Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


Ұмтылыс –тілек нысанына болған көңілдің көтеріңкілікпен бағыт  алуы. Құштарлық –



Pdf көрінісі
бет81/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   97
Психология негіздері

Ұмтылыстілек нысанына болған көңілдің көтеріңкілікпен бағыт 
алуы.
Құштарлық – белгілі нысанға болған тұрақты да шарпулы көңіл 
ұмтылысы. Мұндай аффектті жағдайдағы қажеттік өзге қажеттіктердің 
бәрінен басым келіп, адам тіршілігінің барша бағыт-бағдарына ықпал 
жасайды. Құштарлық адамның ерік және көңіл-күй ниеттерінің басын 
біріктіреді. Ол адам көздеген нысанның қоғамдық құндылығына орай 
ұнамды да ұнамсыз болуы ықтимал.
Құмарлық – адамның қандай да нысандар тобына көзсіз әуестенуінен 
болатын психикалық қалып. Адам бойындағы құмарлық тума, табиғи не-
гізді болуы да, сондай-ақ оның өмір барысында әлеуметтік жағдайлардың 
себебінен қалыптасуы да мүмкін.
Ниет – белгілі мақсатты іске асыруға көзделіп, әрекет құралдары 
мен әдістері айқын саналы қабылданған шешім. Ниет ауқымында 
адамның әрекет жасауға деген талаптануы мен жоспарлау қызметі біріге 
орындалады.
Ұстаным – адамның белгілі жағдайларда әрекет-қылықтың 
үйреншікті әдістерін қолдануға дайын болу қалпы; бұл әрекет-қылықтық 
нейродинамикалық тұрғыдан шартталған тұрақты жобасы. Ұстаным 
– адам мінез-қылығына біткен, өзгеріске келе бермейтін, аса тұрақтанған 
психикалық белгі. Екі түрлі ұстаным өз алдына көрініс беруі мүмкін: 
жалпы және жіктемелі (бекіген) . 
Жалпы ұстаным – қандай да құбылыстардың үлкен тобына байла-
нысты көрініс берсе, жіктемелі ұстаным – дараланған нысандарға орай 
байқалады. 


85
40. Мінез жөнінде түсінік
Мінез құрамы мен құрылымы
Мінез - өз алдына дараланған тұлғалық болмысты құрастырушы 
әрекет- қылықтардың сеп-түрткілері мен әдістерінің тұрақтанған 
жүйесі.
Әлеуметтік жағдайларда қалыптасып әрі әлеуметтік орта ықпалында 
бола отырып, мінез өзінің даму барысында тек өкілінің генетикалық 
ерекшеліктерімен, оның жоғары жүйке әрекеті типімен байланысты 
келеді.
Мінез – тұлғаның әлеуметтік қалыптасқан әрекет-қылығының жөн-
жобасы; бекіген, өзгеріске келмейтін жекеленген қылықтар ерекшелігі. 
Осыдан да бір адам екіншіге ұқсамайды. Дегенмен, мінездің бір беткей-
лігін мойындай отырып, әрқилы өмір жағдайларында бір адамның өзінде 
де түрлі, тіпті бір-біріне қайшы келетін мінез сапалары көрініс беретінін 
есте ұстағанымыз жөн.
Мінез және оның әрқилы қырларының қалыптасуында қоршаған 
ортаның сындарлы талаптары, адамның өмір жолында кезігетін аса қажетті 
жағдайлар өте маңызды рөл атқарады. Мұндай ықпалды жағдаяттар
әсіресе, адамға оның балалық және жас өспірімдік шақтарында күшті 
әсер жасап, нақты мінез бітімін қамтамасыз етеді. Алайда, мінез тұлғаның
дүниетаным, өмірлік бағыт-бағдарымен байланысты болатындықтан, ол 
ересек шақта да белгілі мақсатты бағдарда жедел күйде қалыптасып, 
өрістеп баруы мүмкін.
Мінездің біршама элементтерден құралатынын бүгінде барша 
ғалымдар мойындап отыр. Ондай элементтер - бітістер, қасиеттер, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет