Лекция. № Лекция тақырыбы: ХҮ- xyii ғасырлардағы әдебиеттің даму сипаты, ерекшелігі. Лекция жоспары



бет8/109
Дата02.01.2022
өлшемі1.34 Mb.
#453482
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   109
Хандық дәуір әдебиеті. Лекциялар мәтіні

Эпостық жырлар: «Қырымның қырық батыры», «Тоқтамыс» жыры, «Ер Тарғын», «Едіге», т.б.

Қазақ жыраулары шығармашылығының даму кезеңдерін ғалымдар үш кезеңге бөліп қарастырып жүр. Оның алғашқы кезеңінің бастауын ғалым М.Жолдасбеков Түркі қағаната дәуіріндегі Тоныкөктен бастайды. Бұл дәстүрді онықтырып дамытқан келесі өкілдері ретінде Қорқыт, Аталық, (Кетбұға), Жұма-Құл, Қодан-Тайшы, Сыпыра жыраулар аталады. Бұл дәуір ҮI-XIV ғасырларды қамтиды. Қазақ хандығының алғашқы кезеңіндегі жыраулық дәстүрдің дамуында Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Жиембет шығармалары үлкен орын алады. Бұл кезең – XV-XVIІ ғасырлар.

ХҮІІІ ғасыр жыраулық өнердің толысып, кемелденген кезеңі. Бұл кезеңнің көрнекті өкілдері: Қожаберген, Ақтамберді, Бұқар, Тәтіқара, Үмбетей жыраулар.

Бiзre аттары белгілі ауызша әдебиетіміздің калыптасуына әсерін тигізген әдебиет өкілдері – Кет-Бұға, Жұма-Құл, Қодан-Тайшы, Сыпыра жырау сияқты жыраулардың өмipi мен шығармашылығы туралы жеткен деректер мен аңыздар көп емес.

XV-XVII ғасырларда өмip сүрген жыраулар шығармашылығының қазақ әдебиетінің қалыптасуында алатын өзіндік орны бар. Жиренше сияқты шешендердің өмipi мен шығармалары туралы деректер мен аңыз-әңгімелер де біршама. Осы кезеңде жасалған ауыз әдебиеті үлгілері мен аттары аңызға айналған жырау, шешен, т.б. әдебиет өкілдерінің, олардан қалған әдеби мұралардың қазақ әдебиеті тарихында алатын өзіндік орны бар.

Хандық дәуірде елдік, қоғамдық маңызды мәселелерді шешуде би-шешендердің үлкен роль атқарғандығы белгілі. Олар маңызды мәселелерді шешумен қатар рухани мұра – шешендік сөз үлгілерін де қалдырды. Би-шешендердің қоғамдық қызметі мен тапқырлық пен ойлылықтан құрылған нақыл, өсиет сөздері кеңес дәуіріндегі саясаттың әсерінен көп жылдар бойы жете зерттелмей келді. Бұл мәселе еліміздің тәуелсіздік алуына орай кейінгі кездері қолға алынып, оқу бағдарламаларына енгізіліп, әдебиет тарихының құрамында оқытыла бастады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   109




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет