Лекция №10-12
Opiq және Kundelik оқу платформалары. Қолдану нұсқаулығы
2016 жылы 1 қыркүйекте Қазақстан мектептері Kundelik электронды журналын қолдана бастады. Бұл жерде мұғалімдер баға қойып қана қоймай, оқушыларға тапсырма беріп, кері байланыс орната алады. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, электронды күнделікке күніне 700 мың баға қойылып, 1 млн тапсырма беріледі.
№1. Жүйеге тіркелу/кіру
Ата-аналар мен оқушылар жүйеге кіруге арналған пайдаланушы аты мен құпиясөзді алу үшін білім беру ұйымындағы деректерді толтыруға жауапты қызметкерге, яғни білім беру ұйымының әкімшісіне хабарласуы керек. Әкімші туралы ақпарат болмаса, сынып жетекшісімен байланыса аласыз. Қолыңызда логин/пароль болса, https://kundelik.kz/ сайтына өтіп, "Кіру" бөліміне өтіңіз. Логин мен парольді енгізіп, "Кіру" батырмасын басыңыз. Содан кейін "Қауіпсіздік параметрлері" бөлімінде электронды поштаны толтыру қажет. Бұл деректерді енгізу, ең алдымен, парақшаны қорғау үшін, сондай-ақ, жоғалған жағдайда логин мен парольді жылдам және өздігіңізден қалпына келтіру үшін қажет.
№2. Үй тапсырмасын орындау
Бас бетте сабақ кестесін, мұғалімдер берген тапсырмалар мен мектеп әкімшілігінің хабарландыруларын көруге болады. Жүйеге кірген соң "Мектеп" батырмасы шығады. Соның ішінде "Менің сыныбым" бөлімін таңдап, "Файлдар" батырмасын басқанда әр пән бойынша ашылған папкалар шығады. Оқушы пәннің папкасына кіріп, өзіне сынып жұмысы мен үй тапсырмалары жазылған файлды жүктеп алады. Орындаған тапсырмаларды файл түрінде "Файлды жүктеу" батырмасы арқылы жүйеге қосуға болады.
Үй тапсырмаларын "Мектеп" бөліміндегі "Үй тапсырмалары" бөлімшесінен көру мүмкіндігі бар.
Тапсырманы жеке мұғалімге жіберу үшін "Мектеп" – "Менің мектебім" – "Адамдар" – "Қызметкерлер" батырмаларын басқаннан кейін мұғалімді аты-жөнімен іздеу керек. Мұғалім табылған соң жаңа хабарлама арқылы файлдары жүктеп жібересіз.
№3. Бағаларды көру
Бас беттің сол жақ бөлігіндегі сабақ кестесінің астында "Күнделікті көру" және "Барлық бағалар" деген батырмалар бар. Сондай-ақ, жоғарыдағы "Мектеп" бөліміндегі "Күнделік" бөлімшесінен әр күннің, әр аптадағы жән әр тоқсандағы бағаны көруге болады.
Mektep.EDUS және ok.edus.kz платформасы
Mektep.EDUS электронды мектеп платформасын Kundelik.kz баламасы деуге болады. Қазіргі таңда жүйеге 160-қа жуық мектеп қосылған.
№1. Жүйеге кіру/тіркелу
Жүйе Маңғыстау облысының тұрғындары, мектеп мұғалімдері мен оқушыларына арналған. Ата-аналар жүйеге онлайн тіркеле алады. Ал мұғалімдер мен оқушылар мектеп ұжымы берген арнайы құпиясөз арқылы кіреді. Кіру үшін https://mektep.edu.kz/ сілтемесі арқылы өтіп, "Жүйеге кіру" батырмасын басып, логин немесе ЖСН, пароль енгізу керек.
Ата-анаға әр бала үшін жеке-жеке аккаунт ашу қажет емес. Балалардың барлық аккаунты ата-ананың бір аккаунтында жинақталған.
№2. Функциялары
Жүйеге кіргеннен кейін "Сабақ кестесі", "Күнделік", "Пәндер", "Үлгерім", "Сынып", "Мұғалімдер", "Мессенджер" деген бөлімдер шығады:
"Күнделіктен" әр күннің сабақ кестесін, сабақ тақырыбын, тапсырмалар мен бағаны, "Пәндер" бөлімінен оқушы өз бетінше игеруге арналған материалдарды көруге болады. "Мессенджер" бөлімінде оқушы немесе ата-ана мұғалімге хабарлама жаза алады.
Оқи отырыңыз: Кезекші сынып, мұғалім жалақысы, мектеп жауапкершілігі. Пандемия жағдайында оқушылар қалай білім алады?
№3. Онлайн сабаққа қатысу
Мұғалім "сабақты онлайн бастау" функциясын қосқан бойы сыныптың оқушылары трансляция сабағына тікелей кіре алады. Сабақ барысында мұғалім өз презентацияларын, сабақ материалдарын көрсетумен қатар, сыныппен жұмысты, пікір алмасуларды қашықтан тиімді ұйымдастыра алады.
№4. Ok.edus.kz платформасы
Оқушы мұғалімдердің сабағын, тапсырмаларын осы жерден көре алады. Бұл жүйеге мектеп берген логин мен парольді енгізу арқылы кіреді. Жүйеге қосылған соң "Тапсырмалар" бөліміне кіріп, қажет сабақты таңдап, үй тапсырмасын орындағаннан кейін оны файл немесе мәтін түрінде мұғалімге жіберуге болады.
Оpiq.kz
Оpiq.kz электронды оқулықтар платформасы 1 қыркүйектен бастап лицензия сатып алғаннан кейін ғана қолжетімді. Оқушылар платформаны тегін пайдалану үшін мектеп "Алматыкітап" баспасымен шарт жасасады. Ал оқулықтардың электронды нұсқасы almatykitap.kz сайтында орналасқан.
№1. Жүйеге тіркелу/кіру
Opiq-пен келісімшарт жасасқан мектеп әкімшілігі оқушының электронды поштасына құпиясөзді жасауға сілтемесі бар шақырту жібереді. Оқушы өз құпиясөзін жасаған соң есептік жазба жасалып, пайдалануға дайын болады. Шақырту Opiq-ке кіру үшін емес, есептік жазбаны жасауға арналған. Оқушы www.opiq.kz бетінде жүйеге кіруді орындайды.
Мектеп Opiq-ке қолжетімділікті қамтамасыз етпесе, оқушы кітапханаға кіру үшін жеке есептік жазбасын жасай алады. Жеке пайдаланушының есептік жазбасын осы жерде жасауға болады.
Opiq-ті оқыту жұмысында пайдалану үшін, оқушыларға лицензия алу қажет. Тек мектеп әкімшісі ғана лицензияларға тапсырыс беріп, оқушыларды байланыстыра алады.
№2. Функциялары
Жүйеге кірген соң "Менің оқу материалдарым", "Нәтижелері", "Кітапхана" деген айдарлар шығады. Басты бетте "Жұмыстар" , "Ағымдағы параграф", "Соңғы тексерілген тапсырмалар" деген блоктар бар. "Жұмыстар" блогында мұғалімдер берген тапсырмалар мен оларды оқушының орындау деңгейі, "Ағымдағы параграф" блогында әр пәннен өтіп жатқан параграф тақырыптары, "Соңғы тексерілген тапсырмаларда" 7 күн ішінде мұғалімдер тексеріп, бағалаған тапсырмалар көрінеді.
Кітапханада электронды мектеп оқулықтары мен барлық оқу жиынтығы орналасқан.
№3. Үй тапсырмасын орындау
Оқушы мұғалім берген тапсырмаға кірген соң тапсырмалар туралы деректерді, оқу материалдарына сілтемелерді және орындауға арналған тапсырмалар тізімін көреді. Тапсырманы орындаған соң тапсырмалар бетінде жауаптарды сақтау қажет. Оқушы "Өз материалыңды қосу" сілтемесіне өтіп қажетті файлдарды жүктейді. Бұл файлдар мұғалімге көрініп тұрады. Тапсырма орындалып, жауаптар сақталған соң “Жұмысты ұсыну" бармасын басу керек.
"Нәтижелер" бетінде әртүрлі пәндер бойынша мұғалімдер тексерген барлық жұмыс пайда болады. Осы жерде нәтижелерді көруге, сыныптың орташа нәтижесімен пән бойынша өзінің орташа балын салыстыруға болады.
"Сфера"
Бұл – мұғалімдерді, оқушылар мен ата-аналарды біріктіретін және қашықтан оқыту процесін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін онлайн білім беру платформасы.
№1. Платформаға тіркелу/кіру
slp.kz сайтына кіріп "Тіркелу" батырмасын басыңыз. Мектeп тіркеген электронды поштаңызды жазып, "Тіркелуді" басыңыз. "Барлығы сәтті өтті" деген терезе ашылса көрсеткен email-ға кіріп, "Сфера" деген хатты табыңыз. Хатта логин мен пароль ойлап табу сілтемесі жазылған. Сілтемеге өтіп пароль ойлап табыңыз. Мектепке ұсынған мобильді телефонға келген хабарламдағы кодты теріңіз. Сайтта "Кіру" батырмасын басып, логин мен парольді енгізіңіз.
№2. Онлайн сабаққа қатысу
Онлайн сабақтар кестесін көру үшін "Сабақ кестесі" бөліміне өту керек. Әр онлайн сабақ карточка түрінде бейнеленген. Карточкада сабақтың басталу уақыты, пән, сабақ тақырыбы, сабақтың сипаттамасы, мұғалімнің аты-жөні, сынып пен сабаққа кіру батырмасы бар. Карточканың түстері әртүрлі. Түстер сабақтың өтіп кеткенін, енді өтетінін немесе мұғалімнің сабақты болдырмау шешімін көруге болады. Сабаққа қатысу үшін "Сабаққа кіру" батырмасын басу керек. Камера мен микрофонды мұғалім ғана қосып өшіре алады. Оқушы "Қолын көтеру" батырмасын басып жауап беруге рұқсат ала алады. Сабақтан шығу үшін төмен бөлігіндегі "Сабақтан шығу" батырмасын басу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |