Лекция №1-3 Кіріспе. Мультимедиа және ақпараттық мәдениет ұғымдары. Интернеттегі білім беру платформалары. Білім берудің мультимедиа білім ресурстарына және оларды қолдану әдістемелері және әдіснамасы


Лекция №7-9 Bilim mediaGroup компаниясының өнімдерінің жұмыс істеу принциптері



бет3/16
Дата08.04.2023
өлшемі0.62 Mb.
#471957
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Лекция №7-9
Bilim mediaGroup компаниясының өнімдерінің жұмыс істеу принциптері.
BilimLand, Daryn.Online, онлайн оқу платформалары. Қолдану нұсқаулығы

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың сөзінше, қашықтан оқуда қолданылатын қазақстандық онлайн білім платформаларының саны 8-ге жеткен. Олардан бөлек, шетелдік WhatsApp,Telegram мессенджерлері, Zoom видеоконференциясы, Microsoft Teams, Google Classroom платформалары яғни мектепте қашықтан білім беру процесінде отандық 8 онлайн платформа қолданыста.


Bilimland сайты - Білім беру жүйесінің жаңа технологиялары, әлемдік білім беру нарығындағы ең озық компаниясының жетістіктері негізінде жасалған. BilimMedia Group компаниясының, заманауи интерактивті технологиялары арқылы білім алуды тірек еткен электронды оқыту сапасын арттыруда қолданатын тамаша платформа. Мектеп бағдарламасына арналған ең бай интерактивті сабақтар жинағы.
Мектепке дайындық, бастауыш мектеп математикасы, орта мектеп математикасы,физика, химия, биология, география, ағылшын, француз, неміс тілдері және қазақ әдебиеті. Сабақтар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді.
Бастауыш мектеп бағдарламасында 8 пән қамтылған: математика, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, дүниетану, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, музыка, өзін-өзі тану.
200-ге тарта видео-сабақтар мен жүздеген интерактивті жаттығу ойындары бар. Барлық мобильді құралдарда жұмыс істейді. Бастауыш мектеп бағдарламасына imektep.kz бастауыш мектеп анимациялық бағдарламасы 170-тен астам тақырыптан тұрады. Әрбір сабақ тақырыбын түсіндіреді қысқа анимациялық фильмнен тұрады.
IMektep үшін жарамды білім беру ресурсы bilimland.kz үшін құрылған шоттар (пайдаланушы аттары мен құпиясөздер). Яғни bilimland.kz өз
шоттарын қосылған пайдаланушылар автоматты түрде білім беру ресурсы iMektep.kz болы табылады.
iTest-ұлттық бірыңғай тестіге онлайн дайындалуға болады. iTest – бөлімінде математика, орыс тілі, қазақстан тарихы, қазақ тілі пәні және физика, химия, биология, география, қазақ әдебиеті, дүниежүзі тарихы, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілдерінен тест жинақтары бар. Әр бөліміне тіркелу
арқылы тестілерді орындайды. Сонымен қатар тегін сабақтар бар.
Физика сабақтары қызықты, ал оқыту нәтижелі болу үшін тиісті бағдарламаны және көрнекілікті дұрыс таңдау жеткілікті. Бұл интерактивті кешен оқушыларға пәнді түсінуге ғана емес, оқушыларға оны сүйікті пәнге айналдыруға көмектеседі. Bilim Media Group — Қазақстандағы электронды оқыту нарығын дамытушы, инновациялық компания
Компания тарихы 2011 жылдан басталады. Компанияның алғашқы жобасы imektep.kz бастауыш мектеп бағдарламасына негізделген онлайн білім беру платформасы болатын. Кейін компания itest.kz ұлттық бірыңғай тестіне дайындалуға арналған онлайн платформасын және bilimland.kz деп аталатын интерактивті сабақтардан тұратын білім беру платформасын іске қосты. Команияның негізгі құрамы Халықаралық "Болашақ" бағдарламасының түлектерінен құралған.
Bilimland.kz жобасы технологиялық даму ұлттық агенттігінің қаржылай қолдауы негізінде дайындалып, алғашқы сатылымдары 2013 жылы басталды. Білім беру платформаларының алғашқы тұтынушысы Назарбаев Зияткерлік мектептері Автономиялық білім беру үйымы болды. 2015 жылы қосылған мектептер саны 300 ден асты, ал 2016 жылы 1000 мектептен асты.
Bilim Media Group "Алатау" инновациялық технологиялар паркінің мүшесі.
Сонымен бірге компания WikiBilim қоғамдық қорының Қазақстанның ашық кітапханасы kitap.kz жобасына техникалық және қаржылай демеушілік көрсетіп келеді.
Өнімдері. Twig World – видео фильмдер түріндегі оқуға арналған ресурстар ұсынатын, көптеген халықаралық марапатқа ие маңдайалды британдық білім беру компаниясы. Bilim Media Group жəне Twig компаниялары бірлесе отырып қазақстандық оқушылар мен мұғалімдерге əлемге үздік деп танылған онлайн білім беру қызметін ұсынады. 13 тілге аударылып, 35 елде іске қосылған бұл инновациялық оқыту құралы 2012, 2013 жəне 2014 жылғы білім беру технологияларының бүкілəлемдік көрмесінде (BETT) қатарынан үш мəрте ең үздік атанды. Бұл білім беру кешені мектеп бағдарламасындағы химия, физика, биология, математика, география және жаратылыстану пəндері негізіндегі өте қызықты 2000-нан аса қысқа фильмнен (3 минут) тұрады. Əр фильмге көрнекі құрал ретінде дайындалған тақырыпқа сай иллюстрациялар мен диаграммалар, кестелер мен интерактивті тест тапсырмалары берілген. Фильмге негіз болған материалдар əлемге танымал ВВС жəне Associated Press студияларының мұрағаттарынан алынған. Соның арқасында бұл платформа қазақ тілін, ағылшын тілі мен орыс тілін меңгеруде таптырмас көмекші құралға айналды.
Интерактивті физика курсының артықшылықтары
Курс материалдары мемлекеттік және еуропалық стандарттарға негізделіп жасалған. Курстың басты артықшылықтары:
• физика заңдары мен түсініктерін мейлінше түсінікті етіп беруге барлық жағдай жасалған;
• мұғалімге сабақты қызықты өткізуге көмектесетін ыңғайлы құрал;
• оқушыларға жеке дайындалуға мүмкіндік береді.
Кешен сабақтары пәнді үйренуге көмектесетін интерактивті жаттығулардан, үшөлшемді модель түрлерінен, презентациялардан құралған. Енді бірқатар онлайн платформаны қолдану нұсқаулығын қарастырайық.
BilimLand
42 пәннен 5 700 сабақ пен 140 мыңнан астам тапсырма әзірленген. Компания мәліметінше, күн сайын 1,5 млн бірегей қолданушы кіріп, сайт 30 млн рет қаралады. 3 500 мектеппен платформаны пайдалану туралы келісімшарт жасалған.

№1. Платформаға тіркелу/кіру


Бұл платформаны қолданатын мектеп мұғалімдері мен оқушыларына логин және құпиясөз берілген. Бұл уақытқа дейін әлі алмаған оқушылар болса, оны мектеп әкімшілігінен алуға болады. Мұғалім өз аккаунты арқылы жаңа оқушыны тіркей алады және жаңа сынып қоса алады. Платформаға кіру үшін https://onlinemektep.org/ сілтемесі арқылы өтіп, мектеп әкімшілігі берген логин мен құпиясөзді жазып, "Кіру" батырмасын басу керек.

№2. Сабақ оқу


Оқуды бастау үшін кестедегі сабақты таңдап, алдымен сабаққа шолу, яғни, сабақ мазмұнымен және мақсатымен танысу қажет. Кейін "Алға" батырмасын басып, теориялық бөлімге көшеді. Теориялық бөлімде бейнетүсіндірме, конспект немесе өзге материалдар болуы мүмкін. Теориялық бөліммен танысқаннан кейін оқушыға әртүрлі қиындықтағы жаттығулар беріледі. Оқушы қате жауап берсе, қатемен жұмыс жасауға мүмкіндік бар. Барлық тапсырма орындалғаннан кейін әрбір бөлімнің нәтижесін, ал оң жақтағы "Сабақ қорытындысы" бөлімінде алған бағаны көруге болады.

№3. Үй тапсырмасын орындау


Үй тапсырмасын орындау үшін сабақ кестесіндегі "Үй тапсырмасы" бөлімін таңдап, "Көшу" батырмасын басыңыз. Сол жақ мәзірдегі "Үй тапсырмасы" бөлімінен де барлық үй тапсырмасын, орындалған-орындалмаған тізімді көруге болады. Бұл жерде сабақтың тақырыбы, пән және орындаудың соңғы мерзімі берілген. "Өту" батырмасын басып, үй жұмысын орындау керек. Мұғалімнен келіп түскен үй тапсырмасымен толық танысып, сабаққа қайта өтуге мүмкіндік бар. Төменде үй тапсырмасын орындау терезесінде оқушы тапсырма жауабын жазады. "Файл қосу" батырмасы арқылы қосымша файлдарды жүктеп, "Жіберу" батырмасын басады. Үй тапсырмасын жібергеннен кейін қайта өзгеріс енгізуге болмайды.

№4. Мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс


Мұғалім "Чат" бөліміне кіріп, сынып оқушыларына хабарлама жаза алады. Одан бөлек, белгілі бір оқушыны таңдап, "Жеке хабарлама" батырмасын басу арқылы жеке хабарлама жібере алады. Сол жақ мәзірдегі "Оқушымен байланыс" бөлімшесінде жеке оқушыны таңдап, кері байланыс жасауға болады.

Ал оқушы мұғаліммен байланысу үшін сабақ кестесінен сол мұғалім сабақ беретін пәнді таңдап, "Чат" бөліміне кіру арқылы хабарлама жазады. Сондай-ақ, сол жақ мәзірдегі "Мұғаліммен байланыс" батырмасын басып, қажет мұғалімді таңдап, жеке хабарлама жібереді немесе жаңа хабарлама батырмасын басып, мұғалімді таңдау арқылы жеке хабарлама жазу мүмкіндігі бар.


№5. Видеоконференцияға қосылу


BilimLand жаңа оқу жылында платформаға Zoom баламасын қосты. Енді мұғалім сабақ кестесінен сабақты таңдап, "Видеоконференция" батырмасын басу арқылы бір уақытта 45 адамға синхронды сабақ өткізе алады. Ол жерде сабақты өту уақытын көрсету керек. "Құру" батырмасын басқан соң шақыру сілтемесі шығады немесе "Видеоконференция" бөлімінде "Сабақты бастау" батырмасын басу керек. "Чат ашу" батырмасы арқылы оқушылармен жеке хабарлама алмасу мүмкіндігі бар. Оқушылар шақыру сілтемесіне өту арқылы сабаққа қосыла алады.

Daryn.Online


Платформаға 2,7 млн астам оқушы мен 200 мұғалім тіркелген. Күн сайын 700 мыңнан астам оқушы білім алады. Күніне 60-тан астам арнайы бейнесабақтар түсіріледі. Оқушыларға республикалық физика-математика және Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, сондай-ақ орта мектептердің үздік мұғалімдері сабақ береді. Офлайн сабақтарға арналған мобильді қосымшасы да бар.

Оқыту 2 форматта өтеді:


синхронды – мұғалім видеоконференция ұйымдастырып, оқушылармен тікелей эфирде сабақ өткізеді;
асинхронды – мұғалім дайын онлайн курстар, презентациялар, оқулықтар мен мультимедиа материалдарын оқуға береді.
Әр оқушының жеке кабинеті болады. Кез келген адам тегін тіркеле алады. Жеке пайдаланушылар үшін барлық пәндер айына 2 мың теңге. Daryn.Online-мен келісімшартқа отырған мектеп оқушылары сабақты тегін пайдалана алады. Бүгінде мұндай мектептер саны – 1 491.

№1. Платформаға тіркелу/кіру


"Тіркелу" батырмасын басып, келесі бетке өтесіз. Ол жерде келесі мәліметті енгізіу қажет:

аты-жөні;


электронды пошта;
ұялы телефон;
құпия сөзді ойлап табу;
"Мен оқушымын" батырмасын басу.
Ұстаз болсаңыз, "Оқушы емеспін" батырмасын басу керек.

Келесі бетке өтіп, облыс, мектеп, сыныпты таңдайсыз. Сосын "Тіркелу" батырмасын басу қажет.


№2. Сабақ таңдау


"Сабақтар" батырмасын басқан соң Daryn.Online платформасындағы барлық пəннің тізімі шығады. Өзіңізге керек сабақтың жанындағы "Жазылу" батырмасын басыңыз. Жазылатын сабағыңыз бойынша толық ақпарат алатын парақшада "Корзинаға өту" батырмасын басыңыз.

Пəн туралы – пəн бойынша толық ақпарат, мақсаты, сабақ авторы жəне автор жетістіктерімен танысу бөлімі.


Пəн мазмұны – пəннің жоспарымен танысуға арналған бөлім, өтетін тақырыптардың тізімі.
Тесттер – əр тақырып бойынша тест тізімі.
Тапсырмалар – тақырып бойынша А, Б, С деңгей тапсырмалары.
Артық пəндер қосылып кетсе, "Алып тастау" батырмасы арқылы жүзеге асыруға болады. Керек сабақтар қалғаннан кейін "Жазылу" батырмасын басу қажет. "Менің сабақтарым" бөлімінде керек сабақтар тізімі шығады.

№3. Сабақ оқу жән тапсырма орындау


Сабақты бастау үшін "Менің сабақтарым" бөліміндегі керек сабақ астындағы "Оқуды жалғастыруды" басыңыз. "Пəн мазмұны" батырмасын басып, пəн бойынша түсірілген видеосабақтар тізімі шығады. Бірінші тараудың бірінші сабағынан басталады.

Əр тақырып 2-10 минуттық видеосабақтан, 10 тест сұрағынан, 3А, 2В, 1С деңгейлі тапсырмадан тұрады. Бір тақырыпты оқып біткенде бонустар беріледі. Жаңа тақырыпқа өту үшін келесі шарттарды орындау керек:


видеосабақты толығымен көру;


10 тест сұрағының кем дегенде 7-уіне дұрыс жауап беру.
№4. Видеотрансляция жасау
Оқушылармен немесе мектеп əкімшілігімен конференция өткізу үшін жеке кабинетке кіріп, "Конференция" батырмасын басасыз немесе https://daryn.online/profile/stream сілтемесін жазу арқылы кіре аласыз. "Қосылу" батырмасын басқан соң берілген сілтемені көшіру арқылы басқалармен бір конференцияға кіру мүмкіндігіне ие боласыз. Join meeting батырмасын басып, видеотрансляцияға кіресіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет