның психикалық белсенділігі қалыпты
санадан жоғары, көрегенді.
Типологиялық ерекшеліктеріне байланысты шығармашыл тұлғалар
өнерде, ғылымда және техникада бойына біткен жасампаздық қасиеттерін
өзінше іске асыруға қабілетті.
Тұлғаның көркем өнерлі типі дүниені көркем бейнелер түрінде
меңгереді, оларды жасаудың тетіктерін игереді, эстетикалық бағыты
мен дүниетанымын жариялау үшін сөз саптау, бой көрсету, мәнерлі
дыбыстау жүйелерін қарастырады. Өнермент пен оның талантына тәнті
адамдар арасында рухани үндестік, психикалық бірлестік, бейнелі - көңіл
туыстығы, құндылыққа болған ортақ баға орнығады.
25. Қиял: жалпы сипаттама және түрлері
Қиял қабылдау үдерісін өткен тәжірибе элементтерімен, адамның жеке
басы толғаныстарымен толықтырып, қорыту, сезім байланысы, түйсік
және елестер есебінен өткен мен бүгінгіні жаңалай өзгертіп барады.
Қиял – ес бейнелерін қайта құрастыру мен өзгерте жаңалау негізінде
болмысты бейнелі – ақпараттық жобаға түсіру қызметін атқарады.
Қиял арқылы адам келешекті болжайды, өз әрекет-қылығын реттейді,
болмысты шығармашылықпен қайта жасайды.
Ой үдерісінің әр қадамы өз ішіне қиял элементтерін қамтиды, соны-
мен бірге қабылдаудың біртұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз
етеді. Қиял бағыттауымен тұлға болашақтық шексіз кеңістігінде
ой сайранына шығады, өткен тарих тұңқиығы суреттемелерін қайта
құрастырып, бүгінгі ұрпақ назарына ұсынады.
|