Оқулықтар
13.Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті // шығармалар 6-т – А., 1964
14.Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974
15.Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестом-А.,1977
Қосымша
16.Қазақ әдебиетінің тарихы 1-т 1,2-кітаптар. – А., 196031964
17.Қазақ фольклористикасының тарихы – А., 1988
18.Қазақ фольклорының тарихылығы – А., 1993
Айтыс
19.Ысмайылов Е. Ақындар. – А., 1956
20.Жармұхамедов М. Айтыстың даму жолдары. – А., 1976
№ 12 ЛЕКЦИЯ.
ТАҚЫРЫБЫ : Біржан мен Сара айтысы.
Жоспары :
1. Ақындар айтысы туралы.
2. Біржан Қожағұлұлының өмірі, ақындығы.
3. Сара Тастанбекқызының өмірі, ақындығы.
4. Айтыстың көркемдік ерекшелігі.
Қазақтағы айтыс өлеңдерінің ішінде айырықша орын алатыны, көркемдік дәрежесі жоғарысы Біржан мен Сараның айтысы. Және ол қазақ еліне ертедене таныс, көп тараған айтыстың бірінен саналады. Бұл айтыстың идеясында аздаған қайшылық-кемшіліктер болса да қазақ поэзиясының ең сұлу, асылдарының бірі болып табылады.
Қазан көтерілісіне дейін қазақ ақындарының айтыс өлеңдері негізінде ауызша сақталып келді. Бірен-сарандаған айтыстар болмаса, көпшілігі баспа жүзін көрген емес-ті. Сол кезде өз алдына кітап болып шыққан Біржан мен Сараның айтысы (1900 жылы 1912 жылдары басылған) болатын.
Біржан мен Сараның айтысына талдау берместен бұрын, қысқаша түрде осы некі ақынның кім екендігін баяндап кетелік.
Біржан Қожағұлұлы қазіргі Көкшетау облысына қарасты Еңбекшілер ауданындағы (Степняк қаласы) “Қожағұл бұлағы” деген жерде туған. Сәбит Мұқановтың айтуына қарағанда, Біржан 1825 жылы туып, 1887 жылы қайтыс болған, профессор Ахмет Жұбановтың мәліметтеріне сүйенсек, Біржан 1831 жылы туып, 1894 жылы алпыс үш жасында қайтыс болған. Ал “Қазақ ССР тарихында” Біржан 1832 жылы туып 1895 жылы қайтыс б олды делінген.
Бұл үш фактінің қайсысы дұрыс екендігін дәлелдеп айту қиын. Қйткені Біржаннің өмірбаяны әлі күнге дейін толық зерттеліп жазылған емес.
Біржанның әкесі Тұрлыбай (Қожағұл Біржанның әкесі) кедей шаруа болыпты. Біржанның “Мың жарым жылұы біткен Қожағұлға” деуі ақындық шалқу үстінде айтылған сөз, анығында Қожағұл да, Тұрлыбай да әлді-ауқатты кісілер болмаған. Тұрлыбайдың Ержан. Нржан, Біржан атты үш баласы болыпты.
Біржан - әнді көп шығарған композитор. Оның “Көкшетау”, “Жамбас сипар”, “Айтбай”, “Адасқақ”, “Тентек” тағы бірнеше әндері бар. Ол әндеріне текстік өлеңді де өзі шығарған.
Барлық композиторлық, ақындық талантын халыққа арнаған Біржан өмірінің соңғы кезінде қалың қасірет-қайғыға душар болады: “Жынданды есінен ауысты”,-деген өсек-әңгімелер көбейді. Соның салдарынан ағайын-туыстары Біржанды үйден шығармай қол-аяғын байлап тастайды. Осындай ауыр күйге түскен Біржан құрбы-құрбас, жолдастарына арнап:
...Дүние, өтеріңді біліп едім,
Білдірмей серілікпен жүріп едім.
Бұл күнде арық қойдан бағам төмен,
Үш жүздің ортасында Біржан едім,-
деп зарланады, көңіліндегі қайғы-мұңын шағым етеді. Теміртас, Асыл, Ақық атты өзінің туған балаларына:
...Теміртас, Асыл, Ақық балдан тәтті,
Қинауға салады екен адамзатты,
Үкідей желпіндірген, қарақтарым,
Шешсеңші, білегіме арқан батты...-
деп мұңын айтып, көмек сұрайды. Осындай ауыр қасіретке ұшыраған, үш жыл бойына қол-аяғы байланған, қазақ халқының ұлы әнші-ақыны Біржан, алпыс үш жасқа келіп азаппен қайтыс болады. Оның денесі өзінің туған жеріне қойылады.
Ал Біржанмен айтысқа түскен Сара жайында баспа жүзіне шыққан өмірбаяндық материалдар жоқ, тек ел әңгімелері бар. Олардың айтуына қарағанда, Сара әні әнші, әрі алғыр ақын, сан айтыстарға қатысып жүлде алған жүйрік болған. Сараны 1911 жылдар шамасында қайтыс болған деседі.
Біржан мен Сараның атақты ақын болғандықтарын олардың айтысы көрсетеді. Бұл айтыс жайында ел аузында жүрген әңгімелер де бар. Оған құлақ түрсек - Біржан мен Сараның айтысы болмапты, оны Әріп Тәңірбергенов деген ақын шығарыпты-мыс. Әріптің белгілі ақын болмағаны рас, оның Біржан мен Сара айтысын естуі, білуі де мүмкін. Әйткенмен Әріптің осы айтысқа қатысы қандай, ол жинаушы немесе баспаға даярлап беруші ретінде қатысты ма, ол арасын айту қиын. Сондықтан біз мұны Біржан мен Сараның шығарға айтысы деп қараймыз. Сондай-ақ бұл айтыс алғашқы қалпын сақтаған ба, кейінгілердің қосқан, өңдеген жері жоқ па дегенді де айта алмаймыз. Өйткені, өткен заманда ақындар айтысын табан аузында жазып алу болған емес. Айтыстардың қайсысы болса да ақындардың кейіннен өз айтуымен тараған, кейде айтыстың ішінде болып естігендер, оны ұғып алушылар таратқан. Ал “Біржан мен Сара айтысы” айтыстың юболып өткен кезінен көп кейін Сараның өз аузынан жазылып алынған.
“Біржан мен Сара айтысын” зерттеушілердің қайсысы болса да, бұл айтыстың шынында да болғандығын дәлелдейді. Ол былай болады: Найман-Матайда (қазіргі Талдықорған маңында) Сара дейтін әрі әнші, әрі атақты ақын қыздың бар екенін, оның сан жүйріктерді сөзбен буғандығын Біржан естиді. Ал Біржан жайын, оның қандай әнші, ақын екендігін Сара да естіген болады. Бұл бір-бірін көріп білмесе де, сырттай таныс, дидарласып көрісуді арман етіп жүреді... Бір жылы қасына бірнеше жолдасырын ертіп, Біржан Сараның еліне келеді, ондағы ойы: атақты ақын қызбен танысу, өнер салыстырап айтысу, ақындық-әншілік күш байқасу. Біржан келсе, Сара үйінде жоқ екен. Біржанның алдынан Сараның шешесі мен сіңлісі шығады, олармен бір-екі ауыз сөз қағыстырады. Олар Сараның хажы ауылына кеткенін айтады, Сараны іздеп сол ауылға Біржан да тартады....
Сөйтіп, “Біржан мен сара айтысы” атақты екі ақынның өнер жарасы, сөз шарпысуы ғана болмай, бүкі қазақ ауыз әдебьиетінде әлеуметтік мәні бар тың тақырыпты, яғни әйел теңдігі мәселесін көтерген айтыс болады. Бұл айтыста қазақ қыздарының аянышты ауыр халі, сүйгеніне бара алмай жас өмірін қайғы-зар мен, жылаумен өткізгені, ескі әдет-ғұрыптың ққұрбаны болғаны суреттеледі. Олардығң бұндай ауыр халге түсіуіне феодалдар, байлар, хажылар кінәлі, оған : Есімбек, Тұрысбек сияқты жуандар айыпты екендігін көрсетеді.
Айтыста Сара сөзден ұтылып, ақындық өнерден жеңілген жоқ. Біржан да оны жеңіп шықты демейді. Бұл айтыста жеңілгендер – Сараның ағайын – туыстары. Сара сияқты саңлақты малға сатқан, теңіне бермей бір жаманға қор қылған Есімібек, Тұрысбектер жеңілді. Айтыста соларға деген халық қарғысы айтылады. Қазақ қыздарының бас бостандығына тұсау болғау, сор болып жабысқан қалың мал екендігі жиіркенішті түрде әшкере етіледі. Айтыстың әлеуметтік мәні де осында. Сондықтан да біз “Біржан мен Сара айтысын”, аздаған қайшылығы бола тұрса да, халықтық сипаты мол көркем айтыстың бірі деп қараймыз.
Қорыта келгенде, “Біржан мен Сара айтысы” айтыс өлеңдерінің ішінде елеулі орын алатын күрделі, көркем айтыстың бірі болып табылады Қазақтың айтыс өлеңдерінде әйел теңдігі және қалың мал мәселесін бірінші рет “Біржан мен Сараның айтысы” көтерсе, кейіннен басқа ақындардың да көңіл аударған, сөз еткен тақырыбына айналады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Негізгі :
1Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзий. – А., 1992
2.Байтұрсыноа А. Ақ жол – А., 1991
3.Веселовский А. Н. Историческая поэтика. –М.,1940
4.Тайлор Э. Первобытная культура – М., 1989
5.Анисимов А. Духовная жизнь перврбытного общесттва – М., 1978
6.Гусев В. Е. Естетика фольклора – Л., 1967
7.Пропп В. Я. Фольклор и действительность – М.,1976
8.Әмельянов Л. И. Методолог, вопроы фольклористики – Л., 1978
9.Әуезов М. Әдебиет тарихы – А., 1991
10.Ысмайылов Е. Ақындар – А., 1956
11.Смирнова М. С. Казахская нарадная поэзия – А., 1967
12.Садырбаев С. Фольклор және естетика – А., 1976
Достарыңызбен бөлісу: |