Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


Кіші топтың ақпарат алмасу



Pdf көрінісі
бет94/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
Психология негіздері

Кіші топтың ақпарат алмасу (коммуникативті) құрылымы – бұл 
тек өкілдері арасындағы байланыстар жиынтығы. Бұл құрылымда аса 
маңызды болатындар: ақпарат алмасу жүйесіндегі тұлғалардың иелей-
тін беделі (топ айналымындағы ақпаратты алу және жеткізу мүмкіндігі, 
ақпарат көлемі, оның топ тіршілігін қамтамасыз етудегі маңызы), 
топтағы ақпарат алысудың бағдары мен жеделдігі.
Кіші топтың рольдік құрылымы – бұл тек өкілдері арасындағы 
қатынастар бірлігі.
Бұл құрылымда аса маңызды келетін жағдаят - бұл топтық ролдерді,
яғни топтық үдеріс қатысушыларына таңылған, олардың күтетін және 
іске асыратын әрекет-қылықтарының көпке тән әдістерін бөлістіру.
Кіші топтағы әлеуметтік билік және ықпал құрылымы – бұл 
тұлғалар арасындағы өмір, тіршілік бағыт-бағдарлары және өзара 
ықпал жасау жеделдігімен сипатталған байланыстар тобы.
Ықпалды жүзеге асыруға тәуелді әлеуметтік биліктің әрқилы типі 
өзара ажыралады: марапаттау, мәжбүрлеу, өкілетті, экспертті және ре-
ферентті.
50. Топтағы жеке тұлғалар арасындағы қатынастар
Топ көшбасшысы
Топ жасалуы – бұл алғашқыда шашыраңқы (диффузды) әлеуметтік 
бірігімдегі адамдарды өзара байланысты іс-әрекетке және өзара 
тәуелді қатынастарға түсіріп, қайта ұйымдастыру.
Топтық жіктеме (дифференциация) – бұл әлеуметтік топ 
мүшелерінің өзара қатынастарындағы қызметіне сәйкес бедел үстемдігі 
(иерархия).


03
Ресми топтық жіктеме – ресми – рольдік беделдердің өзара 
тәуелділігі (завод директоры - цех, бөлімшелер бастықтары – брига-
дирлер – жұмысшылар).
Ресмиленбеген топтың жіктеме – бірлестіктегі жеке тұлғаның 
беделі топтың әрқилы мүшелерінің оған болған қатынасына тәуелді 
анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет