Лекции каз по тпмп 1-дәріс. Кіріспе


Металдарды кесудің негізгі параметрлері



Pdf көрінісі
бет72/85
Дата05.09.2023
өлшемі4.11 Mb.
#476654
түріЛекции
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   85
Конструкциялық материалдар мен машина жасау өндірісінің технологиялық процестері - Дәрістер

 
Металдарды кесудің негізгі параметрлері 
 
Дайындаманы механикалық өңдеу процесінде онда материал қабаты кесілетін өңделетін 
бетті 1 (6.3-сурет) және металл қабаты одан кесілген өңделген бетті 3 ажыратады. Құралдың 
кесу жиегімен түзілетін кесу беті 2 дайындаманың өңделетін және өңделген беттері арасында 
ауыспалы болып табылады. 
Диаметрлер айырымымен (D-d)/2 анықталатын және дайындамада қалдырылатын 
материалдың қалдығын t
мак
өңдеуге арналған әдіп деп атайды. Ол дайын тетік бетінің қажетті 
пішінін, өлшемдері мен кедір-бұдырлығын алу үшін механикалық өңдеу процесінде кесіледі. 
Әдіпті алу үшін кесу режимдерін тағайындайды, олар кесудің басты қозғалысының 
жылдамдығын, берісті және кесу тереңдігін анықтайды. 
Кесудің басты қозғалысының жылдамдығы v деп құралдың кесу жиегі нүктесінің 
дайындамаға қатысты уақыт бірлігінде өткен ара қашықтығын атайды. Кесудің басты 
қозғалысы – айналмалы болатын жону кезінде жылдамдық v (м/с) мынаған тең: 
v = πD
д
n/(1000·60), 
мұнда D
д
– дайындаманың өңделетін бетінің ең үлкен диаметрі, мм; 
– дайындаманың минутына айналу жиілігі. 
Егер басты қозғалыс қайтымды-ілгерілемелі, ал жұмыстық және қосымша жүрістер 
жылдамдықтары әр түрлі болса, онда жылдамдық v (м/с) мынаған тең: 
v = Lm(k + 1)/(1000·60), 
мұнда L – құрал жүрісінің есептік ұзындығы, мм; m – құралдың минутына қос жүрісінің саны; k 
– жұмыстық және қосымша жүрістер жылдамдықтарының ара қатысын көрсететін 
коэффициент.
Құралдың кесу жиегі нүктесінің дайындаманың немесе құралдың бір жүрісінде беріс 
қозғалысы бағытында дайындамаға қатысты жолын беріс деп атайды. Беріс s әрпімен 
белгіленеді және дайындаманы өңдеудің технологиялық әдісіне байланысты мм/айн өлшенеді – 
жону және бұрғылау үшін; мм/қос жүріс – сүргілеу және ажарлау үшін. Беріс қозғалысы 
өңделетін дайындама осінің бойында бағытталған бойлық (s
б
); көлденеңосы оське көлденең 
(s
кд
); көлбеу – оське бұрыштың астында (s
кл
); дөңгелек – өңделетін дайындаманың шеңбері 
бойында (s
д
) және т.б. 
 
 
 
1 – өңделетін бет; 2 – кесу беті; 3 – өңделген бет 
6.3-сурет – Дайындаманы механикалық өңдеу процесінің сұлбасы 
Құралдың немесе дайындаманың бір рет өтуі ішінде дайындамадан алынатын және 
өңделетін бетке перпендикуляр бағытта өлшенетін металл қабатының қалыңдығын кесу 
тереңдігі t (мм) деп атайды. Цилиндрлік бетті жону кезінде кесу тереңдігі (6.3-суретті қараңыз) 


115 
кескіш бір рет өткенде дайындаманың өңделетін (D
д
) және өңделген (d) беттері арасындағы 
диаметрлердің жарты айырымы ретінде анықталады, мм:
t = (D
д
– d)/2. 
Дайындаманың бір айналымында кесілетін қабаттың көлденең қимасы АВСD 
параллелограмын (6.3-суретті қараңыз) білдіреді. Бұл суретте дайындамаға қатысты бір толық 
айналым ішіндегі кескіштің екі тізбекті орны көрсетілген. Кесілетін қабаттың ауданы номинал 
алаң f
н
(мм
2
) деп аталады және түзу сызықты кесу жиегі бар кескіштер үшін мынаған тең: 
f
н
f
ABCD
= ts
Кесу процесіне бір мезгілде екі қозғалыс қатысады, сондықтан дайындамаға қатысты 
кескіш төбесінің қозғалу траекториясы бұрандалы сызық болады. Кесуді А нүктесінде бастап, 
кескіш осы цилиндрлік бет құраушысымен тек В нүктесінде ғана қайта кездеседі. Осыдан, 
дайындамадан f
ABCD
кесіндісінің бүкіл ауданы емес, оның бір бөлігі ғана кесілетін болады және 
өңделген бетте микротегіссіздіктер қалады. Материалдың кесілетін бөлігі ауданының қалдық 
қимасы (f
о
= f


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет