3. Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы, алғашқы кезеңіндегі әдебиет үлгілері.
Бұл кезеңдегі әдебиет үлгілерін, түрлі ұлыс-тайпалардың тарихына негізделіп туған әдебиетті жыраулар поэзиясы және жазба әдебиет деп екі салаға бөліп қарастыруға болады. Өйткені бұл дәуірде ауызша шығарылған әдебиетпен қатар жазба әдебиет үлгілері де бар. Қазақ хандығының туу, орнығу кезеңдеріндегі түрлі оқиғалар жыраулық поэзиямен қатар тарих, шежіре элементтері аралас жазба әдебиет үлгілеріне де молынан түсіп отырған (тарихи көркем шежірелер).
Қазақ хандығының құрылу қарсаңында туып, біздің дәуірімізге жеткен рухани мұралар:
Күйлер: “Ноғай-қазақтың айырылуы”, “Орманбет хан өлгенде, он сан ноғай бүлгенде”, т.б.
Ноғайлы заманы жырауларының поэзиясы.
Достарыңызбен бөлісу: |