128
Жону тобының станоктарында
қаралтым (
сыдырып)
өңдеуді кеңістіктің
ауытқуларды
және дайындамалар, мысалы соғылмалар немесе құймалар пішінінің қателіктерін азайту
мақсатында жүргізеді, сонымен бірге 17 немесе 16 квалитетке сәйкес келетін дәлдікке қол
жеткізіледі. Жонумен қаралтым өңдеуден кейін дайындамалар дәлдігі 14…11 квалитетке, ал
беттің кедір-бұдырлығы
Ra = 10…2,5 мкм сәйкес келеді.
Дайындаманы қаралтым өңдеу кезінде бүкіл әдіп алынбаған немесе оған дәлдігі бойынша
жоғары талаптар қойылған жағдайда
жартылай таза жону қажет болады. Жартылай таза жону
11…9
квалитетке және Ra = 2,5…1,25 мкм кедір-бұдырлыққа сәйкес келетін дәлдікті
қамтамасыз етеді.
Таза өңдеуді 9…7 дәлдік квалитетіне және
Rа = 1,25…0,32 мкм кедір-бұдырлыққа қол
жеткізу мақсатында кейінгі жұқа өңдеуге түпкілікті немесе аралық өңдеу ретінде жүргізеді.
Кескіштермен
жұқа өңдеу ажарлауды ауыстыратын түпкілікті ретінде қарастырылады.
Кәдімгі кескіштермен жұқа жону 7 немесе 6 квалитетке және
Ra = 0,32…0,16
мкм кедір-
бұдырлыққа, алмас кескіштермен 5 квалитетке және
Ra = 0,16…0,08 мкм кедір-бұдырлыққа
сәйкес келетін дәлдікті қамтамасыз етеді.
Аралық құрамын тағайындау және технологиялық маршрутты әзірлеу кезінде әр түрлі
өңдеу әдістерінің өнімділігі мен дәлдігі бойынша анықтамалық деректерді пайдаланады. Содан
соң өңдеуге арналған әдіпті есептеуге кіріседі, ол берілген дәлдіктің алынуын және тетік беті
кедір-бұдырлығының шамасын қамтамасыз етуі тиіс. Тәртіп бойынша, есептеулер кезінде
стандарттарды, каталогтарды, анықтамалықтарды пайдаланады, сонымен бірге өндірістің нақты
мүмкіндіктерін есепке алуы қажет.
Өңдеу режимдерін есептеу жалпы қабылданған жүйелілікте жүргізіледі.
Қаралтым жону
кезінде негізінде кескіштің және дайындаманың күштік және беріктік сипаттамаларына
сүйеніп, кесу тереңдігін – 2…8 мм-ге тең, ал өңдеуден кейін алынатын тетік бетінің кедір-
бұдырлығы шамасын есепке алып, таза жону кезінде 0,2…1,5 мм-ге тең етіп таңдайды.
Беріс
анықтамалықтар бойынша таңдалады және станоктың паспорттық деректері бойынша
түзетіледі, яғни берістің сатылы қатарынан жақын ең кіші шама алынады.
Жоғарыда технологиялық процесті жобалаудың дәстүрлі әдісі қарастырылған, ол кезде
объектіні сипаттауды және оның алгоритмін технолог жүзеге асырады. Технологиялық процесті
жобалаудың тағы екі әдісі бар: автоматтандырылған (адам мен ЭЕМ өзара әрекеттесуі кезінде)
және автоматтық (адамның қатысуынсыз ЭЕМ). Автоматтандырылған жобалау әдісі ең көп
таралған және
перспективалы болып табылады, ол автоматтандырылған жобалау жүйелерінің
(АЖЖ) пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
ЭЕМ қолданылуы технологиялық және инженерлік есептеулердің өнімділігін 10-15 есе
арттырады, жобалау құнын 2-4 есе азайтады және жобалық әзірлемелерді оңтайландыру
нәтижесінде жобалау сапасын жақсартады. Станок операцияларын ЭЕМ-да жобалау
операциялардың өнімділігін 20…30 %-ға арттырады және тетіктерді өңдеудің өзіндік құнын
10…15 %-ға азайтады.