Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Лекция №2 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың даму тарихы



бет3/83
Дата19.01.2022
өлшемі194.91 Kb.
#454674
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83
ӘПЖТ Лекция

Лекция №2

Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың даму тарихы
Лекция жоспары:

1.Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың даму тарихы

2.Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиясының пәні мен міндеттері, басқа ғылым салаларымен байланысы
Лекция мәтіні:

1.Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың даму тарихы.

Шетелдік ғылыми дәстүрде әлеуметтік жұмысты теориялық тұрғыдан зерттеудің тарихы біршама уақытты қамтиды. Осы тақырыпқа арналған еңбектер жеткілікті. Ал Ресейде әлеуметтік жұмысқа қатысы бар қайырымдылық дәстүрін тарихи-биографиялық тұрғыдан зерттеуге бағышталған бірнеше еңбек кездеседі.

Бұл ретте бір-бірімен әлеуметтік жұмыс туралы ғылымдағы өзара байланысты екі құбылысты бөліп алуға болады. Біріншісі, жалпы әлеуметтік даму барысындағы әлеуметтік жұмыстың орнын анықтау, жалпы қоғам тарихын зерттеу, ал екіншісі әлеуметтік жұмысты ғылыми зерттеу, әлеуметтік жұмыс теориясының эволюциясы, оның адам мен қоғам туралы басқа да ғылымдармен ара қатынасы тұрғысындағы зерттеулер.

Ғылыми әдебиеттерге жүргізілген зерттеулер әлеуметтік жұмысты ғылыми пайымдау тарихындағы теориялық дәстүрлер қоғам өміріндегі қайырымдылық секілді құбылыстың әлеуметтік орны мен мәнін зерттеуге, сондай-ақ әлеуметтік көмекті әр түрлі психологиялық, социологиялық, психотерапевтикалық доктриналармен салыстыра тексеру талпыныстарын қарастыруға орай қалыптасқанын көрсетеді.

90-жылдардың басында ғылыми әдебиетте әлеуметтік жұмысты теориялық негіздеудің бірнеше үлгісі белгіленді. Оны қоғамдық құбылыстың ерекше әлеуметтік қызметі ретінде түсіну өрістеді. Бұлар қазіргі заманғы қоғамдағы әлеуметтік қорғау проблемаларын теориялық пайымдауға бағытталған әр түрлі мектептердің ірі ғалымдарының ғылыми ізденістерінің ғана нәтижесі емес, сонымен бірге әлеуметтік жұмыстың мазмұны мен формаларының өзіндегі эволюция, өзгерістер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет