Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе



Pdf көрінісі
бет38/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

Кокильге құю 
 
Кокильге құюдың мәні мынадан тұрады: балқытпаны құм емес, ал ішкі қуыстары 
құймалардың сыртқы кескіндеріне сәйкес келетін металл қалыптарға (кокильдерге) құяды. 
Қажет болғанда құймаларда тесіктерді немесе ішкі қуыстарды алу қажеттілігі бойынша 
өзектерді қолданады: құм – болат пен шойыннан жасалған құймалар үшін және металл – түсті 
металдар қорытпаларынан жасалған құймалар үшін. Металл қалыптарға құюмен жасалатын 
құймалардың жоғары механикалық қасиеттері және біркелкі ұсақ түйіршікті құрылысы бар. 
Конструкциясы бойынша кокильдер (4.39-сурет) ажыратылмайтын немесе сіліккіш 
(4.39-сурет, а) және ажыратылатын: ажырандының горизонталь (4.39-сурет, б), вертикаль 
(4.39-сурет, в), және аралас (4.39-сурет, г) жазықтықтары бар болуы мүмкін.
Кокильдерді шойыннан немесе болаттан жасайды және әдетте бірнеше бөліктен тұрады. 
Балқытпаны құюдың алдында кокильді ылғи да жылуды оқшаулайтын бояумен немесе 
сылақпен жабады. Жұмыстың (балқытпаны құюдың) алдында кокильдерді сынама құюмен 
немесе газ шілтерлерімен (кейде электр қыздырғыштармен) 250…350 
о
С температураға дейін 
қыздырады. Кокильдерді салқындатуды реттеу үшін жұмыс процесінде қалыптардың сыртқы 
қабырғаларында металл қадаларды орнатады немесе сумен салқындатуды көздейді. 
Кокильдердің қызмет ету мерзімі олардың төзімділігімен, яғни одан кейін олардың жұмыстық 
бетінде ақаулар (жарықшақтар, қызып кеткен күйдегі торы және т.б.) пайда болатын құю 
мөлшерімен анықталады. Кокильдердің төзімділігін ұлғайту үшін олардың жұмыстық бетін 
кейде анодтайды, борлайды немесе хромдайды. 
 
 
а – ажыратылмайтын; б – ажырандының горизонталь жазықтығы бар; 
в – ажырандының вертикаль жазықтығы бар; г – ажырандының бірнеше жазықтығы бар 
4.39-сурет – Кокильдер конструкциялары 


69 
Кокильге құю процесінің негізгі операциялары 4.40-суретте берілген. Балқытпаны құюдың 
алдында кокильді ластану іздерінен тазартады, бекіту сенімділігін және жылжымалы бөліктерді 
центрлеу дәлдігін тексереді және қыздырады. Сонан соң жұмыстық қуыстың және металл 
өзектердің бетіне отқа төзімді жабын қабатын салады (4.40-сурет, а), және егер қажет болса, 
құм немесе керамика өзектерін орнатады (4.40-сурет, б). Әрі қарай кокильдің жартыларын 
қосады (жинайды) және балқытпаны құяды (4.40-сурет, в).
Кокильді кокильдік машинада орнатқанда оның жартыларын қосады да, арнайы 
механизмнің көмегімен бір-бірінен алыстатады. Көбінесе құйманы қатыру процесінде 
кокильдің металл өзектерін «жұлады», яғни құймадан жартылай алады (4.40-сурет, г), бұл 
металл өзектің құймамен қысылуын азайту және оның құймадан еркін алынуын қамтамасыз ету 
үшін қажет. Құйманы берілген температураға дейін салқындатқан соң кокильді ашады (4.40-
сурет, д), металл өзекті түпкілікті алады да, кокильден құйманы жояды. Әрі қарай құймадан құм 
өзегін қағымдайды, құю жолдарын, қосылмаларды шығарғыштарды кеседі және оның сапасын 
бақылайды. 
 
 
а – отқа төзімді жабынды салу; б – өзектерді орнату; в – кокильді құрастыру
және қалыпты құю; г – өзектерді «жұлу»; д – кокильді ашу 
4.40-сурет – Кокильге құю процесінің негізгі операциялары 
Кокильдерде алюминий және магний қорытпаларынан өндірілетін құймалардың 
жартысынан көбін, сондай-ақ массасы бірнеше килограмнан бірнеше тоннаға дейінгі жай қалың 
қабырғалы шойын және болат құймалардың қандай да бір бөлігін жасайды. Кокильдердің 
төзімділігі олардың әрқайсысында оңай балқитын қорытпадан бірнеше жүз мың құймадан, 
1,5…5 мың шойын және 40…700 ұсақ болат құймаларды алуға мүмкіндік береді. Металл 
қалыптардың құны салыстырмалы түрде жоғары, ал жасалуы күрделі, сондықтан оларды 
қолдану сериялық және жаппай өндірісте ғана экономикалық ұтымды. 
Шойын қалыпқа (металл қалыптарға) құюдың технологиялық мүмкіндіктері: 

Құйманың материалы. – Жоғарыда қарастырылған барлық құйма қорытпалар. 

Құйманың массасы – 2000 кг-ға дейін, 

Қабырғаның минимум қалыңдығы: шойыннан жасалған құймалар үшін – 4...6 мм, 
болаттан жасалған құймалар үшін – 8...10 мм, алюминийлі қорытпалардан жасалған құймалар 
үшін – 2,2...5,5 мм; 


70 

Максимум габариттік өлшем – 2000 мм; 

Дәлдік квалитеті 25346-8 МЕМСТ бойынша IT12…IT15; 

Өлшемдер дәлдігінің класы – 53464-2009 Р МЕМСТ бойынша3…15 (құмды өзектерсіз) 
және 4 - 16 (құмды өзектермен); 

Беттің кедір-бұдырлығы - 2789-73 МЕМСТ бойынша Rz 160…20 мкм, Rа 20…4 мкм; 

Металдың қолданылу коэффициенті – 0,8-ге дейін; 

Минимум партия – 300…500 дана (қолданылатын құйма қорытпасына қарай). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет