Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


Кіші топта еленетін негізгі құбылыстар



Pdf көрінісі
бет95/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
Психология негіздері

Кіші топта еленетін негізгі құбылыстар: топішілік қатынастар 
құрылымындағы бірігім мүшелерінің орны мен жағдайы, олардың бағыт-
бағдары, беделі, ролі, топтың әлеуметтік-психологиялық динамикасы, 
яғни оның пайда болуы, дамуы, топ басшылығы, топ ішіндегі қатынас- 
байланыстар, топта бекіген талаптар және топтық бақылау.
Кіші топ мүшесінің ұстаным сипаты – ұстанымның топішілік 
құбылыстарға бағытталған қатынас жүйесінің тұрақтылығы. Топқа 
мүше болған адам ұстанымының (позициясының) кемелді тұлғалық 
деңгейге жетіп, орнығуы оның тұрақтылығына, қайшылықсыз, яғни 
бір принциптігіне және әлеуметтік маңыздылығына байланысты 
айқындалады.
Топтық бедел (статус) – топ мүшесінің топішілік қатынастар 
жүйесінде иеленген орны, әлеуметтік ролі.
Топ тіршілігінің негізгі реттеушісі – топта қалыптасқан талаптар
жүйесі (нормалар) мен топтық құндылықтар.
Топ басшысы (бұйрықпен белгіленген) ресми топ қатынастары мен 
қызметтеріне жетекшілік жасайды, ал топтағы бейресми тұлғааралық 
байланыстар көшбасшы (лидер) тарапынан орындалады. Лидер топ 
мүшелері тарапынан жоғары бағаланатын психикалық сапаларға ие 
болады да тән де, ал топ бастығы заңмен белгіленген ресми басқару мен 
бағындыру өкілеттеріне ие.
Лидер – топ ішіндегі бір адамның өзінің белгілі жағдайларда басым 
келген шешім қабылдау құқығымен топ мүшелері арасында танымал 
болып, қабылдануы.
Тұлғалық және қызметтік жөн-жосықты жоғары деңгейде тани білген 
бастық лидер де болып көріне алады, дегенмен басшылардың көбінің, 
әдетте, әкімдік басқарушы (администратор) дәрежесінен ары көтерілуге 
шамасы жетпейді.
Лидердің басшыдан айырмашылығы – ол топтың барша тіршілігіне 
араласа бермейді, әрі топ мақсатына жетекшілік ету оның міндеті емес.


0
Топқа басшылық жасау қызметі әрқилы тәсілмен, яғни стильмен
атқарылуы мүмкін. Басқару стильдерінің танымал түрлері – әміршіл-
әкімшіл (авторитарлы), либералды және демократиялы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет