Лекция. № Лекция тақырыбы: ХҮ- xyii ғасырлардағы әдебиеттің даму сипаты, ерекшелігі. Лекция жоспары


Жырау поэзиясындағы негізгі сарындар



бет3/109
Дата02.01.2022
өлшемі1.34 Mb.
#453482
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109
Хандық дәуір әдебиеті. Лекциялар мәтіні

Жырау поэзиясындағы негізгі сарындар: Ұлт-азаттық күрес. Заман күйі. Ұрпақ тәрбиесі. Жалпы адамгершілік қасиеттерді насихаттап, өнеге айту. Өмірдің мәні. Туған жерді жырлау.

Жыраулар шығармашылығындағы поэзия түрлері

1. Толғау

2. Арнау

3. Жоқтау

4. Қаһармандық, эпостық жырлар

5. Естірту

Жыраулар шығармашылығында толғау жанры үлкен орын алады. Толғау – әдебиетімізде өзіндік ерекшеліктерімен көрініп, көне дәуірлерде туып қалыптасқан поэзиялық шығарманың бір түрі.

Толғау қазақтың «жыр толғау», «толғап айту» деген сөзінен алынып, жеке термин ретінде әдебиетімізде кейінгі кеңестік дәуірде ғана қалыптасты. Толғаулар өзінің табиғи сипатымен жүйелі оқиғасы бар жырға біршама жақын, үндес. Бізге жеткен толғаулардың халық, өмірінің, аса бір жауапты, күрделі де қиын тұсында айтылып таралғанын аңғарамыз. Жыраулар толғаған суырып салма жырлар философиялық ойға құрылған тұжырымдарымен де, жеке адам бейнелерін жасаған мазмұнымен де ерекшеленеді. Мұнда ел, жер, халық тағдыры, болашағы жүйелі сөз болады. Осы ерекшелік мұны эпикалық жырларға жақындатады. Қазақ поэзиясы тарихына көз салсақ, толғаудың дербес жанр ретінде қалыптасуы ұзақ ғасырларға ұласқанын көреміз. Бұған әр тұста әр алуан жыраулар өз әлінше үлес қосып отырған. Соның нәтижесінде бұл жанр дәуір талабына сәйкес қалыпты фольклорлық үлгілерден біртіндеп оқшауланып, суырып салмалық дәстүрдің жаңа сипатты бір арнасын құрайды. Бұл әдебиетіміздегі даралық творчествоның ең әуелде тек поэзияда, оның ішінде жыраулық, ақындық толғау, жырларда тұрақтанып қалыптасқанын айқын аңғартады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет